Ұстаздар мен ата-аналар Елбасы реформаларын қолдайды
2016 жылдың 11 ақпанында Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №138 өнер гимназиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Алматы қаласының Білім басқармасы бірлесе отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары мен 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа заңдар мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңеске Департаменттің, Алматы қаласы Бостандық ауданы білім бөлімінің қызметкерлері, гимназияның ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Қазақстан Республика…
