Балалар адалдықты таңдайды
2016 жылдың 8 сәуірде оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Орал қалалық №24 жалпы білім беретін мектебінде 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Біз адалдықты таңдаймыз» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді.
Сыныптан тыс шара ойын түрінде өткізіліп, ойын тәртібі бойынша оқушылар алты топқа бөлінді. Ойын барысында қатысушылар ребустарды шешіп, өмірдегі жағдайларды талқылап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қойылымдар қойып, сондай-ақ өлең шумақтарын құрастырды.
Шараға Департамент өкілі М.Харесова, мектеп басшылығы, оқытушылар құрамы және оқушылар қатысты.
Шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтер көрсетілді.
