Мазмұнға өту

Жаңа

Азаматтық авиация академиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

2016 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (Бұдан әрі – Департамент) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері Азаматтық авиация академиясында (Бұдан әрі – Академия) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексі» Заңдарын түсіндіру мақсатында Академияның профессорлық оқытушы құрамы мен студенттердің қатысуымен семинар – мәжіліс өткізді.

Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының, 2015 жылдың 30 қарашасындағы Елбасының Қазақстан халқына «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Жолдауының мақсаттарын, негізгі бағыттарын, міндеттерін түсіндіре отырып, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі мен «Азаматтар үшін үкімет» корпорациясы құрылғандығы туралы айтып өтті.

Академияның проректоры Шамиль Беришев, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының маңыздылығын білдіре отырып, құқықтық мәдениеттің деңгейін көтеруге бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері» пәніне студенттердің назарын аударды.

Академияның студенттері Жамалбек Мадина, Биделбай Мереке, Дота Толе, Жайлау Нурия, Касым Аксауле, Нусипова Айгерим, Сауакасов Мукагали, Мереке Анель и Талаптанов Абылай Еуропаның және ТМД мемлекеттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іске асырылатын іс-қимылдары және авиация саласындағы жемқорлыққа қатысты фактілер туралы баяндамаларын үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жасады.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бейне роликтер көрсетіліп, сұрақ – жауап форматы қолданды.

0
0
535

Құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлықтан тыс

2016 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (Бұдан әрі – Департамент) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері Алматы қаласының ІІД Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында (Бұдан әрі – Басқарма) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексі» Заңдарын түсіндіру мақсатында семинар – мәжіліс өткізді.

Семинар – мәжіліске «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы филиалының өкілі Асқар Омаров және Басқарманың жеке құрамы қатысты.

Департамент өкілі Нұрбол Бейсеков ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының мақсатын, негізгі бағыттарын, міндеттерін және қабылданған жаңа заңдарда қарастырылған өзгерістерді түсіндірді.

«Нұр Отан» партиясының өкілі Асқар Омаров 2015 жылдың 30 қарашасындағы Елбасының Қазақстан халқына «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Жолдауының негізгі бағыттарын айтып өтті.

Басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жандос Ережепов, Басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бейне роликтер көрсетіліп, сұрақ – жауап форматы қолданды.

0
0
414

Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялары төрағаларының қатысуымен өткізілген кеңейтілген жиын бойынша ақпарат

2016 жылдың 19 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясы төрағаларының қатысуымен 2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия қызметінің мәселелері жөнінде кеңейтілген жиын өткізілді.

Жиында Алматы қаласы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларымен жүргізілген жұмыстың қорытындысы, сонымен қатар тәртіптік кеңес төрағаларының 2016 жылдың 1 тоқсанында жүргізілген жұмыс қоырытындасы тыңдалды.

Жиында қатысушылардың көңілі атқарылған жұмыс нәтижелеріне, бұзушылықтар болған жәйттарға, бұзушылықтарды жою үшін тиісті шара қолдану қажеттілігіне және профилактикалық іс – шаралар өткізуге аударылды.

Оған қоса, жиында қатысушыларға мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі түсіндірілді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негіздері мен процедураларға көңіл аударылды.

Жиынның қорытындысы бойынша, барлық мемлекеттік органдарға көрсетілген бұзушылықтарға көңіл аударуға, оларды мемлекеттік органдардың басшыларымен және тәртіптік комиссия мүшелерімен талқылауға, және тәртіптік комиссия жұмысында орын алған кемшіліктерді жою туралы ұсыным жасалынды.

0
0
516

Алматы қаласы бойынша әдеп жөніндегі кеңесінің өткізілген кезекті отырысы туралы

2016 жылдың 14 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы, – Әдеп жөніндегі кеңестің  төрағасы Б.К. Камаловтың төрағалығымен Әдеп жөнінде кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Әдеп жөнінде кеңес отырысында 2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Білім басқармасында «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының бұзылуын алдын алу бойынша жүргізілген жұмысы туралы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Рахат Сейдахметқызы Шимашеваның және 2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы Серік Жетпісбаевич Примбетовтың баяндамалары тыңдалды.

Отырыста ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50 бабы 1 тармағы 4) тармақшасының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Жанат Акимович Каспановқа және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысының орынбасары Сейтхан Ербосынович Тельтаевқа қатысты тәртіптік іс қаралды.

Тәртіптік істі қараудың нәтижесі бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен заң талаптарын бұзған үшін Ж.А. Каспановқа және С.Е. Тельтаевқа «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысына ұсыным жасау туралы шешім қабылдады.

0
0
306

Экономика саласының болашақ мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

2016 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (Бұдан әрі – Департамент) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері Қазақстан экономика, менеджмент және болжау институтында (Бұдан әрі – Институт) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексі» Заңдарын түсіндіру мақсатында семинар – мәжіліс өткізді.

Семинар – мәжіліске Институттың профессорлық оқытушы құрамы мен студенттері қатысты.

Департамент өкілі Нұрбол Бейсеков ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының мақсатын, негізгі бағыттарын, міндеттерін және қабылданған жаңа заңдарда қарастырылған өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.

Институттың студенттердің мәселелері жөніндегі орындаушы директоры Фариза Бекжан, институтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, студенттердің институт басшылығына сенімін арттыру және «Таза сессия» бағдарламасын іске асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бейне роликтер көрсетіліп, сұрақ – жауап форматы қолданды.

0
0
478

Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы Президенттің реформаларын қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай - Департамент) 2016 жылдың 8 сәуірінде Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесе отырып, Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау  басқармасында «Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев жариялаған бес институционалдық реформа» «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары  мен 2015-2025 жылдары Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың барысын талқылау тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақытбек Әлішов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші институтционалды реформасы  аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары мен 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру мақсатындағы  мәселелерге тоқталды.

Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайыржан Жақсымбетов басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы   атқарылып жатқан  жұмыстар туралы жан-жақты түсіндірді.

Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясы жанындағы  Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Борис Жақыпов Алматының ескі және жаңа ғимараттарының артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға бере отырып, Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жұмыстары мен  «Нұр Отан» партиясының  қоғаммен және мемлекеттік органдармен  өзара іс-қимылда атқарылып жатқан  жұмыстарына тоқталды.

Семинар-кеңес сұрақ-жауап форматында өтті. Барлық сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілді.

0
0
409

Болашақ чемпиондар спорттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

2016 жылдың 07 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (Бұдан әрі – Департамент) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері Қазақ спорт және туризм академиясында (Бұдан әрі – Академия) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексі» Заңдарын түсіндіру мақсатында семинар – мәжіліс өткізді.

Семинар – мәжіліске академияның профессорлық оқытушы құрамы  мен студенттер қатысты.

Департамент өкілі Нұрбол Бейсеков ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының мақсатын, негізгі бағыттарын, міндеттерін және қабылданған жаңа заңдарда қарастырылған өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.

Академияның проректоры Мұхтар Есқалиев, академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, студенттердің академия басшылығына сенімін арттыру және «Таза сессия» бағдарламасын іске асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бейне роликтер көрсетіліп, сұрақ – жауап форматы қолданды.

0
0
518

«Полицияның жұмысының ашықтығы – азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтатын негізгі факторлардың бірі»

2016 жылы, 05 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті біріге отырып Алматы қаласы ішкі-істер департаментінде «Құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және сондай фактілердің туындауына ІІД басшылары тарапынан жол бермеу» атты кеңес өткізді. Аталған іс - шараға ІІД басшылары мен құрылымдардың басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққтың алдын алу басқарма басшысының міндетін атқарушы Бақытбек Әлішов сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында көрсетілген түйінді бағыттарға тоқталып, мемелекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастырудың мән-жайын жеткізді. Мәжіліске қатысушыларға ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 Жарлығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Ережесін түсіндіріп, Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды реформасы мен «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің жедел басқармасы басшысының орынбасары Омар Файзиев әскери-қызметтік тәртіпті бұзу және Сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңнамаларды сақтамаудың салдарынан туындайтын қиындықтар жайына тоқталып, Республика көлеміндегі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық көрністеріне нақты мысалдар келтіріп, бейнероликтер көрсетілді.

Кеңес барысында ішкі-істер басқармасының қызметкерлері  өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

0
0
477

«Бахус» AҚ Елбасының реформаларын қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай - Департамент) 2016 жылдың 5 сәуірінде «Бахус» AҚ-мен бірлесе отырып,  «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жариялаған бес институционалдық реформа» «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары  мен 2015-2025 жылдары Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың барысын талқылау тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Департаменттің  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші институтционалды реформасы  аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары мен 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру мақсатындағы  мәселелерге тоқталды.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ордабаева Найля «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік органдармен, жұртшылықпен өзара белсенді  жұмыстар атқарылып жатқандығына тоқталды. Қаланың көптеген мемлекеттік мекемелерінде өткізіліп жатқан іс-шараларға қатысып, сол мекемелердің қызметкерлерінің қазіргі Елбасының оң саясатын қолдайтындығын көріп жүрміз. Қазіргі таңда аудан көлемінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші институтционалды реформасы  аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары мен міндеттерін  жүзеге асыруда  Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасымен бірлесе отырып, айтарлықтай іс-шаралар өткізілуде.  Мұндай ауқымды іс-шаралардың жиі өткізілуі жұртшылықтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, еліміздің экономикасы мен мемлекеттігімізді нығайтуға оң әсер ететіндігіне сенімдімін.

Персонал басқармасы бөлімінің бастығы К. Шакеева Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қазіргі заманғы кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау саясатын толық қолдайтындығын жеткізді. Сонымен қатар, «Бахус» АҚ  соңғы жаңа технологиялармен жабдықталып, бәсекелестікке қабілетті өнімдер шығаруды.  Қазақстанның алдыңғы қатарлы  отыз елдің қатарына қосылу үшін өз үлесімізді қосудамыз. Біздің ұжым елімізде жүргізіліп жатқан оң саясатты толығымен қолдайды.

Семинар-кеңес сұрақ-жауап форматында өтті.

0
0
334

Тағдыр-тағдыр «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Природа «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

       

Құбыласың, шіркін дәурен, сен талай,

Өтіп жатсың, өтіп жатсың тоқтамай.

Еш адамнан, жәйін, мәнін сұрамай,

Төпелейсің, сынақтарды аямай.

 

Қайран күндер, кетесіңдер оралмастан,

Тағдыр-тағдыр, кім білген ол бастан.

Қилы жолды, талайларды адастырған,

Қайран дәурен, қайран, сан құбылған.

 

Дидарымды қайтейін, тіл байлаған,

Жаным менің, көп аңсаған, сағынған.

Қайтейін сөздерімді, тас болған,

Айталмаған, ешбір жанға айтпаған.

 

Күміс тақтың, самайыма, сен бүгін,

Шақырсамда, кетіп барады көктемім.

Солдырмашы, өмірімнің сен гүлін,

Қайран дәурен, бір өзіңде, сенімім.

 
1
1
824