Мазмұнға өту

Жаңа

«Ойлы болсаң озып көр» атты қалалық пікір-талас турниры

«Жастар Отанға» жобасын жүзеге асыруда "Нұр Отан" партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ахметованың «Жас саясаткер» саяси мектебінің мұрындық болуымен Талдықорған қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесе, «Ойлы болсаң озып көр» атты қалалық пікір-талас турниры өтуде. Шараның мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын» жастар арасында насихаттау. Турнирде политехникалық колледждің «Болашақ» командасы, агро-техникалық колледждің «Зиялы қазақтар», Ө.Жолдасбеков атындағы академиядан «Жолдасбеков» командасы, Бизнес - құқық және жаңа технологиялар колледжінің «Дарын» командасы қатысуымен 1/8 туры өтіп, жарыс жалғасын табуда.

0
0
1002

«Білім» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен қалалық оқу орындарының білімгерлері арасында дәстүрлі пікір-сайыс ойындары өтуде.

Пікір таласқа Талдықорған қаласының колледж білімгерлері қатысты. Шараның ұйымдастырушылары  "Нұр Отан" партиясы қалалық партия филиалы мен "Жастар" ресурстық орталығы.

1
0
362

Өзіңізден бастаңыз...

2016 жылғы 13 сәуірде Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 5.1. тармағын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Ақмола облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» РММ-нің ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мәселелері жөніндегі «ақпараттық алаң» өткізді. Іс-шараға қатысушылар адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу, әр азаматтың елдің әл-ауқатын жақсартуда ғы рөлінің маңыздылығы туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Департаментт…

0
0
454

ҚР АШМ БҰҰДМ-мен бірлесе журналистер арасында байқау жариялайды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесе журналистер арасында органикалық ауыл шаруашылық өнімдерін насихаттауға арналған байқау жариялайды. Конкурстың мақсаты – халықтың органикалық ауыл шаруашылық өнімінің пайдасы туралы ақпараттандыру деңгейін көтеру; экологиялық таза, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін насихаттау және т.б. Байқау 2016 жылғы 15 сәуірден 30 мамыр аралығында өткізіледі. Қатысам деушілер Ұйымдастыру комитетіне өз жұмыстарын көрсетілген мекен-жайға жолдау тиіс: Астана қ., Бөкейхан к., 14, БҰҰДБ офисі, тел.: +7/7172/69-65-50, немесе электронды мекен-жайға:[email protected] көшірмесі [email protected]. Конкурс қорытындылары 15-30 маусымға дейін БҰҰДМ мен ҚР АШМ-нің сайттарында жарияланады. Байқау жеңімпаз-жүлдегерлер…

0
0
495

Қазақстан АИТВ-нің таралуы жөнінде ЖБИ көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумы рейтингісінде бірінші орында

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында АИТВ-ны диагностикалау, емдеу мен алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде республикада халықтың осал топтарының арасында АИТВ-ның таралуын шоғырланған сатыда ұстап тұру мүмкіндігі пайда болды. Ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша, елімізде АИТВ инфекциясы бар адамдар (әрі қарай – АБА) саны 17 726-ны құрады. Соңғы екі жылдың ішінде «15-49 жас аралығындағы тұрғындардың ішінде АИТВ инфекциясының таралуы» Жаһандық бәсекелестік индексінің көрсеткіші бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде Қазақстан 0,18% көрсеткішімен алғашқы орындағы елдердің қатарына кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда АИТВ инфекциясын емдеудің барлық заманауи тәсілдері мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған препараттар қолданылады. 2009 жылдан…

0
0
388

Алтай тауынан көне түрік тайпасына тиесілі мумия табылды

Мумиядағы киім мен әшекей әйелдің жоғары тап өкілі екенін растайды, ал киіміне кестеленген гүлдер нақты бір халыққа тиесілі өнер қолтаңбасы болып саналады екен Жақында Моңғолияның Алтай тауларында, 2 800 метр биіктіктен мумия табылған. Археолог сарапшылардың пайымдауынша, мумия – біздің заманымыздың алтыншы ғасырында өмір сүрген түрік әйелі, оған кемінде 1 500 жыл болған. Хабарламада жергілікті ауа-райының суықтығы және моланың 3 метр тереңдікте жатуы әйел денесінің жақсы сақталуына себеп болған делінеді. Бұл – теңіз деңгейінен осынша биіктіктен алғаш табылып отырған түріктік мумия болып есептеледі. Кобдо музейінің Б. Сухбаатар есімді ғылыми қызметкері жерленген жерден садақ табылмауына байланысты дененің әйелге тиесілі екенін пайымдауға болады дейді. Сонымен бірге табылған заттардың ішін…

1
1
1676

Ереже туралы аңыз (Legend about Law)

Туған жердің тастарын мазасыздық басты. Ол шешімін таба алмады. Екінші ол: Келісім шартты бүгін жасаймыз ба? Үшінші ол: Сен мынаны түсіндірші, бір қызыл алма бар, сондай тәтті делік, адам өзінде жоқ сол алмаға қол жеткізу үшін бай болғысы келеді, бизнес ашады, сол үшін ұмтылады, өмірбойы тер төгеді. Ал сенде бәрі бар, өміріңе жетердей, енді не керек саған? Ол басын көтеріп, екеуіне қарап жымип қойды. Ол: Сол «бәрі» менікі емес сияқты. Ритц Карлтон зеріктіріп жіберді, көңілсіз күйін көтеріп сыртқа шықты. Қараңғы түсіп кеткен. Терең бір дем алайын деп шалқайып еді, жүзіне ай төгілді. Жаңа туған ай әлсіреп, төбесіне құлап түсердей зорға ілулі тұр. Оны бір шу мазалады. «Ай көрдім, аман көрдім. Ат басындай алтын көрдім, қой басындай күміс көрдім. Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке.» Кімдердің…

2
2
1643

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы баспасөз ақпараты

Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті, онда жалған кәсіпкерлікке қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың қабылдап отырған шаралары, өзара әрекеттесу тиімділігі және заңдылығының жай-күйі мәселелері талқыланды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/zandylykty-kukyktyk-trtipti-zhne-kylmyska-karsy-kuresti-kamtamasyz-etu-zhoninde-21

0
0
318