Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақышевтің 100 күні

"Алға, Қазақстан" Жалпыұлттық қозғалысы.

Қымбатты Отандастар!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 5 институционалдық реформада мемлекеттік қызметке ерекше көңіл бөліп отыр. Ол заңды талап. Себебі, қандай ұлы мақсатқа құрылған реформа болса да, егер мемлекеттік қызмет сапалы жұмыс жүргізбесе, оның іске аспайтынын өмір тәжірибесі көрсетті. Бірақ, мемлекеттік қызметтің жұмысына қоғам тарапынан қадағалау болмаса, қызмет сапасы түзелмейді. Сондықтан, мемлекеттік қызмет жүмысына қадағалау жасап, халық арасында жан-жақты талқылап отыру абзал. Соның ішінде саяси басшылардың жұмысы халық назарынан тыс қалмағаны жөн.

Бүгін біз сіздердің талқылауыңызға Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевтің, банкті басқарған 100 күн ішінде "халық мүддесі үшін" жасаған негізгі өзгерісін халық талқысына ұсынамыз.

Валюта айырбастауда, валюта бағасының ауытқуы АҚШ доллары үшін 2 теңгеден 6 теңгеге, ал Евро үшін 3 теңгеден 7 теңгеге дейін көтерілді. Бұл өзгерісті Ақышев, айырбас бекеттері зиянға түспес үшін істелген шара деп көрсетті.

Ал, бұл шара халыққа қаншалықты тиімді?!

Ұлттық банктің төрағасы валюта айырбасымен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен банктер емес, жалпы халық төлем төлеуге қабілетті болған жағдайда ғана экономиканың дамитынын білуге міндетті. Ал Ақышевтің ісі, оның халық жағдайы туралы ойлайтынына күмән келтіреді. Ақышевтың банктердің сойылын соғуы да, оның халық алдында адалдығына нұқсан келтіреді. Ақышев, егер халықтың мүдессіне қайшы келетін саясатын жалғастыра берсе, оның орнынан кетуі талап етіледі. Банкирлердің қалтасын халықтың есебінен толыруға жол жоқ! Бұрынғы Ұлттық банк төрағасы К.Келімбетов сияқты, халықты алдап соғуға жол берілмейді!

Ал, қазіргі талап, валюта айырбасындағы ауытқуды 2 және 3 теңге деңгейіне қайтаруды талап етуге шақырамыз!

Сын түзелмей, мін түзелмейді!

Бірлік болсын халайық!

Алға, Қазақстан!

Сауалнама:

Валюта бағамының ауытқуы қандай деңгейде болғаны халыққа тиімді?

0
0
268

Осы тақырып бойынша

Ақышевтің 100 күні - Yvision.kz