Кеше ғана телеанонсты көзім шалып қалды
Тура төрт күннен кейін Қазақстан мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) «төмен байытылған уран банкін» құру жөніндегі келісімге қол қойғанына тура бір жыл болады. Бұдан бөлек Қазақстан елінің атом қаруынан бас тартқанына жиырма бес жыл толады. Мерейлі даталар деп айтпасақ та,саяси салмағы бар дата екені сөзсіз. Жаппай қыру жою қаруын таратпаудағы және төмен байытылған уран банкін өз аумағында орналастырудағы Қазақстанның ұстанымын Халықаралық қауымдастық жоғары бағалайды. Уран қалдықтарының банкін құруды 2009 жылдың қыркүейегінде алғаш рет МАГАТЭ ұсынды. Арада 2-3 ай өткенде Қазақстан бұл банкті өз аумағлында орналдастыруға ниет білдірді. МАГАТЭ басқарушы кеңесі бұл ұсынысты дауысқа салып, оны 28 ел қолдаса,6 ел қалыс қалды. Қарсы шыққан ешкім болмады. Осылайша МАГАТЭ төмен байытылған уран қалдықтарының банкі ретінде Өскемендегі Үлбі металургиялық зауытын таңдады. Арада бес жыл өткенде,тек 2015 жылы МАГАТЭ Ресей Федерациясымен тасымалдау туралы келісімге қол қойды. Себебі банкке жеткізілетін қалдықтар көрші елдер аумағы арқылы жеткзіледі. Банк,қойма дегенге көп адамдар үлкен,алып қоқыс алаңын көзге елестетеді. Дегенмен МАГАТЭ мен Қазақстан арасындағы келісім бойынша банкте тек 60-70 тонна төмен байытылған уран сақталады. Құқықтық тұрғыда банк МАГАТЭ ұйымының иелігінде, ал Қазақстан оның қауіпсіздігі мен инфроқұрылымын,қызметтік қажеттерін қамтамасыз етеді. Ең бастысы ондағы уран қалдықтары МАГАТЭға мүше және және энергия өндіруде осы өнімге мұқтаж елдерге ғана берілетін болады. Саяси мақсаттарға пайдаланатын елдерге берілмейді. Қазақстанда бір жыл бұрын жұмыс ітсей бастаған төмен байытылған уран қалдықтарының қоймасы туралы бар білерім осы. Атйпақшы, кеше ғана телеанонсты көзім шалып қалды, отандық телеарналардан атом қаруынан бас тарту және Үлбі комбинатындағы уран қалдықтарының қоймасына қатысты үлкен тележобалар дайындалып жатыр екен. Ұлттық арна эфирінен күні бойы арнайы дайындалған деректі фильмдер көрсетіледі екен. Қалған қызықты ақпаратты журналистер жеткізеді деген ойдамын.
