Аймақтық журналистиканың дамуының бүгіні мен ертеңі

2016 жылдың 28 маусым күні «Болашақ» БҚО бойынша корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Орал қаласында «Аймақтық журналистиканың бүгіні мен ертеңі» атты Батыс Қазақстан журналисттерінің форумы өтті.
Форум жұмысына журналисттер, ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметіне жауапты мамандар және Астана қаласынан арнайы шақырылған Нартай Әшім, Максим Рожин, Артур Нигметов қатысты.
Форумда баспасөзді дамыту, әлеуметтік желілердің қазіргі қоғамдағы маңыздылығы, блогерлердің рөлі және тағы басқа мәселелер талқыланды.
