Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда еңбек машықтарын дамыту мен жұмыс орындарын ынталандыру бойынша жоба басталды

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова, Дүниежүзілік банктің Білім беру департаментінің бас директоры Клаудия Костин, Дүниежүзілік банктің Білім беру департаментінің  «Еуропа және Орталық Азия» аймағы бойынша жетекшісі Марио Кристиан Аедо ҚР-дағы жұмыспен қамту нәтижелерін жақсартуды қарастыратын «Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын бастады.

Шараға денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, білім және ғылым, қаржы министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және ҚР Кәсіподақтар федерациясының өкілдері қатысты.

Аталған жоба 2014 жылғы ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тобының Серіктестік туралы шектелмелі келісімін жүзеге асыру аясында іске асырылатын болады.

Көрсетілген келісімге сәйкес, бірқатар жобаларды халықаралық қаржылық ұйымдармен бірге іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (100 млн. АҚШ доллары) мен республикалық бюджеттің ортақ қаржыландыруы (37 млн. АҚШ доллары) есебінен жүзеге асыру жоспарланып отырған «Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы да бар.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім («Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы)  2016 жылғы 5 ақпанда ҚР Заңымен ратификацияланды.

Жоба мақсаты:

- Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғарғы білім беру бағдарламалары мен оқыту өзектілігін арттыру;

- мақсаттық бенефициардың еңбек машығы мен жұмыспен қамтылуы саласындағы көрсеткіштерін жақсарту, еңбек нарығында талап етілетін біліктілігі бар жоғары білікті мамандарды дайындау;

Жобаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже – экономикалық дамудың перспективалы міндеттеріне жауап беретін, жоғарғы технологиялы өндіріс ерекшеліктеріне сай заманауи біліктілік жүйесін құру, сонымен бірге, нарықтағы сұраныс пен ұсыныс сәйкессіздігін төмендететін еңбек нарығындағы ұсыныстарды қазіргі таңдағы сұранысқа сай дамыту.

Жобаны 2020 жылғы 30 маусымда аяқтау жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылғы 15 наурызда Астанада денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, білім және ғылым, қаржы министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері үшін жобаны жүзеге асыру бойынша семинар өткізіледі.

 
0
0
348

Ана тілімді шеттетпеймін

Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылданғанына енді ғана он күн толып отыр. Қазір осы бағдарламаны орындаудың әрбір қадамы ойластырылуда. Сондықтан алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы әлі халық алдында ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен, маған осы бағдарлама туралы кейбір сұрақтар түсіп жатыр. Оның басым бөлігі қазақ тілі және келешегі туралы. Қысқаша айтсам, бағдарламада қазақ тілінің қолданысын шектеуге немесе кейбіреулер айтқандай, оны жою туралы қандай да бір мақсат жоқ. Мен іс басына қазақ тілін – өзімнің ана тілімді шеттетейін деген оймен келгенім жоқ.
Қазақ мектептерінде оқыған жастардың әрі қарай сапалы білім алуының шектеулі екенін көріп отырмыз. Мысалы, біздің ең жоғары ағылшын тілінде дәріс беретін Назарбаев Университетіне, ҚМЭБИ, ҚБТУ, IT университеттеріне ауыл жастарының түсуіне біраз қиыншылықтардың бар екенін өзім көрдім. Ол – бір.
Екіншіден, бізде орыс тілінде оқытатын мектептер де бар. Онда көптеген қазақ жастары оқиды. Шынын айтсақ, сол қазақ жастарының көбі қазақ тілін дұрыс білмейді, дұрыс түсінбейді. Осы себептерге байланысты біздегі білім алу жүйесінде тепе-теңдік жоқ. Жастардың бәрі бір деңгейде сапалы білім алуына жағдай жасалмаған. Біздің мақсатымыз – осындай қайшылықтарды жойып, жастарға, әсіресе, ауылда жүрген жастарға, бәріне бірдей сапалы, заман талабына сай білім беру.
Әлемдегі ғылым жаңалықтарын қазақ тіліне аудару керек дейді кейбір ағайындар. Дұрыс-ақ болар еді. Бірақ әлемде біздің жастарға керек, күніне мыңдап емес миллиондап шығып жатқан ғылым мен өмір жаңалығын дер кезінде қазақ тіліне аудару, тіпті мүмкін емес. Оған қаражат та, басқа мүмкіндіктер де жоқ. Оның қиындығын француздар да түсініп отыр. Бұрын олардың мектептерінде ағылшын тілі оқытылмайтын. Қазір оны оқыту заң түрінде барлық мектептеріне енгізілді. Бізге де тиімді жол осы деп есептейміз. Қазақ жастарына, әсіресе, ауыл балаларына өз ана тілімен қатар ағылшын тілін үйретсек, сонда ғана олар өздеріне қажетті білімді әлем кеңістігінде дер кезінде және еркін таба алады. Оларға ең тиімді жоғары оқу орындарына жол ашылады. Ал қазақ тілі туралы айтар болсақ, бізде ана тілімізді жан-жақты, жедел, тиімді үйрететін әдістеме жоқ. Осындай әдістеменің жоқтығынан біздер мектепте қазақ тілін айлап, жылдап оқытсақ та, тиісті нәтиже шығара алмай келеміз. Сондықтан қазақ тілін жедел меңгерудің әдістемесін жасауымыз керек. Осы мақсатқа ғылым бағдарламасының маңызды бөлімі ретінде тиісті қаржы бөлу көзделіп отыр. Бұл – өте маңызды мәселе. Ол мектептерде қазақ тілін оқытудың маңызын тек оған бөлінген сағаттармен ғана өлшеп қоймай, берілетін білімнің сапасы арқылы бағалауға жол ашады. Сондықтан қазақ тілі пәнінің тәжірибелі ұстаздарын шетелдерге жіберіп, ондағы тілді үйретудің тиімді әдістемелерімен таныстыру көзделіп отыр. Осының арқасында тек қазақтарға ғана емес, еліміздегі басқа ұлт өкілдеріне де қазақ тілін кеңінен тиімді әдістеме арқылы оқыту жүйесі ұсынылады.

Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылданғанына енді ғана он күн толып отыр. Қазір осы бағдарламаны орындаудың әрбір қадамы ойластырылуда. Сондықтан алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы әлі халық алдында ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен, маған осы бағдарлама туралы кейбір сұрақтар түсіп жатыр. Оның басым бөлігі қазақ тілі және келешегі туралы. Қысқаша айтсам, бағдарламада қазақ тілінің қолданысын шектеуге немесе кейбіреулер айтқандай, оны жою туралы қандай да бір мақсат жоқ. Мен іс басына қазақ тілін – өзімнің ана тілімді шеттетейін деген оймен келгенім жоқ.
Қазақ мектептерінде оқыған жастардың әрі қарай сапалы білім алуының шектеулі екенін көріп отырмыз. Мысалы, біздің ең жоғары ағылшын тілінде дәріс беретін Назарбаев Университетіне, ҚМЭБИ, ҚБТУ, IT университеттеріне ауыл жастарының түсуіне біраз қиыншылықтардың бар екенін өзім көрдім. Ол – бір.Екіншіден, бізде орыс тілінде оқытатын мектептер де бар. Онда көптеген қазақ жастары оқиды. Шынын айтсақ, сол қазақ жастарының көбі қазақ тілін дұрыс білмейді, дұрыс түсінбейді. Осы себептерге байланысты біздегі білім алу жүйесінде тепе-теңдік жоқ. Жастардың бәрі бір деңгейде сапалы білім алуына жағдай жасалмаған. Біздің мақсатымыз – осындай қайшылықтарды жойып, жастарға, әсіресе, ауылда жүрген жастарға, бәріне бірдей сапалы, заман талабына сай білім беру.Әлемдегі ғылым жаңалықтарын қазақ тіліне аудару керек дейді кейбір ағайындар. Дұрыс-ақ болар еді. Бірақ әлемде біздің жастарға керек, күніне мыңдап емес миллиондап шығып жатқан ғылым мен өмір жаңалығын дер кезінде қазақ тіліне аудару, тіпті мүмкін емес. Оған қаражат та, басқа мүмкіндіктер де жоқ. Оның қиындығын француздар да түсініп отыр. Бұрын олардың мектептерінде ағылшын тілі оқытылмайтын. Қазір оны оқыту заң түрінде барлық мектептеріне енгізілді. Бізге де тиімді жол осы деп есептейміз. Қазақ жастарына, әсіресе, ауыл балаларына өз ана тілімен қатар ағылшын тілін үйретсек, сонда ғана олар өздеріне қажетті білімді әлем кеңістігінде дер кезінде және еркін таба алады. Оларға ең тиімді жоғары оқу орындарына жол ашылады. Ал қазақ тілі туралы айтар болсақ, бізде ана тілімізді жан-жақты, жедел, тиімді үйрететін әдістеме жоқ. Осындай әдістеменің жоқтығынан біздер мектепте қазақ тілін айлап, жылдап оқытсақ та, тиісті нәтиже шығара алмай келеміз. Сондықтан қазақ тілін жедел меңгерудің әдістемесін жасауымыз керек. Осы мақсатқа ғылым бағдарламасының маңызды бөлімі ретінде тиісті қаржы бөлу көзделіп отыр. Бұл – өте маңызды мәселе. Ол мектептерде қазақ тілін оқытудың маңызын тек оған бөлінген сағаттармен ғана өлшеп қоймай, берілетін білімнің сапасы арқылы бағалауға жол ашады. Сондықтан қазақ тілі пәнінің тәжірибелі ұстаздарын шетелдерге жіберіп, ондағы тілді үйретудің тиімді әдістемелерімен таныстыру көзделіп отыр. Осының арқасында тек қазақтарға ғана емес, еліміздегі басқа ұлт өкілдеріне де қазақ тілін кеңінен тиімді әдістеме арқылы оқыту жүйесі ұсынылады.

Ерлан Сағадиев, Білім және ғылым министрі

(алғашқы баспасөз хабарламасынан)

 

http://jasqazaq.kz/2016/03/11/ana-tlmd-shettetpeymn.html

6
0
520

Қыздар арасында Құран жарысы өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен мамыр айының 7-8 күндері «Нұр-Мүбарак» университетінде тұңғыш рет қыздар арасында Құран жарысы өтеді.

Бұл туралы www.muftyat.kz. хабарлады
Жүлде қоры - 3 500 000 теңге.

Бұл туралы www.muftyat.kz. хабарладыЖүлде қоры - 3 500 000 теңге.

 

http://aikyn.kz/ru/news/show/21602-_yzdar_arasynda_ran_zharysy_ted_

6
0
512

Бүгін — Халықаралық өзен, су және өмір үшін бөгеттерге қарсы күрес күні

1997 жылы наурызда Бразилияның Куритиба қаласында ірі бөгет құрылыстарын салуға қарсы бағытталған бірінші Халықаралық конференция өтті.
Конференцияның шешімімен наурыздың 14-і Өзен, Су және Өмірді қорғау үшін бөгеттермен күрес күні деп бекітіліп, жыл сайын атап өтілетін болды.
Халықаралық Пи санының мейрамы
Пи саны - шеңбер ұзындығының байланысын диаметр ұзындығына білдіретін математикалық константа. Пи-дің сандық мағынасы 3,141592 деп басталады және шексіз математикалық жалғасы бар.
ҚазАқпарат

1997 жылы наурызда Бразилияның Куритиба қаласында ірі бөгет құрылыстарын салуға қарсы бағытталған бірінші Халықаралық конференция өтті.Конференцияның шешімімен наурыздың 14-і Өзен, Су және Өмірді қорғау үшін бөгеттермен күрес күні деп бекітіліп, жыл сайын атап өтілетін болды.Халықаралық Пи санының мейрамыПи саны - шеңбер ұзындығының байланысын диаметр ұзындығына білдіретін математикалық константа. Пи-дің сандық мағынасы 3,141592 деп басталады және шексіз математикалық жалғасы бар. ҚазАқпарат

http://aikyn.kz/ru/news/show/21608-b_g_n_-_haly_araly_zen_su_zh_ne_m_r_sh_n_b_getterge_arsy_k_res_k_n_

6
0
828

Наурыз мейрамын жаңаша өткізудің тұжырымдамасынан

Наурызды ежелгі түркілік онекімүшелдік күнтізбеге қатыссыз қарай алмаймыз. Бұл мерекелік рәсім – аталған дүниетанымға негізделген Уақыт пен Кеңісті әмбебап онекімүшелдік жүйеге жіктеудің бір көрінісі

3. Наурыз бен түркілік миф
Жалпы алғанда, түркілік ғаламдық танымды паш ететін мынадай мифтік көріністен аттап өтуге болмайды. Ол көрініс мифологиялық арқау ретінде түркілік ертегілерге тән болып келеді. Айдалада бәйтерек өсіп тұрады, оның басына ұя салған самұрық құс тұрады екен, бірақ самұрықтың балапандарын жалмайтын айдаһар бәйтеректің түбінде мекендейді. Сөйтіп, айдаһарды өлтіретін асқақ батыр туылмайынша, самұрық бұл тажалдан құтылмайды екен. Батыр туылады, айдаһармен айқас болады, жігіт жеңеді, самұрық оның мұратына жетуге қызмет етеді. Міне, бұл – типтік мифологиялық арқау.

Бұл жерде әңгіме әдеттегідей Жақсылық пен Жамандықтың күресі турасында емес, ғалам мен адамның қарым-қатынасы жөнінде. Бәйтерек – адамзаттың арманы, аңсары, Көкке өрлеу жолы, ғұмыры. Бәйтерек – түркілік танымдағы ғаламдық ағаш. Ал, бәйтеректі орап жататын жылан кейіпті жеті басты айдаһар – Уақыт. Айдаһардың жеті басты болуы оның о бастан аса жетілген ғаламдық құдыретті дүлей (стихия) екендігінде. Жеті санымен түркілер құдыретті кемелдікті таныған. Ал, самұрық – Бақ құсы, адамның мұраты, арманға жеткізер «көлігі»! Уақыттың талай тажалына төзген адам ғана мұратқа жетеді, Көкке самғайды, Жоғарғы әлемге тиесілі деген даналық жатыр бұл әфсанада. Міне, осы мифарқаудағы бәйтерек Наурыз рәсімінде Йол (жолтерек, бақан) ретінде кейіптелсе, ал айдаһардың рөлін «йолды» айнала тізбектелген адамдар атқарған. Бұл кейін христиандық Туылыс/Рождество мейрамының ғұрпы мен атрибутына айналды. Бір қызығы, қол ұстасқан адамдар он екі айдың немесе он екі мүшелдік жылдың болмаса үш жүз алпыс бес күннің кейпінде билеп айналған деп топшылаймыз. Мұндағы Жер мен Көкті жалғаушы Бәйтерек – Кеңістің бейнесі де, ал айдаһар – Уақыттың кейпі. Кеңіс геометриялық жағынан (ұзындық, ендік, биіктік) үшөлшемді болса, ал мифтік кеңіс те үшөлшемді: жоғарғы (бас), ортаңғы (бел), төменгі (аяқ). Біз атаған мифологиялық аңыз бен Наурыздың мазмұны барынша жуық. Бұл аңыз, адам көзімен қарағанда жауыздық пен бауырлықтың арбасуы болғанымен, түпкі идеясы ғаламдық үйлесімді паш ету. Міне, Наурыз – сол үйлесімге қызмет етудің басты рәсімі еді.

4. Наурыз бен түркілік күнтізбе
Адам баласы Уақытты есептеу мен бағалай білгеннен бастап, бейнелі ойлау қабілеті туған сәттен Наурызды мерекелеу қажеттігі туындаған болар. Бізді осындай ойға жетелейтін бес мың жыл бұрынғы Алматының солтүстік батысындағы 170 шақырым жердегі Аңырақай тауындағы жартаста қашалған ежелгі суреттер. Онда жер бетілік мақұлықтардан бірнеше есе ірі екі тұлға бейнеленіпті: оң жағында күндидарлы адамкейіпті киелі тұлға бері қарап тұр, бұл «Тәңір» аталып жүрген жарқын күш болса керек, оның сол жағында әрі қарап, түндидарлы сайтанкейіпті – Ыңыр (Іңір – бұл қазақтарда күн батқаннан кейінгі кеш түскен уақытты білдіретін ұғым түрінде қалған); олардың ортасында сағат тіліне қарсы бағыт бойынша Сиыр жылының төрт маусымы бейнеленген: жаңа туған бұзау, оның үстін ала баспақ жайылып тұр, ал оның сол жағында семіз де мүйізі қарағайдай ірі бұқа Тәңірге қарап тұр да, оның астын ала мүйізі түскен, ауру да көтерем сыйыр тәлтіректеп тұр. Бұл сәйкес түрде бейнеленген жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз және қыс. Бұлардың бәрінің астында түрлі айуан бейнесіндегі он екі адам билеп жүр. Бұл – ежелгі наурыз мерекесінің рәсімі, жоралғысы! Бұл – сиыр жылының Наурызын мейрамдау көрінісі! Бұл – Күн мен Түннің теңесу сәті.

Наурызды ежелгі түркілік онекімүшелдік күнтізбеге қатыссыз қарай алмаймыз. Бұл мерекелік рәсім аталған дүниетанымға негізделген Уақыт пен Кеңісті әмбебап онекімүшелдік жүйеге жіктеудің бір көрінісі. Бұл жүйе бойынша адам мен айуан денесінің он екі мүшеден тұруы ғаламдық құрылымның он екілік жүйесінен алынған.

Толығырақ оқу


2
0
4048

Утверждены сроки приема документов на стипендию «Болашақ»

Приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 10.02.2016 года № 141 утверждены сроки приема документов для участия в конкурсе на присуждение международной стипендии «Болашақ».

Прием документов для текущего года будет проходить в три этапа:

  • с 11 апреля по 13 мая 2016 года;
  • с 13 июня по 29 июля 2016 года;
  • с 15 августа по 30 сентября 2016 года.

Конкурс на присуждение стипендии будет проведен в период с 10 мая 2016 года по 10 января 2017 года.

Кроме того, приказом Министра утвержден список ведущих зарубежных высших учебных заведений, зарубежных организаций, рекомендуемых для обучения, прохождения языковых курсов победителями конкурса на присуждение международной стипендии «Болашақ» на 2016 год, а также перечень родственных специальносте й для обучения за рубежом в рамках международной стипендии «Болашақ» на 2016 год.

За подробной информацией перейдите по ссылке: Сроки приема документов

1
0
423

Интернетте ақша жасауды үйреніңіз!

Интернетте ақша табуға көп адамдар қызығады бырақ кәзіргі уақытта интернетте табыс табудың жолдары көп және жалғандарыда көп.

Мен сіздерге ең тиімді және ең адал жолын үйрететін болам интернетте өз енбегіңізбен адал ақша табуды үйренетін боласыз.

Интернетте Инфобизнес деген сала бар ол әр-кім өзі білген мәліметті интернет арқылы сататын болады және сіздін мәлімет инфопродукт деп айтылады.

Инфобизнес пен айналысу үшін ең алдымен не ісеу керек?

Ең алды мен сайт жасауды үйрену керек болады

Сайт жасауды қай жерден үйренеміз?

Сайт жасау үшін сіз түрлі-түрлі кодтарды жаттаб жүруіңіздің қажеті жоқ мен сіздерге арнайы сайт жасайтын бағдарламада нөлден бастап үйрететін болам бийне сабақ жайлы мәліметті мына жерден білесіздер

Бийне сабақ төлығырақ

 
1
0
659

Бүгін жігіттерден естіген бір ақылымды бойдақ ‪#‎жақсықыз‬ -дарға айтсам...

Бүгін жігіттерден естіген бір ақылымды бойдақ ‪#‎жақсықыз‬ -дарға айтсам... Алда демалыс күндері. Мүмкін бір танысу кештері, кездесу сәттері болып қалар: КҮЛІМДЕП ЖҮРІҢІЗ!
Жігіттер көңілі жайма шуақ, "позитиві ұрып" тұрған қыздарды өте жақсы көреді. Күлімдеп жүрген адамның жүзі жылы, көзінде мейірім болады. Бастысы - ол өмірге, бастығына, мемлекетке, тіпті, жып-жылы болып тұрып, лезде суып кеткен күн райына, мүлдем ештенеге ызалы емес.
Жігіттер болса, анау-мынау проблеманы бір ойлап, онсызда басы қатып жүреді. Және өздері сияқты депреснякка ұшыраған, оқуын, жұмысын, кредитін ойлап, әбден шаршап кеткен қарындас оған... жо-жооқ, мүлдем қажет емес. 
Қыз баланың жанында жігіт қаумалап алған проблемаларды ұмытқысы келеді. Сізбен жана танысса да, бұрыннан білсе де, дәл осы кездесуден ол ләззат алып қайтпақшы. 
Күлімдеп жүріңіз. Қабақ түймеңіз (әжім түседі) Күлімдеуден тек қана достық емес, махаббат та бастау алатынын ұмытпаңыз!

4
0
449

Демалыс күндері ұзағырақ ұйықтау денсаулыққа пайдалы

Зерттеушілер демалыс күндергі екі түндегі ұзақ ұйқы пайдалы деп отыр, өйткені қалған жұмыс күндері дұрыс қанбай қалған ұйқының салдарынан пайда болатын қант диабетінің екінші түрінің қауіпін азайтады.

Зерттеуге дені сау 19 жас адам таңдап алынған. Бірінші топқа 4 түн бойы сегіз сағаттан ұйықтауға рұқсат етілген. Екінші топтағыларға 4 күн қатарынан 4,5 сағат қана ұйықтауға мүмкіндік берілген. Кейін оларға екі күн қатарынан 10 сағаттан ұйықтауға рұқсат етіліпті. Бұдан соң зерттеушілер тәжірибеге қатысқандардың инсулинге сезімталдығын тексерген.

Төрт күн қатарынан ұйқылары қанбағандардың диабетке шалдығу қатері 16 пайызға өскен. Алайда олар тағы да екі күн ұйқыларын қандырған соң инсулинге сезімталдықтары бұрынғы қалпына келген. Зерттеу жүргізгендер демалыс күнгі ұзақ ұйқы денсаулыққа пайдалы және сусамырдан сақтандырады деген қорытынды жасаған.

ҚазАқпарат

 
4
0
558

Кеше ‪#‎жақсықыз‬ — бен шай іштік.

Кеше ‪#‎жақсықыз‬ - бен шай іштік. Республиканың бойында жаңадан ашылған жақсы кафе екен. Сол мезетте ол өз жігітіне (сөздің шыны керек, жігіті де емес, небары 2-3 рет кездескен) 100 рет хат жазған болар. Ватсап. Сор болды ма, зор болды ма, әзірге пікірім екіжақты. Хат жеткені көрініп тұрады, оқығаны көрініп тұрады, ал жауап жазылмаса, біттің...
Жаным-ау, деймін де, ол сенің жаныңда күні-түн болуға міндетті емес. Жауап бермей жатыр ма, яғни қолы бос емес. Аа, онлайн отыр ма?... Онда басқа біреумен сөйлесіп жатқан болар... Мүмкін жұмыс бабымен. Ал жұмыс бабымен болмаса?! Онда не істейсің? В конце то концов ол - сенің құлың емес! Кімге жазса да, не жазса да өз еркі!
#жақсықыз өзі ұнатса, сол адамға жүз пайыз беріліп кетеді. Барлық бос уақытын сонымен кездесу, сонымен бірге болуға арнайды. Бос емес уақытында, әйтуір звондап, хат жазып тұратыны тағы бар. Дер кезінде тормозға баспасаң, сенің үйіңе көшіп алуға да кет әрі емес екен деп қаласың. #жақсықыз басында барлық жігітке ұнайды. Бірақ, бір-екі кездесуге дейін. Одан кейін ең төзімді деген жігіттің өзі қашып, әрең құтылады. Бұндай "напорды" ешқандай жігіт ұнатпайды!!! Айтып-айтып түсіндіре алмай қойдым. 
Жаныма шейін, сенің өз өмірің қайда? Сен онымен танысқанға дейін қалай өмір сүрдің? Сүрдің ғой? Енді неге сүре алмай қалдың? 
Анау жігіт әлі жауап жазған жоқ. Бұрынғылардың бір іздік жолымен ол да өз жөнін тапқан болса керек.

4
0
577