Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Вьюга-16 –Тәуелсіздік Кубогі» мұздағы автожарысы

Усолка өзені аймағында қысқы жекпе-жек автожарыстан «Вьюга-16 –Тәуелсіздік Кубогі» ашық біріншілігі өткізілді. Жарысты  «RedZone» Қоғамдық Ұйымы Павлодар қаласының әкімдігі, «Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ және «Павлодар қаласының спорт және туризм басқармасы» ММ-нің көмегімен ұйымдастырды.

Бәйгеде оза жабамын деушілердің арасында кәсіпқой автошабандоз бен қарапайым әуесқой автомобильші де бар. Жарысқа Ақсу, Екібастұз, Павлодар ауданынан 30-дан аса қатысушы келген. Олар автокөліктің бірнеше санаты бойынша бақ сынасты- «алдынғы привод», «артқы привод» және «PRO».

Барлық санат бойынша Павлодар қаласының шабандоздары жеңіпмаз атанып, бірінші орынды иеленді. Олар - Сергей Ковтун (Пежо 106 автокөлігі), Максим Тюменев (Ваз 2102), Станислав Чигрин (MMC Lancer Evolution).

Жарыстың қорытындысы бойынша «Тәуелсіздік Кубогін» «PRO- моно» және «PRO-толық привод» санаты бойынша Фоминских Максим жеңіп алды.

Ақпаратты ұсынған

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы.

0
0
381

Осы тақырып бойынша

«Вьюга-16 –Тәуелсіздік Кубогі» мұздағы автожарысы - Yvision.kz