Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2016 жылдың 24 маусымда Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері ағымдағы жылдың 5 айындағы Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары саласында жемқорлыққа қарсы әрекет ету бағытында атқарылған жұмысы жөнінде талқылады.

Отырыста қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша, кеңес  мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тиімділігін көтеру бойынша мемлекеттік қызметшілерге нақты ұсыныстар беру жөнінде қаулы қабылданды.

 

0
0
268

Осы тақырып бойынша

БҚО-да Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді - Yvision.kz