Қоғамдық қабылдау өтті
Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Әуезов аудандық бөлімінің ғимаратында қоғамдық қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдауды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілдері жүргізді.
Қала тұрғындарының Мемлекеттік қызмет көрсетулерге қатысты барлық сұрақтарына Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директорының орынбасары Өксікбаев Оразхан Нұртайұлы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Игіліков Елнар Тоқтабайұлы жауап берді.
Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесе ұйымдастырылатын мұндай қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта өтіп тұрады.
