Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлттық киімді ұлықтайық!

24-25 сәуір күндері  Алматы қаласында ұлттық  киімдер жәрмеңкесі болады.  Арбатта өтетін  жәрмеңкеге келген қонақтар қазақтың ою-өрнегімен әшекейленген ұлттық киімдерді қолжетімді бағамен сатып алып,  серуенге шыға алады.  Бұл мерекелік шарада Қазақстанның  әйгілі дизайнерлерінің  сән көрсетілімі болып, дәстүрлі ойындар ойнатылады.  Сонымен қатар шара барынша театрланған қойылым желісінде өткізіледі.

Айта кетейік, ұлттық киімдер күні биыл екінші рет өткізіліп отыр. Шараны үйымдастырушы Арман Нұрмұханбетов. Республика және әлем бойынша Ұлттық киімдер күні 29 сәуір күні өтеді. Бұл күні әрбір қазақстандық қазақ киімін киіп, жұмыста, оқуда тіпті қонақ немесе серуенге шықсаңыз да болады. Ал, сол күні киген ұлттық киіміңізді суретке түсіріп «Қазақтың Ұлттық Киімі Күні / День Казахской Национальной» www.facebook.com әлеуметтік желісіне жібере аласыздар.  Дәстүрдің жалғасуы үшін бүкіл қазақстандықтар бұл шараны қолдайды деген сенімдемін.


5
0
2179

Осы тақырып бойынша

Ұлттық киімді ұлықтайық! - Yvision.kz