Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі азаматтарды жеке қабылдады

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.К. Молдағұловпен жаңа мемлекеттік қызмет туралы заңнама және Әдеп кодексі талаптарының сақталуы сұрағы бойынша азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдауға 2 адам келесі мәселелерімен жүгінді: мемлекеттік қызметшінің қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мен келіспеуі және Ресей Федерациясы азаматының жеке сот орындаушысының іс-әрекетіне қатысты болды, барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді және тексеріс ұйымдастыру үшін жазбаша арыз алынды.
Іс-шара Әдеп жөніндегі кеңеспен бекітілген жоспарға сәйкес өткізіліп, жағымсыз фактілерге жедел әрекет ету үшін, азаматтардың және мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғауға бағытталды.
