Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамыту қажет
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында тұлғаны қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу керектігі аталып өтілген.
Сонымен, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мен құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті қызметкерлерімен Орал қалалық жалпы білім беретін мектептерінде сыныптан тыс іс-шаралар тұрақты түрде өтіп тұрады.
2016 жылдың 10 ақпанда осындай шаралардың бірі №39 жалпы білім беретін мектебінің базасында «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында өткізілді.
Іс-шараға мектеп мұғалімдері, ата-аналар, сонымен қатар 8-9 сынып оқушылары қатысты.
Оқушылар үш топқа бөлінді. Олар топпен өмірлік жағдайларды, ребустар мен тапсырмаларды шешті. Сондай-ақ 9 сынып оқушылары әділдік пен өтірік туралы театрландырылған қойылымдарын көрсетті.
Іс-шараға Департаменттің өкілі М.Харесова қатысып, өз сөзінде балалардың ерте жастан жақсы мен жаманды айыра алатын түсінік қалыптасатындығы белгілі. Дәл осы жаста оларға жемқорлықтың – ол қылмыс, ол әлеуметтік жамандық екендігін түсіндіру маңызды. Бұндай әлеуметтік жамандықты, феноменді қабылдамау принципі қалыптасқан толық ұрпақ өсіру үшін біз сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыруда жұмысты жас кезден бастау қажет екендігін атап өтті.
Сабақ соңында оқушылар Департамент өкіліне сұрақтарын қойып және сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістері жөнінде өз ойларын білдірді. Ал ата-аналар, өз кезегінде еліміздің нағыз азаматын тәрбиелеуде көмек көрсетіп жатқанымыз үшін алғыстарын білдірді.
