Дүлділдер додасы «Дельфийлік ойындары»
Лебяжі ауданының мәдениет үйінде «ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығы және «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған « XII Ұлттық жастар Дельфийлік ойындар» өнерлі жастардың аудандық сайысы өтті.

Ұлттық Дельфий ойындарының мақсаты жастар өнерлерін жоғары деңгейде дамыту, мәдени жан-жақтылықты арттыру, төл мәдениеттің мәртебесін арттыру, жастардың шығармашылық, кәсіби өнерлерін шыңдау,олардың дарындары мен таланттарына ықпал жасау.
Шараның шымылдығын ашып, қатысушыларға сәттілік тілеген аудандық «ЖАЛЫН» жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Жанар Садвакасова сайыс ережесін түсіндіріп, шараның маңызын айшықтады. Артынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жастардың «Қамажай» флешмоб биі көрермен назарына ұсынылды.
Аудандық жарыста 9 ауылдық округтің өнерпаздары бақтарын сынады. Жас ерекшеліктеріне қарай 10-15 және 16-25 жас аралығындағы өнерлі жастар қамтылды. Қатысушылар ұлттық аспаптар, эстрадалық әншілік, халық әнін орындау, академиялық ән салу, халықтық би, қазіргі заманғы би, қысқаметражды кино немесе бейнеролик, декоративті- қолданбалы өнер сынды кезеңдермен сынға түсті.

