Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментіөзгерістер енгізілген кейбір заң актілері (конкурстық рәсімдерге қатысты) және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен  бекітілген мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңын түсіндіру туралы семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске  Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметінің (кадрлық қызмет) өкілдері қатысты.

Семинар-кеңесті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Данияров Генадий Гожахметович өткізді.

Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а. – Досымбек Марат Бахытұлы, департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас мамандары -  Байдаулетов Марат Алдиярұлы және Күлбаева Жанар Арынқызысөз сөйледі.

0
0
425

Осы тақырып бойынша

«Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі» - Yvision.kz