Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидалары тікелей эфирде талқыланды

2016 жылдың 18 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Мұратов «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Бағдарламаның негізгі тақырыбы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары, қызметтік қатынастардағы және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлықтың жалпы стандарттары және Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі жөнінде болды.

Бағдарламада Жақсат Мұратов мемлекеттік қызметшілер өздерінің моральдық-адамгершiлік бейнесiне жоғары талаптар қоя білуі керектігін айтып, мемлекеттік қызметшілер өздерінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін қызметіне жұмсай отырып, іскерлік қасиеттерге ие болу керектігін атап өтті.

   

0
0
575

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидалары тікелей эфирде талқыланды - Yvision.kz