Маған солай, білмеймін сізге қалай...
Соңғы курстың алғашқы семестрінің барлық сабағын беске жапқанына қуанған ол, ата-анасында тезірек қуантқысы келіп, енді үйге қайтатын күн мен сағатты санай бастады. Асыққаны соншалық, әншейінде демалып баратын қыз енді ешбір жерге тоқтамастан, бір көліктен кейін бір көлікті артқа тастап зулап кете барды. Бес жарым сағат. Комплекстен де асты, жүрегі үйіне жеткеніне қуанып, ішкі дүниесі қазір біреу не айтса да уәде беріп, келісіп, барлығын жасап беруге келісетіндей күйде еді. Өз көшесіне де келіп, ашылып тұрған варотадан кіріп, жылдам түсе бастады.
Анасын құшақтауға ұмтыла бергені сол еді, -қызым алдымен атаң мен әкеңе амандас, деді. Сол жағында, орындықта отырған атасы ренжіп сөйлеп отыр -бірінші мамасына барады иттің қызы... немересі -атау! деп құшақтай бергені сол еді жаңағы айтқан сөздерін теріске шығарып -атасының иісі, атасының ақмүшегі, оқуыңды жақсы жаптың ба? қалай келдің ? деп сағынышын білдіріп жатыр. Әкесі өзінің тік мінезімен сағынған қызын бетінен сүйдірмей-үстім шаң , деп күлімсіреп қояды. Енді кезек жан жүрегімен жақсы көріп, күнде звондап сөйлесе беретін тәп тәтті інісіне де келді. Көзі домаланып аппақ боп, сүп сүйкімді болып тұрған інісін құшақтап, көтеріп, иіскелеп, қошақаным сол, тәтесінің шоколады, тәтесінің мороженоесі, тәтесінің красавчикі деп еркелете екі бетінен кезек-кезек сүйіп жатыр. -Болды енді тоңасың үйге кір, деді анасы, арқа жағына бұрылып анасын құшақтады. Ана құшағы әрқашан ерекше бөлек, жаныңа дем беретін, ыстық жан жылуығой.
Анасы әдетінше дастарханды жәйнатып қойыпты. Қызын емес, үлкен сыйлы қонақ күтейін деп жатқандай. Үйдің чайына, үйдің иісіне не жетсін шіркін. Бұрынғыша барлығы отбасымен дастархан басында әңгіме дүкен құрып, үйдегілер жаңалықтарын айтып, мәз мейрам.
Сол күн кешке дейін інісі ары бері сүйреп, ұйқыға кеткенше, әбден шаршағанша әпкесінің мойнына асылып, айтқанын істетіп әуреге салды. Кешкі асқа анасы қызының сүйікті асының барлығын дерлік әзірлеп қойыпты. Енді дастархан басына үлкен кісі, атасы келіп асты бастағанын күтіп отыр. Соғысқа қатысқан атасы кәртейгеннен бері, шыққан екі аяғы қақсап болмай, ауырсынып, жүруі баяулап кеткен еді. Ол кісі келіп болғанша бұзық сіңілісі келіп тамақты бастап кетті. -Атаң келсін күте тұр, дегенге -атамды қазір мен бағып жатырмын сондықтан маған рұқсат, деді. Дастархан басындағылар күліп қалды.
Кешкі асты ішіп болғаннан кейін, стол үстін реттеп, жуатын ыдыс аяқтарды жуып жатып, бәрі хабар көруге кеткенде, анасы екеуі бөлек шүйіркелесіп алды. Әңгімелесіп отырып, сағаттың қалай алдыға жылжығанын да байқамады. Анасы: -қызым әңгіме бұзау емізеді бұзау таяқ жегізеді, қой ертерек демалайық, ертең атқарар шаруалар көп... бөлмесіне қарай аяңдады.
Жұлдыздар, таза ауа, салқын жел есіп, алыстан әр бір жерде ысқырған дыбыстар мен иттердің үргені естіліп жатты. Есік алдынан қырт-қырт қар басып өтіп бара жатқан екі адамның аяқтары айдың жарығынан байқалады. Аспанға қарап, терең дем алып, барлығына шүкіршілік айтып, үйге кіріп төсегіне жатты. Бұл жолы лезде ұйқыға кетпей әр нәрсені бір ойлап жүрегі ауырып дөңбекшіп жатыр
Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып
Толқын кетіп барады , толқынды атып
Бәрі келіп, тоғысып
Жүрегімнің
Жағалауын тебеді солқылдатып
Соққанда кеп миымның жар қабағын
Бір минуттық тынымға зар боламын
Менің жарық дүнием шуағыңды
Ала кетсем деймін де қарманамын....... орнынан атып тұрып жүгіріп далаға шықты. Жүрегі дүрсілдеп басылар емес. Япыр-ай, Алматыда жүргенде ештеме ойламай тез ұйқыға кетуші едім. Әлде ғаламтор желісінде отырғаннан уақытым тез өте ме? Неге дәл үйіме келген сәтте осылай болады? Әлде осы бөлмеде бірдеңe барма? Неге? Ертең әкеме айтып бөлмені арша жағып аластатпасам...
Ертесі түн де солай болды, көп зат ойлады, күрсінді, көп ойланды
Неге мен үрейленем түнге қарай
Маған солай, білмеймін кімге қалай
Күнде өмір түнде дамыл түсінбеймін
Мойынымды бұрсам екен кімге қарай?
Сондағы ойлағаны, үйге келген сәтте әкесі мен анасының өзі үшін зыр қағып жүгіріп жүргенін қарап, осындай керемет ата анасына осы жасқа келгенше бір де бір үлкен көмегі болмағанына қатты қынжылған еді. Осы жақта әке-шешесі қызы үшін жанталасып, қызмет істеп, қыздарының оқуы үшін күні-түні дем алмай ақша тауып жүргенде, қызы сол ақшаны құрбыларының туылған күніне сыйлық алып немесе болмайтын достарына таратып жүрген еді. Сонымен қоса атасының советтік оймен қалғанын да ойлайтын еді....
Ал қазір күнде түнде үлкендердің үмітін қалай да ақтауды, інісі мен сіңілісінің болашағын ойлап, өзіне дем беретін анасының бауырларына да қалай да жақсылығын қайтаруды ойлап таң атқанша көз ілмей шығады.
P.s. Ғаламторда көп отырып уақыт кетірмей, пайдасыз жәй ғана бес он минутқа сізді күлдіртетін видеоларды көргенше немесе мән мағынасы жоқ жүректеріңізді ауыртатын серил көргенше, сол уақытты өзіңізді, әке-шешеңізді, аға-іні, әпке-қарындастарыңызды немесе балаңыздың болашағын ойлап өткізіңіз сонда сізде компьютер мен сотканы жауып қойып істейтін істеріңіз көп болады.
