Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауылшарушылық саласы қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы минстрлігінің агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясында «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформа  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары  мен  Мемлекет басшысының   «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдауы сонымен қатар,  2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруды талқылау» тақырыбында  семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске  Департаменттің,  Мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының қызметкерлері   қатысты.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының  бас маманы Оразов Сайлау Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйелері  және жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңдары мен «Әдеп кодексін»   жан-жақты   түсіндірді.

Семинар-кеңес барысында Мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Қаныш Әлиев Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы қазіргі кезде ауылшаруашық өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту, Негізгі міндет: үщ жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету. Ауылды жерлердегі коперативтік өндірісті дамыту арқылы жаңазеландиялық және даниялық үлгісімен ұйымдастыру мәселесіне тоқталды.

Мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының заңгері Жамал Қуатова жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Әдеп кодекісінің» негізгі бағыттарына жан-жақты түсініктеме берді.

Семинар-кеңес пікір алмасу форматында өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда бейне роликтер көрсетілді.

0
0
229

Осы тақырып бойынша