Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ұлттық ғашықтар күні»

15 сәуір. Baq.kz - 2011 жылғы қаңтарда Алматы қалалық мәдениет басқармасы, жастар саясаты басқармасы және әкімдіктің баспасөз қызметі шаралар жоспарына «Ұлттық ғашықтар күнін» енгізді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл құжатқа сәйкес Ұлттық ғашықтар күні 15 сәуірде аталып өтілетін болып белгіленді. Бұрын ақпан айында аталып өтіп жүрген халықаралық ғашықтар күніне балама ретінде мерекені ұйымдастырушылар Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты мен сүйіспеншілігіне арналған мерекелі күнді белгіледі.Сөйтіп, олар елімізде ұлттық мәдениетімізге, халқымыздың салт-дәстүрлері мен адамгершілік рухына негізделген жаңа тұрпатты мерекеге бастамашы болды. Енді оны ұлттық дәстүрлерімізбен жарастырып, одан әрі байыту, әрі қарай жалғастыру қоғамның, әсіресе, жастар қоғамының міндеті. Қазақстанда «Еңлік-Кебек», «Қыз Жібек» сияқты түрлі ғашықтардың атымен аталатын махаббат мерекесін тойлау туралы ұсыныс айтылып та, жазылып та жүр. Іс жүзінде олардың ешқайсысы 14 ақпан күнгі «Әулие Валентин» сияқты кең дәрежеде аталып өткен емес. Бірақ ұлттық мерекенің қоғамға сіңіп кететіне сенетін адамдар көбейіп келеді.

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніңдегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ жанынан ашылған«Алдаспан» ақындар клубы 15 сәуір күні орталық жағажайда ғашықтар күніне орай «Ұлттық ғашықтар күні» атты мерекелік іс-шарасын өткізді. Қала тұрғындарынан суалманама жүргізіп, ғашықтарды құттықтап, тәттілерін ұсынды.

Алдаспандықтар жағажайда ән салып, көпшілікті қызықтыра білді. Бір топ болып жиналған жастар көтерінкі көңіл күймен тарқасты. Өткізілген іс-шара бойынша видеосюжетімізді сілтеме бойынша ұсынамыз. https://www.youtube.com/watch?v=9O1Z1FGYUlM

Дерек көз: http://baq.kz/ сайтынан алынды

Видеосюжет сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=9O1Z1FGYUlM

1
0
2108

Осы тақырып бойынша

«Ұлттық ғашықтар күні» - Yvision.kz