Педагогтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының құқықтық мәдениеті жөнінде түсіндірілді
2016 жылдың 4 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекетітк қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Орал «Сервис» технологиялық колледжінде семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске колледж басшылығы мен оқытушылар құрамы және департаменттің өкілі М.Харесова қатысты.
Кездесу кезінде М.Харесова ҚР «Мемлекеттік қызмет» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңдары туралы түсінік беріп, жастардың санасына қазақстандық патриотизмді, құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлықпен күресте елгезектік таныту қасиеттерін бойларына сіңдіру керектігіне аса назар аударды.
Шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, тақырыптық бейне роликтер көрсетілді.
