Көкшетау қаласының ұстаздар қауымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруда бірыңғай көзқарасты ұстануда
Ағымдағы жылдың 19 мамырында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Қ. Жапақов №1 жалпы орта білім беру мектебінде №2 ОМ, №3ОМ, №6ОМ жыне Көкшетау қ. «Таңдау» көпбейінді гимназиясының педагогикалық ұжымдарымен кездесті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары бойынша түсініктеме жұмысын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.
Қуаныш Асылбекұлы өз баяндамасында қазіргі уақыттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алғы шарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды түбегейлі жоюға, оның деңгейін барынша азайтуға, қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған мәселелерін ашты.
Кездесуді қорытындылай келе, ұстаздар қауымы қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру қағидаты азаматтардың отансүйгіштік сана-сезімін қалыптастыру ісіндегі ең негізгі факторлардың бірі болып табылады деген бірыңғай пікірге келді.
Іс- шараға 150 адам қатысты.
