Мазмұнға өту

Жаңа

Молодёжный ЗАГС «Махаббат мекені»

Провести красивейшее торжество бракосочетания? Но пышные банкетные залы совсем не для бюджета молодой семьи? А может, Вы только намереваетесь сделать предложение своей спутнице жизни, но не знаете как? Мы поможем Вам! Центр обслуживания молодёжи распахивает перед Вами двери молодёжного ЗАГСа. Празднично украшенный зал, музыка, фотосессия, памятные подарки и многое другое ждет каждого кто подаст заявку на участие в молодёжном ЗАГСе.

Ждем ваших заявок с пометкой «Махаббат мекені»  на [email protected] или по номеру +7(7182)66-12-43

0
0
563

Махаббат мекені

Салтанатты неке қию рәсімін  ерекше өткізгіңіз келе ме? Бірақ, керемет банкет залдары жас отбасылар  үшін бюджеттік жағынан  қиындау. Біз сізге көмектесе аламыз! Жастарға қызмет көрсету орталығы сізге «Махаббат мекенінің»  есігін ашады. Әдемі безендірілген зал, музыка, фотосуреттер, сыйлықтар және тағы басқа тосын сыйлар  жасжұбайларды күтуде.  «Махаббат мекеніңе» тіркелу  үшін +7(7182)66-12-43 нөміріңе  хабарласыңыз.

 
0
0
354

Туризм толғандырады!


Қазіргі күні ішкі туризм туралы айтатын болсақ сыртқы туризм туралы бір-екі ауыз сөз айтуға да тура келеді. Өздеріңіз білетіндей көк қағаздың қымбаттауынан сыртқа шығатын туристер саны күрт азайып, шетелге барушылар бірден 60-80 пайызға дейін төмендеп кетті. Бұрындары шамамен 10 млн.жуық Қазақстан азаматы шетелдерде демалатын (бірақ бұл жерде статистикалық деректердің әртүрлі екенін ескерген жөн, мысалы, еңбек мигранттары да бұл санға қосылып тұр). 
Әрине бұл сыртқа шығатын туристер үшін жақсы жағдай емес, сәйкесінше бұрын Қытайда, Түркияда (сыртта демалушылардың көпшілігі Түркияда дем алған екен), Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғызстанда немесе тағы басқа елде жұмсайтын қаражатына еліміздің өз ішінен демалатын, саяхат жасайтын орындар іздей бастады. Егер, әрбір шетелге шығушы турист кем дегенде 1100 доллар қаражатты жұмсайтын болса, сонда қанша қыруар қаражат сыртқа кетіп жатыр. Әрине адамдар шетелге бармасын деген әңгіме жоқ, бірақ дағдарыс ішкі туризмді дамытуға жол ашып беруі мүмкін, қазірдің өзінде республикамыздың көптеген өңірлерінің тұрғындары жазғы демалыс орындарын іздеуге кірісіп кетті, өкінішке орай ішкі туризмге сұраныс болғанымен қанағаттандыру мәселесі жағынан сұрақ бар. Мысалы, туристерді тіркеу, орналастыру, барлық жағдайды жасау, қызмет көрсету сияқты. Әрине, қызмет сапасы күннен күнге жақсарып келе жатқаны қуантады, алайда оған тіптен даңдайсуға болмайды. 
Осы ретте, бір-екі цифрларға тоқталсақ, егер 2015 жылы Америка Құрама Шттатарының тұрғындары туризм үшін 137,1 млрд. АҚШ долларын жұмсаса, Қазақстан тұрғындары 1,34 млрд. АҚШ долларын жұмсаған. Айтқандай былтырғы жылы Қазақстанға сырттан 4,5 млн. турист келген екен. Яғни, келушілердің санынан шығушылардың саны екі есе басым болып тұр. Енді мынадай цифрларға тоқталайық, егер Люксембург тұрғыны туристік сапары үшін 5,1 мың АҚШ долларын шығындайтын болса, Қазақстан тұрғыны 272,3 АҚШ долларын жұсайды екен. Ал, жалпы туризм саласындағы қаржының көлемі 7 трлн. АҚШ долларын құрайтын болса, ол Әлемдік жалпы ішкі өнімнің 9,5 % құрайды және сәйкесінше жалпы Әлемдік экспорттың 5,4 % құрап отыр. Бұл үрдіс үдемесе, кемуі тиіс емес.
Енді тақырыбымызға қарай ауыссақ, Қазақстанның әр облысында туризмге қолайлы жерлер көп, біріншіден әкімдіктер мен туризм басқармалары жергілікті туристік компаниялармен бірлесе отырып, олардың танымалдығын арттыру қажет. Сонымен бірге, ол жерлерге туристердің баруы, демалуы үшін мүмкіндікті қарастыру керек. Бұл ретте, мемлекет пен бизнестің әріптестігінің орны ерекше болмақ.
Мысалы, Ақмола облысын алсақ, Бурабай мен Қорғалжын, Қарағанды облысын алсақ Қарқаралы мен Балқаш сияқты әр облыстың туризмді дамытуға ыңғайлы жерлері өздері-ақ сұранып тұр. Ең басты проблема, тағы қайталап айтқым келетіні – ол инфрақұрымы мәселесі. Бірақ жағдай жасалатын болса, туристер көптеп келе бастайтынын Бурабай дәлелдеп отыр. Қазіргі күні Қазақстан тұрғындарынан басқа Ресейдің көршілес өңірлерінің туристері Бурабайға көптеп келуде.

Ішкі туризмді дамыту үшін, біріншіден туризм саласына ерекше ден қойылуы керек, осы ретте, мен мына бір жайды айта кетейін, мәселен, көпшілігіміз демалатын Түркия туризмінің жолға қойылғанына көп бола қойған жоқ. Түркия ол үшін не істеді, туризм нысандарын неміс кәсіпкерлерін шақырып, алыңдар, дамытыңдар, бірақ он жылдан кейін қайтарып бересіңдер деп талап қойды, әрине, пайдасын қалт жібермейтін немістер түрік халқына біраз нәрсені үйретті, пайдаларын да тапты, ең бастысы масылдық психологиядан арылды. Бұрындары түріктер біз батыр халықпыз, біз сауда жасамаймыз, біз қызмет көрсетпейміз деген қағидатпен өмір сүрген болатын. Міне, осындай психологиялық сәттерді жеңе отырып, Түркия қазір туристерді қабылдау саны бойынша дүние жүзінде алғашқы ондыққа да кіріп үлгерді. Сондықтан туризмді – табыс көзі ретінде қарастыру қажет. Бюджеттің де бүйрегі толығады.
Екіншіден, қазір байқасаңыз Қазақстанда Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізі қолға алынып, көп аймақтардың үстіп басып өтуде және жол сапасы да жақсы, міне осы жолдар бойынша көптеп кемпингтер, демалыс орындарын салу қажет. Міне, бизнес, әсіресе шағын бизнес өзінің қызығушылығын білдіруі керек, ал жергілікті билік олар үшін коммуникация, жер телімдері, инфрақұрылым мәселелерін шешіп беру қажет.
Тағы бір мәселе – ол демалыс орындарының қымбат болуы, әрине түсінікті де, өйткені аталған орындар жаз мезгілінде қызмет көрсетеді де, осы айларда барынша табыс табуға тырысады, яғни бұдан шығатын қорытынды жылдың басқа да мезгілдерінде туристерді тарту керек, бұл жерде әңгіме тек ішкі туристер туралы болмауы керек, сырттан да туристерді тарту керек. Мысалы, өмірінде қарды көрмеген миллиондаған адамдар бар ғой, тіпті Қазақстанның климаттық қайшылығының өзі неге тұрады. Есіңізде болса, көктемде Қарағанды облысының Осакаровка ауданында қалың қардың салдарынан поездар жүрмей қалып жатса, Оңтүстік Қазақстан облысында ағаштар бүршік жарып жатыр еді.
Келесі мәселе, ол ақпараттың жетіспеушілігі, ол үшін бірнеше тілде ақпараттық сайттардың, интернет сервистердің санын көбейту қажет, әсіресе әлеуметтік желілердің бұл жерде рөлі күшті, мықты гид-саяхатшыларды, әсіресе қазақ тіліндегі гид-саяхатшыларды даярлау қажет. 
Егер, халыққа қызықты болатын болса, жаңадан турпакеттер мен тур бағыттар ұйымдастыру қажет.

ЭКСПО-2017 қатысты туризм мәселелеріне туралы бір-екі сөз айта кетсем.
Біріншіден, ЭКСПО-2017-ге туристер келуі үшін оларды қызықтыра білуіміз қажет. Өйткені турист – ол кірпияз жан. Бұл мәселемен ұлттық компания айналысқаннан кейін олардың шаруаларына қол сұққандай боламын, бірақ туристерді көбірек тартуға мүдделі болғандықтан өз тарапымнан бір-екі ауыз сөз айта кетсем. Естеріңізде болса, Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо Монғолияда 10 күн табиғат аясында демалғаны үшін 95 000 АҚШ долларын төлеген болатын. Бұдан шығатын қорытынды Қазақстанға қарағанда Монғолия жерінің алыстығы, инфрақұрлымның жоқтығына қарамастан туристерді тарта білді, олар не керек – бірінші бүркітпен аң салу, балық аулау, тұмса табиғат аясында табиғи өнімдерді тұтына отырып, тынығу. 
Ал көршілес Қырғызстанды алатын болсақ, Ыстықкөлге миллиондаған Қазақстан туристерін тарта отырып, енді этнотуризм саласын қолға алды. Жыл сайын көшпелі халықтардың жарыстарын ұйымдастырып, қосымша туристерді тартып жатыр. Оны айтасыз, Еуропадағы аядай Мажарстанның өзі Тұран халықтарының құрылтайын өткізу арқылы мыңдаған туристерді әкеліп отыр. Яғни, ең бастысы туристерді қазықтыра білу керек, АҚШ пен Батыс Еуропаның туристіне Сіздің қазіргі заманғы қалаңыз көк тиынға керегі жоқ, оларға керегі – жаңадан, бұрын болмаған дүниелер, бұл ретте этнотуризмнің болашағы зор және өзі-ақ сұранып тұр. Егер де қалған шамалы уақытта Қазақстан осындай мәселелерді шешетін болса жүздеген мың – бәлкім бір жарым – екі жарым миллионға дейін турист келуі мүмкін, әрине оның көпшілігі ішкі туристер болуы керек. Ал, жалпы инфрақұрылым жағынан Астанаға әлі де біраз шаруа атқару қажет, егер де ЭКСПО-2017 жақсы өтетін, туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын болса, Астана Орталық Азиядағы туристерді көп қабылдаушы қала ретінде ғана емес, Еуразия жүрегі ретінде Батыс пен Шығыстан да, Солтүстік пен Оңтүстіктен де туристерді тартатын жерге айналады.

Соңғы 3-4 жылда туризмге қатты ден қоюдың арқасында туризм саласын, әріресе ішкі туризм туралы көп іздендім.
Осындай мәліметтерді зерделей отырып, көптеген статистикалық деректерді игергеннен кейін, ең бастысы туризм саласының маманы болмасам да, туризмді жақсы көруімнің арқасында – туризм саласын дамытуға өз үлесімді қосуым қажет деп шештім.
Ол үшін туризм мамандығы бойынша білім алған, кәсіби маман – Жәнібек деген ініммен өз бизнесімді одан әрі дамыта отырып, ішкі туризмді өз тарапымыздан, қолдан келгенше дамытуға іске кірістік. 
Қазіргі уақытты, Астана қаласы мен Бурабайға экскурсия және демалыс турларын ұйымдастырамыз.
Ал, ос ішкі туризмді дамытудағы басты көзіріміз – ол «Тылсым Торғайға саяхат» атты жаңа жобаны, яғни турпакетті ойлап табуымыз.
Саяхатымыз мамыр айының 6-11 аралығына жоспарланған.
Ал, нәтижесі туралы кейінірек толық айтып бере аламыз деп ойлаймын.

Фотолар Интернеттен алынды!

1
2
1519

Ғаламторда ақша табу жолдары — сәуір 2016

Көктемнің бір айы өтіп біз тағы біраз ақша таптық ғаламтор ішінен. Сол баяғы жарнама көрген үшін:

Easyhits4u

Әрине бұл табыс кей біреуге аз болар. Тек өршіп келе жатқан дағдарыстың ызғары қысқан сайын тегін түскен ақшаға да қуанасың..

Кім де кім еңбек істеп ізденсе ақша көзі де ұлғая түседі:

Familyclix

0
0
939

Бет күтіміне керек кеңістер

Бетіңізді әбден жуып болған соң, сабын көбігіне бір шөкім қантты салып, әбден араластырып, осы көбікпен бетіңізді уқалап (массаж), бірнеше минут тұра тұрыңыз. Содан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Мұндай тазалау әдісі әрі кеткен және безеу шыққан бет терісіне өте пайдалы.
Теріңіз құрғақ болса
Ыдысқа 1,5 ас қасық қант пен жарты ас қасық су құйыңыз. Отты өте жай қойып, соған қойыңыз. Қоспа қатты бола бастағанда оттан алып, әбден соғылған жұмыртқаның сарысын қосыңыз. Бірер минутқа тағы да жай жанып жатқан отқа қойып, 1 шай қасық лимон шырынымен араластырыңыз. Бұл – құрғақ теріні тазалайтын таптырмайтын тәсіл.
Жуынуға арналған сұйықтық
Көкөністер, әсіресе қырыққабат (капуста), бұршаққап (боб) қайнатылған сулар өте дәрумендендірілген сұйықтық болып табылады. Оларды жаңа қайнап болған күйінде пайдаланған тиімді. Үнемі қолданып тұрсаңыз, теріңіздің күннен-күнге құлпырып келе жатқанын байқау қиын емес. Дермотологтер сыраның немесе шараптың көбігін теріге жақса, ешқандай дақ қалмайтынына кеңес береді.
Теріге арналған тағы да бір тұнба: 50 г ақшешек (тысячелистник) пен лаванда қосындысын 1 стақан суға салып, бәсең отта 15 минут қайнатып, сонан соң сүзіп алып, шыны ыдысқа құясыз. Осы тұнбаны таңертең және кешке бет және мойын терісіне жақса, тері құлпырып, жұмсарады.
Әжімді кетіру
Қиярдың жартысын сығып, шырынын алып, жұмыртқаның ағымен, бір ас қасық лимон шырынымен, бір ас қасық арақпен, бірнеше тамшы қарамаймен (бензойная смола) әбден көбік болғанша араластырасыз. Пайда болған сұйықтықпен бетті сүрту керек.
Бет маскалары:
Сүттен
Маскалар әжімді азайтып, жазып, қанның айналысын жақсартатыны ешкімге тансық емес. Сіздердің назарларыңызға тағы да бірнеше әсері күшті маскаларды ұсынып отырмыз. Сүт маскасы ең арзан әрі қарапайым. Мақтаның кішкене бөлігін сүтке малып алып, бет және мойын терісін сүртіңіз.
Сәбіз бен шалқаннан
Пісірілген сәбіз бен шалқанды (репа) әбден ұнтақтап, қоймалжың болғанша араластырасыз. Бетіңізге 10-15 минутқа қоя тұрып, сосын сүтпен жуып тастайсыз. Бұл маска теріні жас әрі таза етеді. Сәбіз А дәруменіне бай, ал шалқан жақсы тазартатын зат болып табылады.
Алмадан
Терісі тозып бара жатқан бетке үгітілген алмаға 1 ас қасық ірімшік, сүт немесе қаймақ қосып, жақсылап араластырады. Осы қоспаға теріңіз құрғақ болса, өсімдік майын, қаймақ қосып, бетте 15-20 минут ұстайды. Соңынан салқын сумен жуып тастайды.
Алманың қоймалжың қоспасына 1 шай қасық бал, 1 ас қасық ұсақталған сұлы дәндерін қосып, бәрін араластырады. Бетке 15 минут ұстап, жылы сумен жуып тастайды. Бұл әлсіз, жұқарған бетке пайдалы.
Пісірілген алма қоймалжыңына бірнеше зәйтүн майын (оливковое масло) тамызады, оған 1 шай қасық бал араалстырады. Бұл маска терінің ерте қартаюына қарсы жасалған, өте пайдалы.
Картоптан
Бір ас қасық картоп шырынын бір ас қасық фуллерлі топырақпен араластырып, бетке жағасыз. Картоп С дәруменіне бай әрі теріні түрлі дақтардан тазартады. Фуллерлі топырақ кір мен майды сорып алады.
Құлпынайдан
3 түйір құлпынайды (клубника) езіп, бетіңізге жағасыз. Теріде 10 минут қалдырып, сосын сумен шайып тастайсыз. Құлпынайда С дәрумені бар, ол теріні жақсы тазартады. Теріні  жақсы тазалайтын тағы бір маска: шабдалының жартысын езіп, бір ас қасық коньякпен араластырасыз. Теріде мұны да 10 минут қойып, шайып тастаңыз, көз алдыңызда теріңіз жасара түседі.
Жұмыртқадан
Бір жұмыртқаның ағын алып, әбден былғап, бетке жағасыз. 10-20 минут қалдырасыз. Маска терінің әжімдерін жазып, жиырады. Болған соң салқын сумен жуып тастайсыз.
Жұмыртқа мен ашытқыдан
Жұмыртқаның сарысын, бір ас қасық сыра ашытқысын, бір ас қасық күнбағыс майын әбден араластырып, бетіңізге жағасыз да, 15 минутке қалдырасыз. Сосын сүтпен шайып тастайсыз. Бұл масканы бет терісінде дағы бар адамдар қолданса да өте пайдалы.
Барлық бет терісіне арналған
Алманың жартысын алып, тазалап ұсақтап турап, бір ас қасық бал, бір ас қасық аскорбин қышқылын, бір жұмыртқаның сарысын, бір ас қасық алма сіркесуын үш ас қасық сұйық маймен әбден араластырасыз. 30 минутқа бет терісіне қалдырып, салқын сумен шайып тастайсыз. Бұл – барлық бет терісіне арналған, әсері өте күшті маска. Сіркесуы терінің қышқыл қабатын қалпына келтіреді, алманың құрамында емдік қасиеті күшті пектин бар, аскорбин қышқылы, бал, жұмыртқа сарысы, май теріні қоректендіреді.

1
0
795

«Мәңгі Ел» деп аталатын тарихи фильмнің түсірілімі басталды

Елімізде  тағы бір  тарихымызды тағылымдайтын  фильмнің  түсірілімі басталды. Туынды «Мәңгі Ел» деп аталады.  Онда ұлы дала хандары мен  білекті батырларымыздың ерлік істері суреттелетін болады.

1
0
582

«Телеарналардағы тіл мәселесі»

"Телеарналардағы тіл мәселесі"

Еліміздегі  түйіткіл  және әлі  шешіле қоймаған  мәлелелердің  бірі ол әрине Тіл мәселесі. Еліміздің тірегіне айналған ана тіліміздің  қадірінің төмендеуіне әкеліп соққан факторлар да жетерлік. Солардың бірі - ел мәселесін   шешіп отырғандар. Президент Нұрсұлтан Назарбаев: "Барлық қазақстандықтарды біріктіретін басты фактор ретінде қазақ тілін әрі қарай дамыту үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек!"-деген. Ал бізде дәл қазіргі уақытта осы тілімізді дамытып, осы мәселені ортаға салып отырғандар шамалы.

Солардың бірі Ермұхамет Ертісбаев: «Мен әрдайым "Қазақ тілін дамыту керек" деп келдім. Қазақстанда қазақ тіліне қарсы бірде-бір адам жоқ! Бірақ тілді мына жағдайда орыс тілін кемсітіп, шектеу арқылы дамытуға болмайды» деп әр митингте айтып көтеріп келемін»,- дейді.

Кешегі Ахмет пен Міржақып, Әлихан мен Ыбырайлар қайта тіктегeн қазақ әліпбиінің бүгінгі жағдайы қандай?

Телеарна қазақша сөйлемей, қазақ тілі көркеймейтіні де бар.  Соңғы жылдары Қазақстандағы толып жатқан телеарналар өзгенің қолында кетіп, қалалар мен ауылдарды орысша газет-журналдар басып қалды. «Алма ТV» деп аталатын бiр ғана кабельдiк телевизияның өзi-ақ күндiз-түнi қазақтың кәрi-жасының санасын мүлде басқа жаққа аударып жатыр.
«Алма ТV» арқылы 100-ден астам телеарналар тәулiк бойы орыс тiлiнде бiздiң ұлттық ерекшелiгiмiзге, дiнiмiзге, дәстүрiмiзге мүлде қайшы келетiн сұмпайы көрiнiстердi, мультфильмдердi қазақ сәбилерiнiң миына құйып жатыр.

Қазақстанда мемлекеттік тілде хабар тарататын жалғыз ғана арна бар. Ол –«Қазақстан» арнасы.   Иә, Қазақстанда қазақ тiлiн жоғары деңгейге шы­ғаратын да, оған апат әкелетiн де екi қару болса, соның бiрi – теледидар. Осы жайында  Президент жақында: «Қай ел бүкiл эфирiн басқа мемлекетке берiп қойып отыр?»,- деп кейiдi. Бүгiнгi қазақтың ең бiр жаралы жерiн дөп тауып айтқан сөз осы едi. Қазiр Қазақстанның бүкiл телерадио кеңiстiгiн орыс ақпарат құралдары басып алды. Бiздiң бүгiнгi жас-кәрiмiз өзiнiң сана-сезiмiн, жарық дүниеге деген көзқарасын, әлемде болып жатқан өзгерiстердi, қысқасы, не жақсы, не жаман екенiн Ресей телеарналары мен радиостанцияларының, солардың газеттерiнiң айтқанына қарап бағалайды. Қазақтар жас сәбиге Ресей ақпарат құралдары не дұрыс, не бұрыс екенiн үйретiп отыратын әке-шешесi дерсiң. Сол арналардан беріліп жатқан хабарлардың көбінде мемлекет қызметкерлері өз тілінде емес, өзге тілде сөйлегендері де бар.

«БІЗДЕ МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР БОЛУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ болса, онда БІЗ ҚАНДАЙ ЕЛМІЗ? Осы уақытқа дейін аю да қазақша үйреніп алар еді…»

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Елбасымыз бұл әйгілі сөзін бір жиында мемлекеттік тілді үйренуді қиынсынған өзге ұлт өкілдеріне қарата айтқан болатын…

Белгілі саясаттанушы, «Ұлт тағдыры» қорының төрағасы, әлеуметтік лингвистика ғылымының маманы, ғылым кандидаты Дос Көшім де  бұл сөзін Қазақстан Халқы Ассамблеясының  Алматы қалалық бөлімшесі мүшелерінің, яғни өзге ұлт өкілдерінің алдында айтқан еді. Ол былтыр «Жас қазақ үні» газетінде жарияланды. Ал өзіміздің өз ана тілі мен мемлекеттік тілін білмейтін және білгісі келмей :«Если вы мне не поменяйте мои мозги, мне казахский язык не выучить!» деп анау-мынау емес, парламенттің алдында мәлімдейтін министрлерді  қайтеміз? Онда олар екі есе „топас” болғаны ма? Осындай „топас” министрлерге, „жат” десе, жататын, „тұр” деп айтуды ұмытып кетсе, жата беретін біздің байғұс парламент: „қазақ тіліне миың жетпесе, қалай қазақ министрі боласың, орныңды босат!?” деп айта алған жоқ. Өйткені, парламентте де өз ана тілі мен мемлекеттік тілін білмейтін  топастар мен қазақ тілі қабылданып кетуіне қарсы Тасбайлар аз емес…

 

Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақтанда»  біртуар қайраткер Шерхан Мұртаза: «Кімнің кім екенін білгің келсе, тек «Жас қазақ үні» газетін ғана оқып, біле аласыздар» десе, «Қазақ әдебиеті»  газеті: «Жас қазақ  үні» бір мақаласымен-ақ ұйқыдағы жұртты оятты» деп жазды сол кезде. Бұл біреулерге ұнаса да, ұнамаса да, ақиқаты осы. Тарихта қалған тізімдегі ана тілі мен мемлекеттік тіліне қарсы шыққан депутаттардың сүйегіндегі қара таңба ұрпақтарына кетеді.

Орыс тілділердің үстемдігі бет қаратпайды. Ашып айтарымыз, қазақ тіліне қарсы шығушылар, өзге ұлт өкілдері емес, өз өгейлеріміз. Мысалы,  әкімдіктегі, министрліктегі, парламенттегі, ұлттық компаниядағы, т.б.

Біздің Жас ұрпақ қазірде телеарналар арқылы тәрбие алып, кино немесе бағдарламалар көріп өсіп жатыр. Сол арналарға келген үлкен шенді адамдарды біз бағдарламамыздың дәрежесі  өссін деп шақырып жатады. Бірақ олар қазақша бағдарламаларға келгенде  дұрыс сөйлемей жатады. 

 

Қорыта келсек, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп отырған мемлекеттік арналар мен басылымдардың болашағы шарықтай түссін демекпін.

 

1
0
1099

«Ел белсенділері» белсенділік танытуды

 

Жастар – тәуелсіз мемлекетіміздің келешегінің кепілі.Бұл – алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек» деген сөз.

Елбасының салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап жастар саясаты еліміздің басты құндылықтарының  біріне айналды. Сол ұстанымда жүрген жастарымыздың қатары да жетерлік. М.Әуезов атындағы ОҚМУ -нің жастарының жұдырықтай жігерліктерінің арқасында құрылған "Ел белсенділері" атты белсенділер тобы.

Мен Абылай Абдиашим атты(Экономика және Қаржы дакультетінің студенттік деканы) ұйым белсендісімен тілдесіп көрген едім. Жасап жақтан жақсылықтарымен, таразылап жатқан табыстары да орасан екен. Жұмыс барысы мынадай.

Ұйым 2002 жылы құрылған. Және мұнда 14 студдекан және 1 ректор, ал оның қарамағында 4 проректор жұмыс жасайды.Оның айтуынша әр факультет өзінше бір мемлекет және өзіндік системасы бар. Әр айдың 20-шы жұлдызын  өзін-өзі басқару күні деп жариялаған. Ел белсенділері қайырымдылық десе ішкен асын жерге қоятындар. Еліміздегі әрбір игі істің басын ұстап жүрген жастарымыз қай проблемалық шара болсын қол ұштарын созып жүр. Мейлі ол экология,мейлі экономика,мейлі қайырымдылық,мейлі саясат болсын. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткізілген "25 жылдыққа-25 игі іс " бастамасында алғашқы болып бастаушылар осы. Осындай ұйым еліміздің әр жоғарғы оқу орнында елең алса, әр қазақ баласын қасқырларда қамсай алмайтыны сөзсіз.

 

1
0
1778

Алғашқы блогым)

Сәлем! Қазір түнгі сағат 2, ал мен осы yvision сайтына тіркеліп, алғашқы блогымды жазбақшымын...)) Алдымен өзімді таныстырып өтейін. Мен Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында 1995 жылы, желтоқсан айында дүниеге келгенмін. Қазір Алматы қаласындағы Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінің 3 курс студентімін. Мен бұл оқу ордасында журналистика мамандығы бойынша білім алып жатырмын.

Алғаш блогқа жазғаннан болар, қолым жүрмей, не жазарымды білмей отырмын.)) Сондықтан мені түсінерсіздер деген ойдамын. Ал, YVISION  сайтына қош келдік!)) Алдағы уақытта жақсы, сапалы дүниені жазып, сіздердің көңілдеріңізден шығамын деген ойдамын!

 
0
0
403

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында бірқатар петропавлдық полицей алғыс хаттар алды

Қазақстан – бұл адамдары бірін-бірі сыйлап, бір шаңырақ астында тұрақтылық пен татулықта өмір сүріп жатқан қаймағы бұзылмаған ел. Еліміздегі 130 астам ұлт өкілдері сүттей ұйып, бейбіт-аспан астында тату-тәтті ғұмыр кешуде.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға қалалық ішкі істер басқармасының басшылығы мен жеке құрамы, ардагерлер кеңесі, басқарма жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.
Салтанатты іс-шараны қалалық ведомство бастығы полиция полковнигі Анатолий Мурзыканов ашты. 

«Қазақстан ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 25 жылы. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы», - деп атап кетті полиция полковнигі Анатолий Мурзыканов құттықтау сөзінде.

Петропавл қаласы Ішкі істер басқармасында да бірнеше ұлттың өкілдері қызмет атқарады. Қазақ, орыс, татар, украин, неміс, әзірбайжан, өзбек қырғыз және грек жігіттері мен арулары бір-біріне қолдау болып, тату ұжымда жұмыс істеп жүр. Олардың арасында махаббатары жарасып, отау құрған қызметкерлер де бар. 

Солардың бірі полиция майоры Иван Терзиди. «Өзім грекпін, жұбайым орыс ұлтының азаматы. Бір-бірімізді сүйіп, шаңырақ көтердік. Таныстарымыздың көбісі бізге қызыға қарайды. Бір-бірімізді түсінісіп, бағалай білгенде ғана берекелі де тату отбасы боламыз», - дейді Иван.
Сондай-ақ, мерекеде ІІБ жанындағы қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Күлімкөз Смайылова полицейлерді мейраммен құттықтап, еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын, бейбіт өмірін сақтауды басты мақсат етіп жүрген бірқатар қызметкерге алғыс хаттар табыстады. 

Полиция лейтенанты Асхат Әміренов те алғыс хат алғандардың бірі. Ол Жедел басқару орталығының инспекторы болып қызмет атқарады. 4 ұл, 1 қыз бала тәрбиелеп отырған ұлағатты әке.
«Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні Ассамблея хатшылығының атынан алғыс хат алғаныма қуаныштымын. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деп құттықтады Асхат.

Іс-шара соңында жас бүлдіршіндерден құралған «Бимаржан» тобының бишілері көрермендерді бір марқайтып тастады. Кейін қаламыздың басқа да өнер ұжымдары ән мен жырдан шашу шашты. 

Нұрбек Баекин,
СҚО ІІД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
635