Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ана тілімді шеттетпеймін

Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылданғанына енді ғана он күн толып отыр. Қазір осы бағдарламаны орындаудың әрбір қадамы ойластырылуда. Сондықтан алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы әлі халық алдында ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен, маған осы бағдарлама туралы кейбір сұрақтар түсіп жатыр. Оның басым бөлігі қазақ тілі және келешегі туралы. Қысқаша айтсам, бағдарламада қазақ тілінің қолданысын шектеуге немесе кейбіреулер айтқандай, оны жою туралы қандай да бір мақсат жоқ. Мен іс басына қазақ тілін – өзімнің ана тілімді шеттетейін деген оймен келгенім жоқ.
Қазақ мектептерінде оқыған жастардың әрі қарай сапалы білім алуының шектеулі екенін көріп отырмыз. Мысалы, біздің ең жоғары ағылшын тілінде дәріс беретін Назарбаев Университетіне, ҚМЭБИ, ҚБТУ, IT университеттеріне ауыл жастарының түсуіне біраз қиыншылықтардың бар екенін өзім көрдім. Ол – бір.
Екіншіден, бізде орыс тілінде оқытатын мектептер де бар. Онда көптеген қазақ жастары оқиды. Шынын айтсақ, сол қазақ жастарының көбі қазақ тілін дұрыс білмейді, дұрыс түсінбейді. Осы себептерге байланысты біздегі білім алу жүйесінде тепе-теңдік жоқ. Жастардың бәрі бір деңгейде сапалы білім алуына жағдай жасалмаған. Біздің мақсатымыз – осындай қайшылықтарды жойып, жастарға, әсіресе, ауылда жүрген жастарға, бәріне бірдей сапалы, заман талабына сай білім беру.
Әлемдегі ғылым жаңалықтарын қазақ тіліне аудару керек дейді кейбір ағайындар. Дұрыс-ақ болар еді. Бірақ әлемде біздің жастарға керек, күніне мыңдап емес миллиондап шығып жатқан ғылым мен өмір жаңалығын дер кезінде қазақ тіліне аудару, тіпті мүмкін емес. Оған қаражат та, басқа мүмкіндіктер де жоқ. Оның қиындығын француздар да түсініп отыр. Бұрын олардың мектептерінде ағылшын тілі оқытылмайтын. Қазір оны оқыту заң түрінде барлық мектептеріне енгізілді. Бізге де тиімді жол осы деп есептейміз. Қазақ жастарына, әсіресе, ауыл балаларына өз ана тілімен қатар ағылшын тілін үйретсек, сонда ғана олар өздеріне қажетті білімді әлем кеңістігінде дер кезінде және еркін таба алады. Оларға ең тиімді жоғары оқу орындарына жол ашылады. Ал қазақ тілі туралы айтар болсақ, бізде ана тілімізді жан-жақты, жедел, тиімді үйрететін әдістеме жоқ. Осындай әдістеменің жоқтығынан біздер мектепте қазақ тілін айлап, жылдап оқытсақ та, тиісті нәтиже шығара алмай келеміз. Сондықтан қазақ тілін жедел меңгерудің әдістемесін жасауымыз керек. Осы мақсатқа ғылым бағдарламасының маңызды бөлімі ретінде тиісті қаржы бөлу көзделіп отыр. Бұл – өте маңызды мәселе. Ол мектептерде қазақ тілін оқытудың маңызын тек оған бөлінген сағаттармен ғана өлшеп қоймай, берілетін білімнің сапасы арқылы бағалауға жол ашады. Сондықтан қазақ тілі пәнінің тәжірибелі ұстаздарын шетелдерге жіберіп, ондағы тілді үйретудің тиімді әдістемелерімен таныстыру көзделіп отыр. Осының арқасында тек қазақтарға ғана емес, еліміздегі басқа ұлт өкілдеріне де қазақ тілін кеңінен тиімді әдістеме арқылы оқыту жүйесі ұсынылады.

Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылданғанына енді ғана он күн толып отыр. Қазір осы бағдарламаны орындаудың әрбір қадамы ойластырылуда. Сондықтан алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы әлі халық алдында ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен, маған осы бағдарлама туралы кейбір сұрақтар түсіп жатыр. Оның басым бөлігі қазақ тілі және келешегі туралы. Қысқаша айтсам, бағдарламада қазақ тілінің қолданысын шектеуге немесе кейбіреулер айтқандай, оны жою туралы қандай да бір мақсат жоқ. Мен іс басына қазақ тілін – өзімнің ана тілімді шеттетейін деген оймен келгенім жоқ.
Қазақ мектептерінде оқыған жастардың әрі қарай сапалы білім алуының шектеулі екенін көріп отырмыз. Мысалы, біздің ең жоғары ағылшын тілінде дәріс беретін Назарбаев Университетіне, ҚМЭБИ, ҚБТУ, IT университеттеріне ауыл жастарының түсуіне біраз қиыншылықтардың бар екенін өзім көрдім. Ол – бір.Екіншіден, бізде орыс тілінде оқытатын мектептер де бар. Онда көптеген қазақ жастары оқиды. Шынын айтсақ, сол қазақ жастарының көбі қазақ тілін дұрыс білмейді, дұрыс түсінбейді. Осы себептерге байланысты біздегі білім алу жүйесінде тепе-теңдік жоқ. Жастардың бәрі бір деңгейде сапалы білім алуына жағдай жасалмаған. Біздің мақсатымыз – осындай қайшылықтарды жойып, жастарға, әсіресе, ауылда жүрген жастарға, бәріне бірдей сапалы, заман талабына сай білім беру.Әлемдегі ғылым жаңалықтарын қазақ тіліне аудару керек дейді кейбір ағайындар. Дұрыс-ақ болар еді. Бірақ әлемде біздің жастарға керек, күніне мыңдап емес миллиондап шығып жатқан ғылым мен өмір жаңалығын дер кезінде қазақ тіліне аудару, тіпті мүмкін емес. Оған қаражат та, басқа мүмкіндіктер де жоқ. Оның қиындығын француздар да түсініп отыр. Бұрын олардың мектептерінде ағылшын тілі оқытылмайтын. Қазір оны оқыту заң түрінде барлық мектептеріне енгізілді. Бізге де тиімді жол осы деп есептейміз. Қазақ жастарына, әсіресе, ауыл балаларына өз ана тілімен қатар ағылшын тілін үйретсек, сонда ғана олар өздеріне қажетті білімді әлем кеңістігінде дер кезінде және еркін таба алады. Оларға ең тиімді жоғары оқу орындарына жол ашылады. Ал қазақ тілі туралы айтар болсақ, бізде ана тілімізді жан-жақты, жедел, тиімді үйрететін әдістеме жоқ. Осындай әдістеменің жоқтығынан біздер мектепте қазақ тілін айлап, жылдап оқытсақ та, тиісті нәтиже шығара алмай келеміз. Сондықтан қазақ тілін жедел меңгерудің әдістемесін жасауымыз керек. Осы мақсатқа ғылым бағдарламасының маңызды бөлімі ретінде тиісті қаржы бөлу көзделіп отыр. Бұл – өте маңызды мәселе. Ол мектептерде қазақ тілін оқытудың маңызын тек оған бөлінген сағаттармен ғана өлшеп қоймай, берілетін білімнің сапасы арқылы бағалауға жол ашады. Сондықтан қазақ тілі пәнінің тәжірибелі ұстаздарын шетелдерге жіберіп, ондағы тілді үйретудің тиімді әдістемелерімен таныстыру көзделіп отыр. Осының арқасында тек қазақтарға ғана емес, еліміздегі басқа ұлт өкілдеріне де қазақ тілін кеңінен тиімді әдістеме арқылы оқыту жүйесі ұсынылады.

Ерлан Сағадиев, Білім және ғылым министрі

(алғашқы баспасөз хабарламасынан)

 

http://jasqazaq.kz/2016/03/11/ana-tlmd-shettetpeymn.html

6
0
477

Осы тақырып бойынша

Ана тілімді шеттетпеймін - Yvision.kz