Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Демократия жоқ елімізде...

Елімізде қаншама оқиғалар болды елді шулатқан, митингтерге итермелеген. Соның қайсысында қарапайым халықтың сөзіне құлақ асыпты. Барлығы үшін шешім қабылдай салады. Қара халық өзіне не жақсы екенін қайдан білсін? Соғыс болмасын деген басты тілекпен тәубе етіңдер деп қояды. Митингке де ешкім оңайлықпен шыға қоймайды, себебі ешкім оларды тыңдамайтынын біледі. Мемлекеттік қызметкерлер бар жұмысынан айрылуға қорқады. Жеке сектордағылар дүрбелеңде кризис болмасын деп үндемейді. Студенттерді болса ұзағырақ демалысқа жібере салады.

Барлығы да жерді арендаға беруге қарсы екендігін біле тұра, біздің билігіміз жер сатылмайды дейді. Ешкім мені мәжбүрлеп, ақша беріп билікке қарсы бол деп жатқан жоқ. Қазақстанның азаматы ретінде өз пікірімді ашық білдіру провокация болыпты ма екен, соны түсінбедім.

Азаматтық соғыс болғанын әрине қаламаймын, оның ешкімге жақсылық алып келмейтіні барлығына белгілі. Бірақ қашанға дейін халықтың сөзін елемей жүре бермек мына жүйе? Жарайды, экономикалық, әлеуметтік шешімдерді қолдадық, үндемей. Ал қаншама ғасыр бойы егемендікті аңсап, енді 25 жыл еркін ауамен тыныстай бастағанда, жерімізді, біздің келісімсіз өзгеге бере салмақ, бұл жерде қытай болсын, басқа ел болсын бәрібір емес пе?! Тек шаруашылық жерлері берілгенімен, мәдени экспансия жайлы біледі емес пе, алысқа бармай ақ өзіміздің басымыздан өткерген тарих...

Бұл ойларымды жазып отырып, бұл бәрібір ештеңеге әсер етпейді, бірақ іштегі наразылық маза бермей жатыр.

Сол жерді халқымыз бірігіп, жалға алып, пайдаға асырсын деп неге үгіттемеді екен алдымен, құрғыр билік?! Жер берместен бұрын қолына күрегі мен кітабын беріп, үйретсе нелері кетер еді? Ойлана берсе шешімі көп қой, сол жерді жөнімен пайдаланудың. Әттең, өзімде жеткілікті ақша болса, сатып алып шаруаларға берер едім.

0
0
370

Осы тақырып бойынша

Демократия жоқ елімізде... - Yvision.kz