Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

есте қалған бір жағдай...

2014 жылдың қараша айында болған жағдай еді...
Астана, таңертең, әжептеуір аяз бар, өз аялдамамнан түсіп жолдың арғы бетіне өту керек, зебрадан (пешеход) өтіп бара жатып жасы 50-55 тен асқан, қолында екі пакеті бір қазақ ападан(әже) озып кеттім. Жұмыс орныма 300-400метрдей бар, артыма қарасам әлгі кісі менің бағытыммен жүріп келеді, аяғын сілтіп басады екен, көмектесуге ұсыныс жасадым,  ұсынысты қуана қабыл алды. "осылай қарай ма?" - деп өз бағытымды көрсеттім, шаршағаны көзінен ақ көрініп тұрған ол кісі "ия"деп бір күлімсіреді. Біраз жүріп озып кеттім, арқамнан әзер-әзер ілесіп кележатты. Сәл кідіріп:

Мен: Қайда барасыз?

Апа: Почтаға.

Мен: Онда жүріңіз, Почтаға дейін жеткізіп салайын.

Апа: Ой жарығым сол, рахмет саған

Мен: Мен үшін түк емес Апа.

Апа: Балама анау мынау салайын деген едім түрмеге

Мен: ааа - деп қоя салдым. Ары қарай әңгімені жалғастыруға дәтім бармады. Апаны жеткізіп салдым да, сол күннен бері осы жағдай есімнен еш кетер емес. Ең алдымен өзіме бір сабақ ретінде қабылдадым осы жағдайды. Және де басқа қандастарымда өздеріне сабақ алса екен деген ниетпен бөлісіп отырмын. Аналарымыз барында олардың қабағына кірбің түсірмейік. Аналарымыз аман болсын!!!

     

Қиын болмаса бөлісе отырыңыздар.

1
0
494

Осы тақырып бойынша

есте қалған бір жағдай... - Yvision.kz