Қазақстандағы «түрмедегілердің санын» азайту бағытындағы шаралар жайлы
Олжас Байканов,
Бас прокуратураның 7-ші Департаментінің
бөлім бастығы
Бас Прокуратура барлық құзырлы органдар бірлесіп қылмыстық-атқару жүйесін реформалауға қатысты бірқатар жұмыстарды жүргізуде.
Қазақстан 1990-ы жылдары түрмедегілердің саны бойынша АҚШ-тан және Ресейден кейін бірінші үштікте болса, 2000 жылдың басында әлемдегі 220 елдің арасында 19-ы орынды иемденіп, бұл сотталғандарды түзету бойынша пенитенциарлық жүйенің тиімділігінің төмен екендігін көрсетті.
