Мазмұнға өту

Жаңа

Серік Ибрагимов — Қазақпыз бәріміз сөзі

Серік Ибрагимовтың 2016 жылғы су жаңа әні!

"Қазақпыз бәріміз" әнінің сөзі

Алтай мен Атыраудың арасында

Есіл мен Жайық, Каспий жағасында

Ән салып бар қазақтың даласында

Өссін мерейің енді!

***

Қазағым таусылмайтын жыр емес пе?

Әр елдің салты басқа, тілі ерекше

Байқадым ән салып жүріп бүгін ерекше

Шырқап берейін енді!

***

Ордалы Оңтүстік бәрі бар О яқта

Беймарал жүремін болсамда қаяқта

Бұяқта бәріміз әпшем мен көкем ғой

Өлә деп қалжыңдап

Ән салып кетемін ғой!

***

Жетісу шалқып шалқып жетсе дейді

Оңтүстік қонақ болып өтсе дейді

Шоқ шоғынан қыстырып кетсе дейді

Жаса ордалы елім!

***

Батысқа не хабар деп келемін ғой

Ай, сау, бош дейтін жұртты көремін ғой

Өнерің үстей берсін, дегенім ғой

Жаса батысым менің!

***

Батысым не зат деп қарайсың бәріне

Құлақ салып тыңдашиш

Сау болшы деп әніме

Өзіңде, сөзіңде айналған сәніме

Ризамын ағайын, тумалас бәріңе!

***

Жә, кеттік алда Алтай, Шығысым бар

Тарылмас немене тегі тынысым бар

Шығыста шалқып шатқан ырысым бар

Жаса Шығысым менің!

***

Аязы тоңдырар деп құлағымды

Ақырын тартып кидім тұмағымды

Арнадым тағы өзіңе жыр әнімді

Жаса Арысым менің!

***

Күлімдеп, күн шыққан Шығысым емес пе?

Шоян болып тасыған ырысым емес пе?

Ән, суы болса да, құлағым тоңса да

Солтүстік ыстық қой қазағым баршаңа!

***

Батыс болса да, Шығыс болса да

Әзілім жарасып, бір ойнап күлейік

Оңтүстік деген, Солтүстік деген

Бір атаның баласындай бірге жүрейік!

***

Қалжыңды сүйетін қазағым дарасың

Әзілмен әндетіп табайық жарасым

Мәңгілік мекенім, тілі бай әуезді

Айналып өтемін қазақтың даласын!

 

 

1
0
3250

Ішке суыңа түкірме, Борат!!!!

Борат мырза біраз қазақтың зығырданын қайнаттыңғой. Қалай ғана  сен өзіңнің қайдан шыққаныңды, қайдан білім алғаныңда тез ұмыта қалдың?! Біз саған ас берсек, ал сен соны таспен қайтардыңғой. Қазақстанның терең білімін алып та жарымадың-ау шамасы. Егер сен білімді азамат болғаныңда Қазақстанның керемет баға жетпес Алматы қаласын осылай төмен дәрежеге түсірмес едің.  Себебі міне, біздің Алматы қаламыздың қазіргі көркі.

 

3
0
586

Политикалық көшбасшы

Политикалық көшбасшылар өте көп. Елі, жері үшін қара терге түсіп қызмет етіп жатқан азаматтар аз емес. Солардың бірі-Нельсон Мандела. Өмірден 2013 жылы өтсе де еліне істеген қызметі әлемге мәлім.

1918 жылдың 18 шілдесінде дүниеге келген. Оның шын есімі Холилала ("бұзық" деген мағынаны білдіреді). Мандела өз отбасындағы мектепке барған алғашқы бала. Бірнеше оқу орнын бітірген ол 1943 жылы жаппай көтерілістерге қатысады. Көтеріліс барысында өзі сияқты жастармен танысып, Африканың Ұлттық Конгресіне мүше болады.

1956 жылы дәл сондай көтерілістердің бірінде ол тұтқынға түседі. 4 жыл бойы сот жұмыстары болып, нәтижесінде ақталып шығады.

Ол Африка Ұлттық Конгресінде апартеид жүйесін жүргізеді. Олардың негізгі мақсаты ақтар мен қаралардың құқықтарын теңдей қылып, елде бейбітшілік орнату болды. Басшылықтан оған келіп түскен наразылықтар аз болмады. 1962 жылы 4 түрлі кінә тағылып өлім жазасына кесу туралы жарлық шығады. Алайда 1964 жылы өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырылу шешімімен өзгертіледі. Өмірінің 27 жылын түрмеде өткізген Нельсон Манделаны бүкіл дүниежүзі қолдап, оның бостандыққа шығуын талап етеді.

Оңтүстік Африка Республикасының соңғы "ақ" президенті Фредерик де Кларк Манделаны бостандыққа шығаруға шешім қабылдайды.

Түрмеден шыға салысымен ол өз жұмысын жалғастырып кетеді. 1994 жылғы сайлау бойынша Нельсон Мандела Оңтүстік Африка Республикасының алғашқы "қара" президенті атанады. Өзінің 5 жылдық билігінде ол елді аяғына тік тұрғызды. 2 миллион халықтың үйіне электр қуатын жүргізіп, 3 миллион халықтың қолын суға жеткізеді. Балаларға тегін медициналық көмек беруді талап етіп, ғылымға көп көңіл бөлген.

2009 жылдың қараша айында  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 18-ші шілдені Халықарақыл деңгейде "Нельсон Манделаның күні" деп жариялады.

Осы жағдайлардың барлығы ақтар мен қаралардың бейбітшілік өмірге келуіне Нельсон Манделаның үлесі өте зор тигенін дәлелдейді.

 
3
0
1054

Қазақстанның нәзік жанды жігіттері. +18 видео

Мына кең байтақ жерімізді ер жігіттер қорғайды, асыл жанды қыздарды аялайды,-деп сеніп жүрсек. Ал олар болса керісінше өздерінің клубтарын ашып бір тектесті жынысты ер жігіттер көбейіп, дәлірек айтқанда қаптап өскен қоғадай дамып жатыр. Бірақ осындай адамдарды қоғам қабылдар емес.  Қабылдамайды да!!! Еркектердің бұл әрекеттері өте жиіркенішті. Видеода өзге ұлттың жігіттері болса да өте ерсі көрінеді.+18

Жарайды өзге елде не шаруамыз бар? Бірінші өз басымызды майлап алайық.

 

 

Осындай Нұрлыбектей жігіттерді, жіттерді деппин-ау қызтекелерді көрген кезде қаның қалай басыңа шаппайды??? Түсінікті, бұл  оңайлықпен жазыла қоймайтын дерт. Алайда бір шара қолданып нәзік жанды жігіттердің санын азайтуға болады.Психологтың айтуы бойынша осындай жолға қыздардан көңілі қалған, жалғызсырап жүрген, депрессияға ұшыраған жігіттер түседі деседі. Ал бұндай оқиға қай жігіттің басынан өтпейді. Сонда барлығы осы жеңіл жолға түсіп кетсін дегеніме?! Жо-жоқ бұлай болмауы керек. Ер жігіттің өмірдегі міндетінің  бірі ұрпақ қалдыру деген. Бірі тойып секірсе, бірі тоңып секіреді деген шамасы осы болуы керек. Адамнан емес, Аллахтан қорықпағаннан қорған деген.  Бізге нағыз ер мінезді, ақылды, білекті жігіттер керек!!!

4
0
808

БАҚ қандай құрметке ие?

БАҚ- қарапайым халық пен үкімет басшыларының арасындағы жіп секілді. Олар халықтың наразылығын айқайлатып жеткізеді. БАҚ-тың негізгі күші СӨЗІ мен ҚАЛАМЫНДА емес пе?

Сонау 80-жылдары жазылған мақалалардың күші шенеуніктерді жұмсақ орындықтарынан жұлып алып, кейбірінің үстінен іс қозғатып, жазасын беруге дейін жеткен. Сол күш қазір қайда? Қазір біреудің ісін әшкерелеп, ол туралы шындықтықты айтуға қорқасың.

Халықтың наразылығын айтып қанша жазып жатса да, басшылықтың, тіпті, халықтың өзі назар салмағанда БАҚ-тың не керегі бар? Қазір кез келген екінші адам "журналистпін" деп шыға келеді. Көп адамдар: "Журналист оқуын ойға сіндірудің қажеті де жоқ, әйтеуір жаза білсең болды емес пе?!" дейді. Әрине бұл қате пікір. Себебі, журналист бойында тек жазу өнерінің болуы аздық етеді. Оған шешендік өнерінің шыңына жеткен, азаматтық позициясын жоғалтпаған, ақиқаттың түбіне жете білетін адам керек.

Бұрындары журналист Республиканың кез келген жеріне бара қалса халық оны үлкен құрметпен, ізгілікпен қарсы алған. Оның алдында барлығы да жақсы көрінгісі келген. Жақсыларын асырып, жамандарын жасырып отырған. Бәлкім бұл журналистке емес оның СӨЗІ мен ҚАЛАМЫНА деген құрметтен шығар. Қазір тіпті журналист келмек түгілі оны қуып шығатын дәрежеге жетіп отырмыз. Ол да мүмкін қазіргі заманның ағымына байланысты СӨЗ бен ҚАЛАМҒА деген құрметтің жоғалып бара жатқанынан болар...

2
0
790

Сыйлайықшы, кәрілікті басынан

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – А. Носонов «Мелодия души»

Фотоматериал авторлары – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте парақшасы – http://vk.com/public56982889

 
 
 
 

Кім білген, кәрілік пе күрсінген?

Сары – қызыл, жапырағымен төгілген.

Бұл қызыққа, жеткен де бар, жетпеген,

Кетер жастық, мың іздеуде өткізген.

 

Сұлу болса кәрілік, кұзге оралған,

Әрбір сөзден, терең ойлар табылған.

Тамсандырған тағдыр-ай, тамсандырған,

Құпиясымен, талайларды ойландырған.

 

Біреулерге, келесің-ау қуантып,

Терең тамыр, жапырағымен жайнатып.

Біреулерге, келесің-ау жылатып,

Бос ағаштай, тамырынан қуратып.

 

Қалсадағы ендігі, құр сүлдері,

Кәртаймайды-ау қайран көңіл толқытып.

Мазалайды, артта қалған күндері,

Өткен өмір, сын таразға, салынып.

 

Сыйлайықшы, кәрілікті басынан,

Қайран өмір, зырылдап ақ өтеді.

Шыр көбелек, айналдырған бұл жалған,

Бірақ күнде, өкініште өшеді.

 

2
1
652

Жағымпаздығыңыз ба бұл, Мүкей ханым? (әлеуметтік желілердегі қарапайым халықтың пікірі)

Елімізге белгілі журналист Айгүл Мүкей өзінің фэйсбуктегі парақшасында депутат Гүлжан Қарағұсованы жақтап пікір жазды. Естеріңізде болса, Қарағұсова ханым депутаттардың неліктен қымбат қонақ үйде тұрып жатқандығы турлы журналистерге сұхбат берген еді.

Қараша халықтың наразылығынан ба, әйтеуір, артынша депутат ханым:

"О сказанном я не жалею. Я сожалею об эмоциональности, которая пробилась. Сказала я все правильно. Сейчас я вам это растолковала. Правда же? Ни одно слово я не сказала неправильно. Не "как работает", а "где работает". Заменили одно слово – "как" и "где"… Где работает человек. Депутат, еще раз подчеркиваю, тоже лицо государства"

"Вы видели, сколько журналистов было? Их было 40 человек, и каждый задавал свои вопросы. Я не сразу обратила внимание, но здесь был использован подлый метод: все со всех сторон начали задавать вопросы, и каждый - по-разному. Я себя ограничиваю в этом, но вы же все время кидаете обвинения, что мы убегаем от вас. Я не убегаю от вопросов. Когда хочу уйти, я про себя думаю: что потом скажут - Карагусова убежала". Но вот когда вот такое (происходит - Прим. автора), то понимаю, что надо было лучше уйти. Я сколько раз журналистам говорю: "Если ты не знаешь, ты приди, переспроси. Я тебе открою закон, покажу, я тебе фактами скажу. Ты ответственно относись к своему заданию, а не пеки пирожки с гнилью".

"Пусть Всевышний будет им судьей. И все, что выплеснули, пусть им же и вернется. Все, что я могу сказать. То, что я сказала, я вам сейчас объяснила. Я ни в чем не сомневаюсь. На фактах, которые я вам сказала. То, что вытащили, это их вопросы. Теперь я буду разговаривать с отдельно взятым журналистом. Вот и все", - деп Today.kz басылымына сұхбат берген.

Осыдан соң Айгүл Мүкей:

"Случай с Гульжаной Карагусовой, в очередной раз показал непрофессионализм современного журналистского пула. За несколько дней до этого нижняя Палата рассматривала законопроект о коллекторской деятельности, и платежных услугах. Эта, как -раз деятельность комитета, который возглавляет Карагусова. СМИ практически ничего не сказали об этих проектах Закона, только о какой-то перепалке между депутатами, сейчас опять эмоции. А Г.Карагусова, насколько знаю очень эмоциональна и искренна в своих словах. Но теперь она интервью давать не будет, я бы впрочем тоже, таким журналистам, которые превратились эдаких "папарацци жёлтой прессы", которые следят за эмоциями, за каждым неправильным словом, и не вникают в суть проблемы, так вот я бы таким журналистам, тоже бы интервью не давала.."

Мүкей ханым Қарағұсованың адвокаты болып кеткені ме сонда? Меніңше, журналистер өз деңгейінде жұмыс жасады. Журналистің ең бірінші міндеті халыққа шынайы ақпарат беру. Билік пен халықтың арасында байланыс орнату.

Дағдарыс алқымнан алып тұрған тұста 30мың теңгеге күн көріп жүрген қарапайым халық депутаттарға сенім артып сайлады. Енді, олар халықпен дұрыстап сөйлесуі тиіс. Мінезін сылтауратса, мінездің барлық адамда бар екенін ескергендеріңіз дұрыс болады. Депутат ханымның  "айтылған сөздің атылған оқ екенін" әлі күнге білмейтіндігі өкінішті нәрсе...


4
0
592

Азайды соңғы кезде байғұс бөкен...

Қазақ тілінде түсірілген "Киік толғауы" атты мультфильмнен ерекше әсер алып отырмын. Өздеріңіз білесіздер, қазіргі таңда ақбөкендердің қаншалықты қырылып жатқанын.  Бұл туындының қай жастағы адамға болса да тәрбиелік мәні зор. Егер көрмеген болсаңыздар, көре отырыңыздар. Жүрекке жетерліктей дүние екен.

Ақсақ киік

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,

Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар.

Сол жерде ел жоқ, көл жоқ өсіп-өнген,

Жәндіктің киік деген баласы бар.

Киікті қазақ және дейді бөкен,

Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен.

Киікті атып аңшы өлтіргенде,

Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма екен.

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,

Басқаға жануарды-ау теңгермедім.

Көздері мөлдір қара ақ бөкенді,

Адамның баласынан кем көрмедім.

Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,

Мың-мыңдап баяғыда жүреді екен.

Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,

Кездесіп анда-санда саяқ некен.

Кей қазақ кәсіп қылып киікті атқан.

Мүйізін пайда қылып-ау шетке сатқан.

Сандалған бір киікті ұшыраттым,

Бір жылы-ау Бетпақ шөлде келе жатқан.

Бетпақта келе жатыр ақсақ киік,

Бір жүріп, бірде тоқтап, басын иіп.

Қоярға шыбын жанын жер таппайды,

Мергеннің кеудесінде болып күйік.

Тамады қара жерге аққан қаны,

Қиналып ентігеді шыбын жаны.

Боялып ақ денесі қызыл қанға,

Келеді әлі бітіп, жығылады.

Сандалып келе жатыр ақсақ киік,

Бір тоқтап, бірде жүріп әлін жиып.

Ақбөкен сахараның ботакөзі,

Атты екен қандай адам көзі қиып.

Ақбөкен сахарада қына терген,

Кім екен жапан түзде сені көрген.

Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,

Дәл көздеп жүрегінен атқан мерген.

Сәкен Сейфуллин

3
0
2319

Дүниежүзілік Сауда Ұйымы бізге тиімді ме өзі?

Дүниежүзілік Сауда Ұйымы қандай ұйым? Бұл-халықаралық сауданы жақсарту мақсатында либерализм жүйесінде құрылған экономикалық ұйым. Қазақстан ДСҰ-ға мүше болуға 1996 жылдың 29-шы қаңтарында-ақ ұсыныс жасаған. Бірақ келіссөздер 19 жылға созылып енді міне 2015 жылдың 30-шы қарашасынан бастап біз ресми түрде ұйымның 162-ші мүшесі атандық.

Саясаттанушы Әзімбай Ғали: «Жалпы, ДСҰ-ға енуіміздің жағымды жақтары көп. Мәселен, биылғы жылы инфляция екі пайыздай төмендейді. Ал отандық кәсіпкерлеріміз көр-жер өндіруді қояды. Бәсекеге қабілетті өнім жасауға тырысады. Сөйтіп, Қазақстанның «брендтері» пайда болады. Өзі екі жүзге жуық мемлекеттің 162-шісі болып отырмыз. Біздің соңымызда бірнеше арал мен Өзбекстан ғана бар. Бәсекелесетін де ешкім қалмады. Бұдан ұтылсақ та, ұтсақ та бұл ұйымға енгеніміз дұрыс».

Қазіргі Білім Министрі Кенжеғали Сағадиев министр атанбай тұрып ДСҰ-ға мүше болу туралы өзінің жеке пікірін білдірген болатын:"Теріс салдарлардың шығу ықтималдылығына байланысты секторлардың бірқатар өндірісінде айтарлықтай құлдырау болады, мұндай бюджетке кедендік түсімдердің азаюы ретінде салмақты қаржылық шығындар пайда болады. Бұның салдарынан капиталдандыру үшін қаржылық және банк жүйесі, ұлттық және азық-түлік қауіпсіздігі әлсірейді, жұмыссыздықтың өсуіне әсерін тигізеді және арзан шетелдік азық-түлік ағынына қойылатын жекеленген нарықтардағы бақылау жоғалтылады".

Барлық тиімді және тиімсіз жақтарын сараптай отырып біз мүмкін болатын проблемалардың алдын алуымыз керек. Келіссөздер, құрылтайлар барысында өзіміздің талаптарымызды, елеулі дәлелдерімізді алдыларына қою керекпіз. Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі мүмкіндігінше ешқандай ауыртпалық тигізбеуі керек және ең бастысы, ол тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі оң рөл атқаруы тиіс.

2
0
1515

Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевпен кездесудің қорытындылары

Бүгін бір топ қазақтілді интернет-белсенділері болып Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен кездесіп, білім берудегі ең өзекті мәселелерді талқыладық. Отырыс 5 сағатқа созылды, оның бір жарым сағатында Е.Сағадиевтің өзі болды. Көптеген мәселе көтерілді, соның ішінде халықтың мазасын алып жүрген ағылшын тілінде білім беруге ерекше көңіл бөлінді.


Сонымен не талқыладық, қандай қорытындыға келдік, соған тоқталайын.

Негізгі мәселе

БҰҰ жүргізген зерттеу бойынша біздегі 8 сынып оқушылары дамыған елдердің 8 сынып оқушыларынан кемінде 2,5 жылға қалып қойған.

Қандай пәндер ағылшын тілінде оқытылады?

Ағылшын тілінде өтілетін пәндер – информатика, химия, биология және физика.

Қазақ тілінде өтілетін пәндер – қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы

Орыс тілінде ­– орыс тілі мен әдебиеті (екеуін біріктіру жоспарлануда) және дүние тарихы.

Барлық мектепте осылай болмақ, мейлі қазақтілді болсын, мейлі орыстілді болсын.

Соншама мұғалімдерді қалай ағылшын тіліне үйретеміз?

Мұғалімдерге бастапқыда ағылшынды «супер» деңгейде білу шарт емес, олар пәнді өз тілінде түсіндіре береді, бастысы кітап ағылшынша болса болды. Дегенмен, ұстаздар бірте-бірте ағылшын тілін үйрене береді. Ол түрлі біліктілікті жоғарылату курстары, ағылшын тілін үйренудің тиімді мобильді қосымшалары  (мысалы, dualingua), жазғы мектептер және т.б.

Ауыл мектептеріндегі сапалы білім мәселесін қалай шешеміз?

Біріншіден ауыл мектептерінің барлығы интернетпен қамтамасыз етіледі. Одан кейін еліміздің үздік мұғалімдерінің видео-сабақтары барлық балаларға көрсетіледі. Ал мектептегі мұғалімдер ассистент қызметін атқарады.

Сырттай білім алған оқытушыларды мектепке алмау мәселесі көтерілді. Қарастыратын болды.

ҰБТ-ны қайта тапсыру бойынша

Биыл тек бір ғана рет қайта тапсыруға мүмкіндік береді. Келесі жылы бірнеше рет қайта тапсыруға болады. Бірінші тапсырған тесттің нәтижесі мемлекеттік грантты бөлу конкурсына кетеді, екінші және кейінгі тапсырулардың нәтижелері келесі жылғы конкурсқа жолданады. Қайта тапсыру 50 балға жете алмай қалғандар үшін ғана қолжетімді болмақ.

ҰБТ-ны қайта тапсыру бойынша ұсыныстар енгіздік, қарастырылатын болды.

ЖОО-дағы ескі кадрлар мәселесі

Ерлан Сағадиев: 75 жасқа келген профессор студенттерге жаңа білім бере алмайды, бірақ ондай адамды жұмыстан шығара алмаймыз. Сөйтіп ол жай ғана жұмыс істеп қана қоймай кафедра меңгерушісі болып алады. Одан кейін ол өзі секілді ойлайтындарды жинап алады. Бұл үлкен мәселе. Ректорлармен кездесіп, осы мәселені талқыладық. Шешімін тапқандай болдық, әлі талқылап жатырмыз.

Ағылшын тілінде сабақ берудің қажеті қанша?

Ағылшын тілінің үстемдігі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Тіпті ағылшындардың тікелей бәсекелесі Францияның өзі ағылшын тілін міндетті пәнге айналдырды. Франция халқы да бастапқыда бұған қарсы болған, бірақ бұл заман талабы. 12 елдің ресми тілі саналатын француз тілінің өзі ағылшын тілінен қалып барады.

Ағылшын тілін білмесек, білім бәсекесінде ұтыламыз. Егер бұл бәсекеде ұтылсақ, кедей мемлекетке айналамыз. Ал кедей мемлекеттің мәдениеті ешкімге керек емес, тіпті сол кедей елдің өзіне де.

Мысалы, біз Жапонияның мәдениеті туралы көп білеміз, өйткені ол бай және дамыған. Әйтпесе сакура дегеніңіз шие ағашы, ол бізде де бар. Бірақ жұрттың бәрі сакураға тамсанады, сол туралы көп ақпарат біледі. Сирияның тарихы мен мәдениеті өте бай, нәтижесі қандай болғанын білесіздер.

Дамып келе жатқан елдердің үздік университеттері ағылшын тілінде сабақ береді. Каир университеті, Сингапур мен Оңтүстік Кореяның топ университеттері – бәрі-бәрі ағылшын тілінде.

Ағылшын тілін білмесек, адам ағзасының 30 пайызын білмеуіміз мүмкін. Мысалы, біз білетін қырықаяқтың ағылшын тілінде 50-ден астам түрі болуы мүмкін, ағылшын тілінде оның бәрінің атауы бар, бірақ қазақшада тек қырықаяқ қана. Немесе кемпір қосақтың ағылшынша 12 атауы болуы мүмкін, ал қазақшада біреу. Тіпті орыстардың өзі көп сөзді аудармай пайдалануда.

Кездесуден алған әсерім

Кездесу ресторанда немесе клубта өткен жоқ, ешкім тамақ берген жоқ, БҒМ ғимаратының мәжіліс залында өтті. Бұл өте маңызды. Өйткені мұндағы ниет блогерлердің аузын майлау емес, мәселені талқылау.

Осы форматта айына бір рет жиналып тұратын болып келістік.

 
0
0
853