Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Әлемдегі ең бай 50 адамның тізімі жарияланды

Weaith-X басылымының қызметкерлері әлемнің ең бай елу адамының тізімін құруға көмектесетін зерттеу жүргізді. Бұл шара Business Insider сайтымен бірлесіп атқарылды.

Рейтингтегі бірінші қатарды Microsoft корпорциясының негізін қалаушы және оның ірі акционері Билл Гейтс иемденді. Оның байлығы 87,4 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр.

Екінші орынды  жетпіс тоғыз жастағы Испания тұрғыны Амансио Ортегу еншіледі. Оның капиталы -  66,8 миллиард АҚШ доллары. Үштікті  сексен бес жастағы Құрама Штаттар азаматы Уоррен Баффет түйіндеді. Оның қаржылық әлеуеті 60,7 миллиард долларды құрайды, деп хабарлады Wealth-X басылымы.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2865014

0
0
193

Осы тақырып бойынша

Әлемдегі ең бай 50 адамның тізімі жарияланды - Yvision.kz