Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өңірлер Астанаға қарап бой түзесе, Алматыға қарап ой түзейді.

Биыл Алматының 1000 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Алматы – мәдениеттің орталығы, жастардың шаһары ғой, шіркін.Өзім Алматыны қатты жақсы көрем, бармасам сағынып тұрамын. Мықты мегаполис қаламыздың тәуелсіздік тарихында алар орны ерекше. Облыс, аудан орталықтары Астанаға қарап бой түзесе, Алматыға қарап ой түзейді. Қазір жергілікті қазақтар да, шетелдік жұмысшы күштері де Алматыға үйірсек. Неге? Өйткені білім ордалары да, тамаша мәдениет ошақтары да, бизнес те, бизнесті ашу мен жүргізуді қолдау мен бизнеске жеңілдіктер жасау да, құрылыстар да, тұрақты айлық-қаражат та, жаңа жұмыс орындарына қатысты нәтижелі жұмыстар да – бәрі Алматыда. Алып шаһар Алматы еліміздің мәдени, экономикалық орталығының бірі ретінде ғана емес, болашағынан зор үміт күттіретін жастардың қаласы. Жасара бер, жайнай бер сүйікті Алматы.

0
0
311

Осы тақырып бойынша

Өңірлер Астанаға қарап бой түзесе, Алматыға қарап ой түзейді. - Yvision.kz