Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Пенитенциарлық жүйесінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті(бұдан әрі Департамент)  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару комитетімен (бұдан әрі ҚР ІІМ ҚАЖК) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформа  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен ескерту тетіктерін талқылауға арналған  семинар – кеңес өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру тетіктерін, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары, бес институционалдық реформа аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларының сақталуы талаптары мен ҚР қылмыстық кодексінің іске асыру тетіктерін түсіндірді.

ҚР ҚАЖҚ ЛА-155/ мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет капитаны Юлия Руденко, мекемеде жүйелі түрде семинарлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда құқықтық оқулары өткізіледі және жыл сайын мекеме қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын білуден сынақ тапсырады деп атап өтті.

Мекеменің контенгенті кәмелетке толмаған балалар болғандықтан, жастардың болашақтағы өмірге дағдылануына ерекше назар аударылады.  Олар патриоттық тәрбие алып, қазіргі кездегі сұранысқа ие мамандықтарына сәйкес білім алуда.

Осыған ұқсас іс-шаралар Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің барлық құрылымдарында өтті.

Семинар-кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейне роликтер көрсетілді.

0
0
269

Осы тақырып бойынша