Қолдан жасалған бұйымдар
Тұзды қамырдан мүсін жасау - ең оңай әрі қызықты процесстердің бірі. Мен бұл ермек жайлы осыдан бір жыл бұрын білген болатынмын. Сонымен, тұзды қамырдан қалайша мүсіндер жасайды екен, қарап көрейік. Тұзды қамыр жасау үшін қажетті заттар: 1 стакан ұн; 0,5 стакан экстра(өте ұсақ) тұз; 0,5 стакан жылы су. Мүсіндерді безендіру үшін қажет қосалқы заттар: Бояу; Қылқалам; ПВА желім. Мүсіндерді жасау процессі: Ең алдымен ұн,тұз,суды араласытырып қамыр илейміз. 2. Дайын болған қамырды тоңазытқышқа кем дегенде 1 сағатқа салып қоямыз. 3. Қамырды тоңазытқыштан алып мүсіндер жасай бастаймыз. Мүсіндердің бөлшектерін сумен немесе су араласқан ПВА-мен байланыстырамыз. 4. Дайын болған мүсіндерді пешке 20 минутқа орташа температурада саламыз немесе терезенің алдына қойып, 2 күн кептіреміз. Мен пешке салдым…


