Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қолбала парламент оған кiмнiң барғанынан халыққа келiп-кетер бiрдеңе бар ма?

Мәжiлiс сайлауына қатысу құқын иеленген 6 партияның өкiлдерi қазiр ел аралап, үгiт-насихат жүргiзiп жатыр. Бәрiнiң айтатыны – “Бiз Қазақстанды көркейтуге күш саламыз. Халықтың жағдайын көтеруге бiлек сыбана кiрiсемiз” дегенге саяды. Көзге таныс бағдарламалар, құлақсiңдi баяндамалар, күлкi шақыратын кездесулер. Ертең “Нұр Отан” партиясының желаяқтай заулатқан күйi көш басына шығатынын халықтың iшi сезiп отыр. Оған билiктiң ыңғайына жығылғыш бiрер партияның iлесетiнi де белгiлi. Сөйтiп, өзiн-өзi таратуды әдетке айналдырған Мәжiлiс қайта жасақталады. Ал одан кейiн ше? Сайлау алдындағы көл-көсiр уәделер орындала ма? Парламент көптiң сөзiн сөйлей ме? Халықтың мүддесi үшiн үкiметпен тiресе ме? Табандап талап қоя ма? Берiсi партияның жетектеуiмен, арысы Ақорданың қалауымен мәжiлiске барғандардың iшiнен ел-жұрттың қамы үшiн парламенттiң төрiнен айғай салатын ең құрыса, бiр депутат табыла ма?
Өтi жарылып кетсе де, айтайық, қазiргi Қазақстанның парламентi – билiктiң қолбаласы. Негiзi мәжiлiс және оның депутаттары билiк пен халықтың арасында дәнекер болуы тиiс едi. Өйткенi депутаттар билiктiң iргесiндегi халықтың көзi. Халықтың көзi, халықтың өкiлi болғаннан кейiн олар халықтың сөзiн айтуы керек. Халықтың мүддесiн қорғауға мiндеттi.
Ал айта алып жүр ме? Жоқ. Керiсiнше, өзiн-өзi таратып жiберетiн ауру тапты. Неге таратады? Халықтың үмiтiн арқалағандар мерзiмi толмай жатып, өзiн-өзi таратуға қандай қақысы бар? Көптiң алдындағы мiндет-парыз қайда қалады сонда? Өз өтiнiштерiмен тарап тынғаны аздай, ендi ар мен ұятты жиып қойып, қайтадан үмiткер атанғандардың, жұмсақ орындығына қайта ұмтылғандардың қылығын немен түсiндiре аласыз?
Қолбала деуiмiзге себеп боларлық бiрнеше мысал айтайық. Тәуелсiздiгiн елдiң ең соңы боп алған Қазақстан Ресеймен қайтадан одақтасып тынды. Кiмнiң қалауымен? Әрине, алдымен Кремльдiң қалауымен. Мәскеудiң айтқанынан шыға алмайтын Астананың ләббайшыл мiнезiнен. Украинадан Қырымды тартып алып, бүкiл әлемдi өзiне қарсы қойған Ресеймен одақ құруға кiм қарсылық танытуы керек едi? Әрине, депутаттар! Қарсы болмаған күннiң өзiнде олар “бұл мәселенi халықтың талқысына салайық” деп бастама көтеруi тиiс едi. Жоқ, қазақтың депутаттары ондай сөз айта алмады. Керiсiнше, одақтасуға қатысты құжаттарды бiрауыздан бекiтiп бердi.
Қазақтың жерi Ресейдiң полигонына айналды. Оған қол қойып берген кiмдер? Депутаттар! Путин билiгi құлаған “Протонның” өтемақысын да төлеген жоқ. Бастапқыда “төлеймiз” деген. Оның залалын анықтауға екi елдiң комиссиясы жұмыс iстедi. Бiрақ шығынның көлемiн есептеуге келгенде екi комиссияның көрсеткен сомасы екi түрлi болып шықты. Кейiннен Ресей мүлде төлемейтiнiн айтты. Бұл не деген сөз? “Бiлгенiмдi iстеймiн” деген сөз. Бiлгенiн iстегенi сол, құлаған зымыранның дауы бiтпесе де, Ресей “Протон” ұшыруын тоқтатқан жоқ. Қазақстаннан басқа бiрде-бiр мемлекет дәл мұндай сорақылыққа жол бермес едi. Алғашқы апаттың шығыны өтелмей, келесiсiн ұшыруға үзiлдi-кесiлдi тыйым салар едi.
Ал ендi мұны депутаттар айтпағанда, кiм айтуы керек? Ресей басшысы “Қазақта мемлекет болмаған” деп аузына келгенiн көкiдi. Бұл – қазақты кемсiту, қазақты қорлау. Осыған күйiнiп, Путиндi тәртiпке шақырған депутат болды ма? Жоқ, болған жоқ.
Ресей билiгiн былай қояйық, депутаттардың қазақ билiгiне қарсы келген, табандап талап қойған кезi болған емес. Мәселен, нанның бағасы еркiне жiбе­рiлдi. Үкiмет әлеуметтiк нанның бағасын арзандатуға жұмсалатын аздаған ақшаны аяды. Тiптi мектептегi баланың тегiн тамағына да ауыз салды. Ал ендi осыған мәжiлiс қарсы болды ма?
Болған жоқ. Өздерiнiң жалақысын қысқарту туралы ұсыныс түскенде азар да безер болып, еңiрей жөнелгендерiн жұрт көрген. Сол ақша қайдан келедi? Халықтың салығынан құралады. Халықтың мемлекетке төлеген салығы үкiметтi ғана емес, депутаттарды асырап отыр. Ендеше, билiктi асырап отырған, тiптi оларды миллиардерге айналдырған халық арзан нан жесе, аузынан түсiп қала ма?
Кешiрiңiз, осылай айтуға мәжбүрмiз, Қазақстанның депутаттарына халық аштан қатпақ түгiлi, қырылып қалса да бәрiбiр. Оны Жаңаөзен оқиғасынан бiлемiз. Қатыгез билiк өрiмдей жастарды қырып салғанда, қай депутат “Бұл қалай? Оқ атуға кiм рұқсат бердi?” деп сұрап едi. Сұрай алған жоқ. Өйткенi парламент билiктiң қолбаласы. Билiк оны қажетiнше пайдаланады. Парламент халыққа емес, билiкке қызмет етедi.
Өткен жылғы президент сайлауы есiңiзде шығар. Бастаманы кiм көтерiп едi? Ассамблея көтерген. Бiрақ президент көпке дейiн сыр алдырмады. Сайлауды өткiзу-өткiзбеу туралы пiкiрiн құпия ұстады. Ал Мәжiлiс депутаттары шыр-пыры шығып, президенттен Ассамблея ұсынысын қолдауды және сайлаудың мерзiмiн белгiлеудi сұрады. Не үшiн? Халық үшiн бе? Президент ұсынысты қолдап едi, “сайлауға қатысыңыз” деп қазақ басшысының құлақ етiн жедi. Сонда депутаттар өтiнбесе, Н.Назарбаев сайлауға түспей қоятын ба едi? Түсер едi. Түсiп келе жатыр және түскен сайын жеңiп келе жатыр. Жеңетiнi – шынайы бәсекелес сайлауға қосылмайды. Кiлең шұрым-бұрыммен бақ сынасатын президент бәйгенiң алдын берген емес. Ендеше Мәжiлiс депутаттарының “тағы бiр бақ сынаңыз” деп “жалынуы” ненi бiлдiредi? Бұл өздерiнiң мiндеттерiн ақтаған түрi. Олар Мәжiлiстiң мiндетi билiкке қызмет ету деп түсiнедi.
Бiзде мықты депутаттар, нағыз халық қалаулылары болған. Мәселен, сонау 2000 жылдардың басында Мәжiлiс депутаты Төлен Тоқтасынов сол кезде түкiрiгi жерге түспейтiн Рахат Әлиевтiң былықтарын әшкерелеген. Не үшiн? Әдiлдiк үшiн. Себебi халықтың сенiмiн арқалаған адам билiктен әдiлдiктi талап етуге, халықтың құқын қорғауға мiндеттi. Болат Әбiлев пен Зәуреш Батталова қандай депутат болып едi? Парламентте Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов секiлдi азаматтар отырса, мемлекеттiк тiл дәл бүгiнгiдей жетiмнiң күйiн кешер ме едi? Амангелдi Айталы қандай едi? Ал қазiр сiз осы кiсiлердiң өзi түгiлi тырнағына татитын үмiткердi көрсете аласыз ба? Егер көрсете алмасаңыз, қолбала мәжiлiске кiмнiң барғанынан халыққа келiп-кетер не бар?
Сансызбай НҰРБАБА

Мәжiлiс сайлауына қатысу құқын иеленген 6 партияның өкiлдерi қазiр ел аралап, үгiт-насихат жүргiзiп жатыр. Бәрiнiң айтатыны – “Бiз Қазақстанды көркейтуге күш саламыз. Халықтың жағдайын көтеруге бiлек сыбана кiрiсемiз” дегенге саяды. Көзге таныс бағдарламалар, құлақсiңдi баяндамалар, күлкi шақыратын кездесулер. Ертең “Нұр Отан” партиясының желаяқтай заулатқан күйi көш басына шығатынын халықтың iшi сезiп отыр. Оған билiктiң ыңғайына жығылғыш бiрер партияның iлесетiнi де белгiлi. Сөйтiп, өзiн-өзi таратуды әдетке айналдырған Мәжiлiс қайта жасақталады. Ал одан кейiн ше? Сайлау алдындағы көл-көсiр уәделер орындала ма? Парламент көптiң сөзiн сөйлей ме? Халықтың мүддесi үшiн үкiметпен тiресе ме? Табандап талап қоя ма? Берiсi партияның жетектеуiмен, арысы Ақорданың қалауымен мәжiлiске барғандардың iшiнен ел-жұрттың қамы үшiн парламенттiң төрiнен айғай салатын ең құрыса, бiр депутат табыла ма?
Өтi жарылып кетсе де, айтайық, қазiргi Қазақстанның парламентi – билiктiң қолбаласы. Негiзi мәжiлiс және оның депутаттары билiк пен халықтың арасында дәнекер болуы тиiс едi. Өйткенi депутаттар билiктiң iргесiндегi халықтың көзi. Халықтың көзi, халықтың өкiлi болғаннан кейiн олар халықтың сөзiн айтуы керек. Халықтың мүддесiн қорғауға мiндеттi.Ал айта алып жүр ме? Жоқ. Керiсiнше, өзiн-өзi таратып жiберетiн ауру тапты. Неге таратады? Халықтың үмiтiн арқалағандар мерзiмi толмай жатып, өзiн-өзi таратуға қандай қақысы бар? Көптiң алдындағы мiндет-парыз қайда қалады сонда? Өз өтiнiштерiмен тарап тынғаны аздай, ендi ар мен ұятты жиып қойып, қайтадан үмiткер атанғандардың, жұмсақ орындығына қайта ұмтылғандардың қылығын немен түсiндiре аласыз?Қолбала деуiмiзге себеп боларлық бiрнеше мысал айтайық. Тәуелсiздiгiн елдiң ең соңы боп алған Қазақстан Ресеймен қайтадан одақтасып тынды. Кiмнiң қалауымен? Әрине, алдымен Кремльдiң қалауымен. Мәскеудiң айтқанынан шыға алмайтын Астананың ләббайшыл мiнезiнен. Украинадан Қырымды тартып алып, бүкiл әлемдi өзiне қарсы қойған Ресеймен одақ құруға кiм қарсылық танытуы керек едi? Әрине, депутаттар! Қарсы болмаған күннiң өзiнде олар “бұл мәселенi халықтың талқысына салайық” деп бастама көтеруi тиiс едi. Жоқ, қазақтың депутаттары ондай сөз айта алмады. Керiсiнше, одақтасуға қатысты құжаттарды бiрауыздан бекiтiп бердi.Қазақтың жерi Ресейдiң полигонына айналды. Оған қол қойып берген кiмдер? Депутаттар! Путин билiгi құлаған “Протонның” өтемақысын да төлеген жоқ. Бастапқыда “төлеймiз” деген. Оның залалын анықтауға екi елдiң комиссиясы жұмыс iстедi. Бiрақ шығынның көлемiн есептеуге келгенде екi комиссияның көрсеткен сомасы екi түрлi болып шықты. Кейiннен Ресей мүлде төлемейтiнiн айтты. Бұл не деген сөз? “Бiлгенiмдi iстеймiн” деген сөз. Бiлгенiн iстегенi сол, құлаған зымыранның дауы бiтпесе де, Ресей “Протон” ұшыруын тоқтатқан жоқ. Қазақстаннан басқа бiрде-бiр мемлекет дәл мұндай сорақылыққа жол бермес едi. Алғашқы апаттың шығыны өтелмей, келесiсiн ұшыруға үзiлдi-кесiлдi тыйым салар едi.Ал ендi мұны депутаттар айтпағанда, кiм айтуы керек? Ресей басшысы “Қазақта мемлекет болмаған” деп аузына келгенiн көкiдi. Бұл – қазақты кемсiту, қазақты қорлау. Осыған күйiнiп, Путиндi тәртiпке шақырған депутат болды ма? Жоқ, болған жоқ.Ресей билiгiн былай қояйық, депутаттардың қазақ билiгiне қарсы келген, табандап талап қойған кезi болған емес. Мәселен, нанның бағасы еркiне жiбе­рiлдi. Үкiмет әлеуметтiк нанның бағасын арзандатуға жұмсалатын аздаған ақшаны аяды. Тiптi мектептегi баланың тегiн тамағына да ауыз салды. Ал ендi осыған мәжiлiс қарсы болды ма?Болған жоқ. Өздерiнiң жалақысын қысқарту туралы ұсыныс түскенде азар да безер болып, еңiрей жөнелгендерiн жұрт көрген. Сол ақша қайдан келедi? Халықтың салығынан құралады. Халықтың мемлекетке төлеген салығы үкiметтi ғана емес, депутаттарды асырап отыр. Ендеше, билiктi асырап отырған, тiптi оларды миллиардерге айналдырған халық арзан нан жесе, аузынан түсiп қала ма?Кешiрiңiз, осылай айтуға мәжбүрмiз, Қазақстанның депутаттарына халық аштан қатпақ түгiлi, қырылып қалса да бәрiбiр. Оны Жаңаөзен оқиғасынан бiлемiз. Қатыгез билiк өрiмдей жастарды қырып салғанда, қай депутат “Бұл қалай? Оқ атуға кiм рұқсат бердi?” деп сұрап едi. Сұрай алған жоқ. Өйткенi парламент билiктiң қолбаласы. Билiк оны қажетiнше пайдаланады. Парламент халыққа емес, билiкке қызмет етедi.Өткен жылғы президент сайлауы есiңiзде шығар. Бастаманы кiм көтерiп едi? Ассамблея көтерген. Бiрақ президент көпке дейiн сыр алдырмады. Сайлауды өткiзу-өткiзбеу туралы пiкiрiн құпия ұстады. Ал Мәжiлiс депутаттары шыр-пыры шығып, президенттен Ассамблея ұсынысын қолдауды және сайлаудың мерзiмiн белгiлеудi сұрады. Не үшiн? Халық үшiн бе? Президент ұсынысты қолдап едi, “сайлауға қатысыңыз” деп қазақ басшысының құлақ етiн жедi. Сонда депутаттар өтiнбесе, Н.Назарбаев сайлауға түспей қоятын ба едi? Түсер едi. Түсiп келе жатыр және түскен сайын жеңiп келе жатыр. Жеңетiнi – шынайы бәсекелес сайлауға қосылмайды. Кiлең шұрым-бұрыммен бақ сынасатын президент бәйгенiң алдын берген емес. Ендеше Мәжiлiс депутаттарының “тағы бiр бақ сынаңыз” деп “жалынуы” ненi бiлдiредi? Бұл өздерiнiң мiндеттерiн ақтаған түрi. Олар Мәжiлiстiң мiндетi билiкке қызмет ету деп түсiнедi.Бiзде мықты депутаттар, нағыз халық қалаулылары болған. Мәселен, сонау 2000 жылдардың басында Мәжiлiс депутаты Төлен Тоқтасынов сол кезде түкiрiгi жерге түспейтiн Рахат Әлиевтiң былықтарын әшкерелеген. Не үшiн? Әдiлдiк үшiн. Себебi халықтың сенiмiн арқалаған адам билiктен әдiлдiктi талап етуге, халықтың құқын қорғауға мiндеттi. Болат Әбiлев пен Зәуреш Батталова қандай депутат болып едi? Парламентте Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов секiлдi азаматтар отырса, мемлекеттiк тiл дәл бүгiнгiдей жетiмнiң күйiн кешер ме едi? Амангелдi Айталы қандай едi? Ал қазiр сiз осы кiсiлердiң өзi түгiлi тырнағына татитын үмiткердi көрсете аласыз ба? Егер көрсете алмасаңыз, қолбала мәжiлiске кiмнiң барғанынан халыққа келiп-кетер не бар? Сансызбай НҰРБАБА

http://zhasalash.kz/sayasat/16831.html

7
0
840

Осы тақырып бойынша

Қолбала парламент оған кiмнiң барғанынан халыққа келiп-кетер бiрдеңе бар ма? - Yvision.kz