Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мен Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы бірлесе отырып, «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Жиынға қалалық жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының, ҮЕҰ, бизнес және академиялық қауымдастық өкілдерінің  және Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының тыңдаушылары қатысты.

Департамент басшысы Бақтияр Камалов конференцияға қатысушылардың назарына жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекееттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары мен «Әдеп жөніндегі кодекстің» ерекшелігі мен Алматы қаласының 81 мемлекеттік органдарына қатысты жыл басынан Елбасының мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруді жүзеге асырудың басталғандығын хабардар етті.  Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық моделге көшудің құқықтық негізін түсіндірді.  Мемлекеттік қызметтің жаңа моделіне сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандар  кәсіби лауазымдық қызметін тек қана төменнен бастайтындығына  тоқталды.

Департамент  құрылғаннан бері Алматы қаласының жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметкерлері үшін  99  ішкі конкурс  оның ішінде, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлер үшін 75 ішкі конкурс және 119  жалпы конкурс өткізілгенін  және жаңа қабылданған қызметкерлер үшін 3 айдан 6 айға дейінгі сынақ мерзімі енгізілгенін мәлімдеді.

Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры Әбікен Тоқтыбеков  мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің негізгі принциптері мен қызметтік этиканың тәртібі және алдыңғы қатарлы шет елдердің оң методологияларын қатысушыларға жан-жақты түсіндірді.

Конференция барысында  «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті – Жанділдә Жақыпов «Мемлекеттік қызметшілерге қойылар заман талаптары», Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының профессоры – Михаил Лукьяненко «Мемлекеттік қызметшілердің аппараттық құқықтық оқуын ұйымдастыру туралы», Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директорының орынбасары, профессор – Виктор Стремский  «Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін және этикасын қалыптастыру механизмі», Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының  доценті – Әбіләзиз Исаев  «Мемлекеттік қызметшілерді діни оқытудың қажеттілігі туралы» тақырыптарда баяндамалар жасады.

Конференция бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен сұрақ-жауап форматында өткізілді.

0
0
673

Осы тақырып бойынша

«Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері» - Yvision.kz