Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау бойынша баспасөз мәслихаты

2016 жылдың 22 сәуірінде Алматы қаласының коммуникаңия қызметінде, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Бахтияр Камаловтың қатысуымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындау бағытында баспасөз мәслихатын өткізді.

Әкім, баспасөз мәслихаты барысында «100 нақты қадамы» Ұлт жоспары мен бес институционалды реформаны жүзеге асырудың барысы туралы және Қазақстан мен Алматыны дамытуда Ұлт жоспарының маңызды рөлін айрықша атап өтті.

Бұдан өзге, әкім қалалықтардың белсенді түрде қатысуымен қабылданған Алматынның 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасының Бес институционалды реформаның идеясы және тұжырымдары негізінде жасалғандығын айтты.

Департамент басшысы Бахтияр Камалов, Алматы қаласында Ұлт жоспарының бірінші институционалды реформасының іске асырылуы және ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» заңдарында қарастырылған өзгерістер, меритократия принциптерінен тұратын мемлекеттік қызметтің мансаптық өсу үлгісі мен «Азаматтар үшін үкімет» корпорациясын құруға бағытталған тетіктерін атап өтті.

 

0
0
241

Осы тақырып бойынша