Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қаласының теміржолшылары еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматы локомотив пайдалану депосы» «Локомотив» АҚ филиалында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стратегиясының тетіктерін жүзеге асыру мен жаңа саяси бағыттардың  орындалуын  талқылау мақсатында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар кеңесте өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Думан Төлекбаев  келесі ақпараттарды ортаға салды. 1930 жылы ашылған   Алматы паровоз депосы негізінде   «Алматы локомотив пайдалану депосы» «Локомотив» АҚ филиалы болып құрылды. Қазіргі кезде  Алматы локомотив пайдалану депосы оңтүстік астанадағы қуатты кәсіпорын болып саналады. Депо Алматы-Шу-Алматы, Алматы-Сарыөзек-Алматы бөлімшелеріне қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта депода 1014 адам еңбек етеді, оның ішінде 714-і  машинистер мен оның көмекшілері. Локомотив   қызметкерлерінің еңбек етуі мен демалуына толықтай  жағдай жасалған. Машинистер мен оның көмекшілері өздерінің кәсіптік деңгейін ұдайы көтеріп отырады. Машинистердің көмекшілерінен іріктеліп бірінші және екінші сыныпты машинистер дайындау  күн өткен сайын өсіп келеді.   Алматы локомотив пайдалану депосы   «соңғы үлгідегі Evolution ТЭЗЗА   және KZ4AC сериялы электровоздарды» 2009 жылдан өндіріске енгізе бастады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан сыбайлас жемқорлыққа қатысты нормативті құқықтық актілері мен мемлекеттік қызметтің жаңа моделіне түсініктеме берді. Сонымен қатар,  Шынарай Әлімхан бес институционалды реформа «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары  мен жаңа қабылданған «Әдеп жөніндегі кодекстің» негізгі ережелеріне тоқталды.

0
0
579

Осы тақырып бойынша

Алматы қаласының теміржолшылары еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдайды - Yvision.kz