Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақжарқын Тұрлыбайдың түрмеде отырған уақыты

Қытай Халық Республикасында бас бостандығынан айырылған қандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы араға екі жыл салып қызын көріп қайтыпты. Еске сала кетейік Ақжарқынның жүгінен осыдан екі жыл бұрын есірткі табылған. Сот шешімі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Ақжарқынның анасы қызымен көріскен 5 минутымен бөлісті:"Мен бүгін Ақжарқынмен көрістім. Бізге сот залында әңгімелесуге бес минут берілді. Ол жағдайына шағымданып жатқан жоқ. Алты ай сайын дәрігерге қаралады екен, күніне үш рет тамақтандырады екен. Бізді сағыныпты, күн сайын түсіне кіреді екенбіз. Жанұямызбен түскен суретімізді бердім. Көзілдірік сұрады, көру қабілеті нашарлап кетіпті. Жылады"

Сонымен қатар, анасының айтуынша, Ақжарқын есірткі контрабандасына қатысы жоқ екенін айтыпты. "Мұны ол сотта да қайталап айтты, жүгінде есірткінің барын білмеген. Соттағылар мұны түсініп отырған сияқты", - деді ол. Айтуынша, қызы сот тыңдауы кезінде қытай тілінде сөйлеген. Анасының айтуынша, Ақжарқын 2 жылдың ішінде ағылшын және қытай тілдерін үйреніп алыпты.

Дереккөз: Tengrinews.kz

2
0
603

Осы тақырып бойынша