Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мейірімсіз өмір, мейіріміңді сағындым... (оқыңыздар)

М.Тазабековтың "Мейірімі жоқ адамнан маңырап жүрген мал жақсы, әдепсіз өскен баладан тәртіппен өскен тал жақсы" деген бір сөзі мені тұңғиық ойға батырып тастады. Расында да мейірімсіз, тасжүрек адамдар көбейіп барады. Қарапайым ғана мысал, күнделікті қоғамдық көліктерде жастар жағы қарияларға, балалы әйелдерге, аяғы ауыр келіншектерге орын беру дегенді ұмытып бара жатқаны.

Көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен жастарымыздың санасы уланып бара жатқан сияқты. Өзіңнен үлкен, қарттық жеңген адамдарды тұрғызып қойып, қалайша отыра беруге болатындығын түсіне алмадым мен. Әлде өзіміз қатарлы жастарымызға дұрыс тәрбие берілмей жатыр ма? Жастар жағы ойланайықшы, бәріміздің атамыз бен әжеміз, әкеміз бен анамыздың бар екенін, ұлдар болашақ жарымыздың болатындығын, қыздар өзіміз де ана атанарымызды ойлайықта...

Адамдардың мейірімсізденіп бара жатқандығы соншалықты "құлап жатып - сүрінгенге күлетін" заманға жетіппіз ғой! Неліктен тас бауырланып барамыз? Осыдан бір күн бұрын ғана болған жеке өз басымнан өткен оқиғамды жазғаным дұрыс та емес шығар... Алайда,  мынау өмірдің, мынау даланың, мынау табиғаттың, мынау Жер Ананың, адамзат баласының мейірімге зәру екендігіне тағы да көзім жетті.  ...Өзім оқитын ЖОО-дан тапсырмаларымды өткізген соң, көңілденіп шықтым. Сыртқа шыққаннан кейін, үйге қайтатын автобусымның аялдамаға жақындап қалғанын көріп, аялдамаға қарай жүгіріп бара жатып, аяқ атсынан кәдімгі цементке құлап түстім. Өзімде сезбедім, не, қалай болғанын? Құлаған бойда есіме бірден "біреу мені видеоға түсіріп жатқан жоқ па екен?" деген ой келді (қазір адамдар көмектесудің орнына видеоға не болмаса суретке түсіріп интернетке салады ғой...). Қыз баласы болғасын нәзік боламыз ғой, қатты ауырсынып тұрсам да орнымнан өзім түрегелдім. Сонда деймін ау, аялдамада тұрған қаншама адам, университеттің жанындағы қаншама студенттердің бірі де үсті басымның шаң-шаң болып, орнымнан әзер тұрғанымды көрсе де көрмегенсігеніне ішім ашыды. Әрине, құлаған өзім кінәлімін. Асықпауым керек еді. Бірақ, адамзат баласында мейірім, ақ жүрек деген қасиеттер болуы керек емес пе? Мейлі, мен жаспын. Өзім тұра аламын, бірдеңе қылып. Ал, ертең, (Құдай сақтасын!) үлкен қарияларымыз құлап қалса да (қазір ардагерлерімізді тонап, өлтіріп кетіп жатқан заман болды) осылай ешкім көмектеспейтіндігі ме? Осы жағдайды үйге жеткенше көп ойландым...

Бес саусақ бәрдей емес, әрине! Алайда, бұл қоғамның айықпас дертіне айналып бара жатқандай көрінеді маған...

Ал, назарларыңызға көрмеген болсаңыздар Алаш ұлы тобының "Мейірім" атты бейнебаянын ұсынғым келеді.

 
4
0
2591

Осы тақырып бойынша