Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қытайдың алып нарығы

Аспан асты елі Қазақстан өндіретін кез келген өнімді сатып алуға құлшыныс танытуда. Бұл бұрын-соңды болмаған мүмкіндік. Себебі – алып тұтыну нарығына біз бидайды тек қаппен ғана апаратын едік. Бұдан былай бидаймен қоса ет, сүт, күнбағыс майы, бал, кондитер өнімін де экспорттаймыз. Бұл жәй сөз емес. Екі ел отандық ауыл шаруашылығы өнімін қытай нарығына шығару туралы ұзақ мерзімдік келісімге қол қойып, мөр басты. Демек, ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі ашылып келеді. Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Осы мәселені қал-қадерімізше сараптап көрелік.
Келешегі кемел қос бағыт
Шынында да, Қытай бағытындағы экспорттың әлеуеті ғаламат. Олай дейтініміз, біріншіден, Аспан асты елі елімізге географиялық жағынан жақын жатыр. Екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімін тұтынатын алып нарығы бар елді 1 млрд 400 млн адам мекендейді. Мынадай санға қараңыз: ҚХР-дың азық-түлік нарығының көлемі 1,47 трлн АҚШ долларын (!) құрайды. Ол аз десеңіз, ет тұтыну көлемі жыл сайын бірнеше есеге ұлғайып келеді. Сандарды сөйлетсек: 2010 жылы Қытай 80,5 мың тонна ет (23,6 мың тоннасы – сиыр еті, 56,9 мың тоннасы – қой еті) импорттаған. 2014 жылы ет импортының көлемі бірнеше есеге өсіп, 579,8 мың (соның ішінде 297 мың тоннасы сиыр еті – 12 есеге ұлғайса, 282,8 мың тоннасы қой еті – 5 есеге ұлғайған) тоннаны құрады. Олай болса, осы мүмкіндікті дер кезінде пайдалануға тиіспіз. Бірақ біз 2015 жылы Қытайға небәрі 159 келі ет экспорттаппыз. Өйткені, отандық экспорттың негізін бидай құрайды.
Енді алып көршіміздің ынтымақтастық ықыласына тоқталайық. Негізінен алсақ, ынтымақтастыққа қос тарап та мүдделі. Оған дәлел – ұзақ мерзімдік келісім. 2015 жылы Астанада ҚХР мен Қазақстан арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл жалғыз келісім емес. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қытай мен Қазақстан арасында 50-ден астам келісімге қол қойылғанын хабарлады. Біздің үкімет ықыласты ынтымақтастықты екі бағытта жоспарлап отыр. Біріншісі – қытайлық өнеркәсіп саласындағы технологияны елімізге әкелу, екіншісі – ел аумағынан кәсіпорын ашып, ауыл шаруашылығы өнімін Қытайға шығару. Екі бағыттың да мүмкіндігі мол. Себебі екеуі де ауыл шаруашылығына қытай инвестициясын тартуға жол ашады.
Түйткілді мәселе шешімін тапты
Қытайдың алып нарығы
Жалпы алғанда, Қытай елімізге 40 миллиардқа жуық доллар инвестиция салуға ниеттеніп отыр. Соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенге (қысқаша АӨК) салынатын қаражат қомақты. Әзірше екі ел ауыл шаруашылығындағы 19 жобаны бірлесіп іске асыруда. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваның айтуынша, инвестиция 1 млрд 735 млн долларды құрайды. 19 жобаның 12-сі – Қытаймен көршілес Шығыс Қазақстан және Алматы облысында жүзеге асырылады. Ерекше атап айтарлығы, қытайлар қазір біздің органикалық таза өнімді сатып алуға құлшыныс танытуда. Себебі халқының саны жылдам өскен сайын экологиялық таза өнімге сұраныс артуда. Аспан асты елі шешім қабылдады, ал біз бұған дайынбыз ба?
Дайынбыз деуге негіз бар. Олай дейтініміз, ауыл шаруашылығының дамуына үлкен серпін беретін заңдар қабылданды. Мысалы, 2015 жылы 27 қарашада Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген «Органикалық өнім өндіру туралы» заң мақұлданды. Оның мақсаты – органикалық өнім өндіруге жағдай жасау, ішкі нарықтағы айналымды реттеу, экспортты ұлғайту және табиғи ресурсты сақтау. Бұдан бөлек, осы заң органикалық өнім өндіру саласындағы құқықтық, қағидаттық мәселені реттейді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» және «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Екі заң бұған дейін кооперацияға кедергі келтірген бірқатар түйткілді мәселені түпкілікті шешті.
Тізбектеп көрелік. Жаңа заң бірнеше мүмкіндікке жол ашты. Азаматтық және заңды тұлға коммерциялық ұйым ретінде кооператив құра алады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативінің табысын бөле алады. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құқықтық қатынасы ортақ бір заңмен реттеледі. Арнайы салық тәртібі қолданылады. Кооператив мүшесіне тауарды өзіндік құнымен сатуға болады. Қытайдың алып нарығыКооперативтің ішкі аудит құнын 50 пайызға дейін субсидиялау мүмкіндігі қарастырылған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ірілендірудің нәтижесі де айтарлықтай болмақ. Себебі заңды дайындауға Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), БҰҰ-ның азық-түлік ұйымы, қазақ-неміс агро-саяси диалогы сарапшылары қатысты.
Еуропалық сарапшы Карл Кохила мынадай пікір айтты «Бұл заңның нәтижесін тезірек байқайсыздар. Себебі еңбек өнімділігі артқан кезде сатуға шығарылатын тауардың ірі партиясы қалыптасады. Соның есебінен өнімге деген сұраныс тұрақ­танады. Бұған қоса, өндіріс толық қуатымен жұмыс істеген кезде шығын азайып, табыс молаяды. Демек, ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құны төмендету есебінен тауар өндірушінің табысын ұлғайтуға мүмкіндік туады. Қазақстанда бұған қажетті барлық жағдай жасалған». Бұған қосарымыз, кооперацияның дамуын ынталандыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидия нормативін көтеру мақсатында АӨК-дегі субсидия механизмін қайта қарастыруда.
Инвестицияның игілігі неде?
Қазір қытай мен қазақ кәсіпкерінің арасындағы өзара қызығушылық артып келеді. Қытай инвесторы Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін жобаға көбірек қаражат салуда. Себеп біреу: өндірілген өнім негізінен, Қытайға экспортталады. Осы жерде «Қытай инвесторын АӨК-ге тартудан не ұтамыз?» деген заңды сауал туындайды. Әрине, алдымен экспорт кеңейеді. Жаңадан ірі инвестжобалар құрылады. Бұл жобалар түптеп келгенде, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Ең басты ұтатын тұсымыз АӨК-нің технологиялық жағынан даму деңгейін көтереміз. Қытай технологиясымен қоса, тәжірибесі келеді. Оны алып келетін қытай маманы. Алайда бұдан қытай маманының экспансиясына тап боламыз деп алаңдаудың қажеті жоқ. Қазақстан заңнамасына сәйкес, шетел жұмыс күшін тартуға квота бөлінеді және жоғары білікті маман ғана шақырылады. Бүгінгі тәжірибеден көріп отырғанымыздай, бірлескен қазақ-қытай кәсіпорындарында негізінен жұмыс орнын жергілікті тұрғындар иеленуде. Жер кодексінің 24-бабы бойынша шетел азаматы немесе шетелдік компания жерді 25 жылға дейін уақытша пайдаланады.
Жоғарыда екі ел арасындағы ұзақмерзімдік келісім туралы айтқанбыз. Соның бірі – елімізде ет кластерін құруға арналған. 2016 жылдың қаңтар айында қазақстандық «Еуразия агрохолдинг» және қытайлық Rifa Holding Group компаниясы ет кластерін құру туралы меморандумға қол қойды. Қытай компаниясы Шығыс Қазақстан облысында жылына 17 мың тонна қой еті мен сиыр етін өндіретін ет комбинатын салады. Бұған қоса, 50 мың бас ұсақ мал, 1000 бас ірі қара мал бордақылайтын алаңқай бой көтереді. Кәсіпорын өнімінің 80 пайызы Қытайға экспортқа жөнелтіледі. Бұл жобаның құны әзірше 7,9 млрд теңгеге бағалануда. Қытайлық компания үлесі 49 пайызды құрайды.
Түйін сөз:
Айта берсек, мұндай мысал көп. Қазіргі таңда еліміздегі өндірілетін ет және астық дақылы ішкі сұранысымызды толық қанағаттандырады. Статистика комитеті ұсынған ресми ақпаратқа жүгінсек, 2015 жылы елімізде 930,3 мың тонна ет өндірілген. 2014 жылмен салыстырсақ, өсім деңгейі 3,4 пайыз. Сол себептен өндірісті ұлғайтуға тұрақты тұтыну нарығы қажет. Басым бағытымыз – Аспан асты елі. Оған шығу – стратегиялық міндетіміздің бірі. Қазақта «Темірді қызған кезде соқ» деген аталы сөз бар. Демек, отандық өндірушінің ширығатын шағы туды. Басқа көршіміз «Қазақстан Қытай нарығын жаулай ала ма?» деп кірпік қақпай, іс-қимылымызды аңдып отыр. Бұл – жүзжылдықта бірақ рет берілетін мүмкіндік. Сол мүмкіндікті мүлт жіберіп алмайық!

Аспан асты елі Қазақстан өндіретін кез келген өнімді сатып алуға құлшыныс танытуда. Бұл бұрын-соңды болмаған мүмкіндік. Себебі – алып тұтыну нарығына біз бидайды тек қаппен ғана апаратын едік. Бұдан былай бидаймен қоса ет, сүт, күнбағыс майы, бал, кондитер өнімін де экспорттаймыз. Бұл жәй сөз емес. Екі ел отандық ауыл шаруашылығы өнімін қытай нарығына шығару туралы ұзақ мерзімдік келісімге қол қойып, мөр басты. Демек, ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі ашылып келеді. Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Осы мәселені қал-қадерімізше сараптап көрелік.
Келешегі кемел қос бағыт

Шынында да, Қытай бағытындағы экспорттың әлеуеті ғаламат. Олай дейтініміз, біріншіден, Аспан асты елі елімізге географиялық жағынан жақын жатыр. Екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімін тұтынатын алып нарығы бар елді 1 млрд 400 млн адам мекендейді. Мынадай санға қараңыз: ҚХР-дың азық-түлік нарығының көлемі 1,47 трлн АҚШ долларын (!) құрайды. Ол аз десеңіз, ет тұтыну көлемі жыл сайын бірнеше есеге ұлғайып келеді. Сандарды сөйлетсек: 2010 жылы Қытай 80,5 мың тонна ет (23,6 мың тоннасы – сиыр еті, 56,9 мың тоннасы – қой еті) импорттаған. 2014 жылы ет импортының көлемі бірнеше есеге өсіп, 579,8 мың (соның ішінде 297 мың тоннасы сиыр еті – 12 есеге ұлғайса, 282,8 мың тоннасы қой еті – 5 есеге ұлғайған) тоннаны құрады. Олай болса, осы мүмкіндікті дер кезінде пайдалануға тиіспіз. Бірақ біз 2015 жылы Қытайға небәрі 159 келі ет экспорттаппыз. Өйткені, отандық экспорттың негізін бидай құрайды. Енді алып көршіміздің ынтымақтастық ықыласына тоқталайық. Негізінен алсақ, ынтымақтастыққа қос тарап та мүдделі. Оған дәлел – ұзақ мерзімдік келісім. 2015 жылы Астанада ҚХР мен Қазақстан арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл жалғыз келісім емес. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қытай мен Қазақстан арасында 50-ден астам келісімге қол қойылғанын хабарлады. Біздің үкімет ықыласты ынтымақтастықты екі бағытта жоспарлап отыр. Біріншісі – қытайлық өнеркәсіп саласындағы технологияны елімізге әкелу, екіншісі – ел аумағынан кәсіпорын ашып, ауыл шаруашылығы өнімін Қытайға шығару. Екі бағыттың да мүмкіндігі мол. Себебі екеуі де ауыл шаруашылығына қытай инвестициясын тартуға жол ашады. 
Түйткілді мәселе шешімін тапты
Қытайдың алып нарығыЖалпы алғанда, Қытай елімізге 40 миллиардқа жуық доллар инвестиция салуға ниеттеніп отыр. Соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенге (қысқаша АӨК) салынатын қаражат қомақты. Әзірше екі ел ауыл шаруашылығындағы 19 жобаны бірлесіп іске асыруда. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваның айтуынша, инвестиция 1 млрд 735 млн долларды құрайды. 19 жобаның 12-сі – Қытаймен көршілес Шығыс Қазақстан және Алматы облысында жүзеге асырылады. Ерекше атап айтарлығы, қытайлар қазір біздің органикалық таза өнімді сатып алуға құлшыныс танытуда. Себебі халқының саны жылдам өскен сайын экологиялық таза өнімге сұраныс артуда. Аспан асты елі шешім қабылдады, ал біз бұған дайынбыз ба?Дайынбыз деуге негіз бар. Олай дейтініміз, ауыл шаруашылығының дамуына үлкен серпін беретін заңдар қабылданды. Мысалы, 2015 жылы 27 қарашада Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген «Органикалық өнім өндіру туралы» заң мақұлданды. Оның мақсаты – органикалық өнім өндіруге жағдай жасау, ішкі нарықтағы айналымды реттеу, экспортты ұлғайту және табиғи ресурсты сақтау. Бұдан бөлек, осы заң органикалық өнім өндіру саласындағы құқықтық, қағидаттық мәселені реттейді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» және «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Екі заң бұған дейін кооперацияға кедергі келтірген бірқатар түйткілді мәселені түпкілікті шешті.Тізбектеп көрелік. Жаңа заң бірнеше мүмкіндікке жол ашты. Азаматтық және заңды тұлға коммерциялық ұйым ретінде кооператив құра алады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативінің табысын бөле алады. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құқықтық қатынасы ортақ бір заңмен реттеледі. Арнайы салық тәртібі қолданылады. Кооператив мүшесіне тауарды өзіндік құнымен сатуға болады. Қытайдың алып нарығыКооперативтің ішкі аудит құнын 50 пайызға дейін субсидиялау мүмкіндігі қарастырылған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ірілендірудің нәтижесі де айтарлықтай болмақ. Себебі заңды дайындауға Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), БҰҰ-ның азық-түлік ұйымы, қазақ-неміс агро-саяси диалогы сарапшылары қатысты. Еуропалық сарапшы Карл Кохила мынадай пікір айтты «Бұл заңның нәтижесін тезірек байқайсыздар. Себебі еңбек өнімділігі артқан кезде сатуға шығарылатын тауардың ірі партиясы қалыптасады. Соның есебінен өнімге деген сұраныс тұрақ­танады. Бұған қоса, өндіріс толық қуатымен жұмыс істеген кезде шығын азайып, табыс молаяды. Демек, ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құны төмендету есебінен тауар өндірушінің табысын ұлғайтуға мүмкіндік туады. Қазақстанда бұған қажетті барлық жағдай жасалған». Бұған қосарымыз, кооперацияның дамуын ынталандыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидия нормативін көтеру мақсатында АӨК-дегі субсидия механизмін қайта қарастыруда. 
Инвестицияның игілігі неде?

Қазір қытай мен қазақ кәсіпкерінің арасындағы өзара қызығушылық артып келеді. Қытай инвесторы Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін жобаға көбірек қаражат салуда. Себеп біреу: өндірілген өнім негізінен, Қытайға экспортталады. Осы жерде «Қытай инвесторын АӨК-ге тартудан не ұтамыз?» деген заңды сауал туындайды. Әрине, алдымен экспорт кеңейеді. Жаңадан ірі инвестжобалар құрылады. Бұл жобалар түптеп келгенде, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Ең басты ұтатын тұсымыз АӨК-нің технологиялық жағынан даму деңгейін көтереміз. Қытай технологиясымен қоса, тәжірибесі келеді. Оны алып келетін қытай маманы. Алайда бұдан қытай маманының экспансиясына тап боламыз деп алаңдаудың қажеті жоқ. Қазақстан заңнамасына сәйкес, шетел жұмыс күшін тартуға квота бөлінеді және жоғары білікті маман ғана шақырылады. Бүгінгі тәжірибеден көріп отырғанымыздай, бірлескен қазақ-қытай кәсіпорындарында негізінен жұмыс орнын жергілікті тұрғындар иеленуде. Жер кодексінің 24-бабы бойынша шетел азаматы немесе шетелдік компания жерді 25 жылға дейін уақытша пайдаланады. Жоғарыда екі ел арасындағы ұзақмерзімдік келісім туралы айтқанбыз. Соның бірі – елімізде ет кластерін құруға арналған. 2016 жылдың қаңтар айында қазақстандық «Еуразия агрохолдинг» және қытайлық Rifa Holding Group компаниясы ет кластерін құру туралы меморандумға қол қойды. Қытай компаниясы Шығыс Қазақстан облысында жылына 17 мың тонна қой еті мен сиыр етін өндіретін ет комбинатын салады. Бұған қоса, 50 мың бас ұсақ мал, 1000 бас ірі қара мал бордақылайтын алаңқай бой көтереді. Кәсіпорын өнімінің 80 пайызы Қытайға экспортқа жөнелтіледі. Бұл жобаның құны әзірше 7,9 млрд теңгеге бағалануда. Қытайлық компания үлесі 49 пайызды құрайды. 
Түйін сөз:Айта берсек, мұндай мысал көп. Қазіргі таңда еліміздегі өндірілетін ет және астық дақылы ішкі сұранысымызды толық қанағаттандырады. Статистика комитеті ұсынған ресми ақпаратқа жүгінсек, 2015 жылы елімізде 930,3 мың тонна ет өндірілген. 2014 жылмен салыстырсақ, өсім деңгейі 3,4 пайыз. Сол себептен өндірісті ұлғайтуға тұрақты тұтыну нарығы қажет. Басым бағытымыз – Аспан асты елі. Оған шығу – стратегиялық міндетіміздің бірі. Қазақта «Темірді қызған кезде соқ» деген аталы сөз бар. Демек, отандық өндірушінің ширығатын шағы туды. Басқа көршіміз «Қазақстан Қытай нарығын жаулай ала ма?» деп кірпік қақпай, іс-қимылымызды аңдып отыр. Бұл – жүзжылдықта бірақ рет берілетін мүмкіндік. Сол мүмкіндікті мүлт жіберіп алмайық!

7
0
520

Осы тақырып бойынша

Қытайдың алып нарығы - Yvision.kz