Қоғамдық кеңестердің керегі бар ма немесе Маралбекке айта барыңыздаршы
Ұлт жоспары «100 нақты қадам» туралы миллион рет айтылып, милилард рет жазылып жатса да басыма көп кіре бермейді. Тек бір ғана тұсы ұнады. 100 қадамда айтылып қана қойған жоқ,биыл нақты жүзеге асты. Ол барлық орталық және өңірлік органдардағы «қоғамдық кеңестердің» құрылуы. Қоғамдық кеңестер туралы арнайы заң да қабылданыпты. Кез-келген қарапайым адам ойлауы мүмкін (оның ішінде өзім де бармын), қоғамдықұ кеңестерге әкім-қаралардың тамыр-таныстары ғана мүше болатын шығар деп. Сөйтсем заң бойынша қоғамдық кеңестердің құрамында билік өкілдерінің саны 3 тен бірінен аспауы керек екен. Және олар әкім мен министрдің жылдық есебін тыңдайтын көрінеді. Егерде есебі мардымсыз, мақсаттар орындалмаған болып шықса әкімнің есебін қабылдамай,орнынан алып тастау туралы ұсыныс та жасайды екен. Байқағандарыңыздай бұл кәдімгідей билігі бар топ. Енді оны тек тәжірибе жүзінде сәтті қолдана білу керек. Мысалы Солтүстік Қазақстан облысында кеңес мүшелерінің 70 пайызы қоғам өкілдері,қалған 30-ы биліктегілер екен. Құрылғалы, яғни жыл басынан бері 100 ге жуық мәселе талқыланыпты. Бір риза болғаным, басқа басқа қоғамдық кеңестер «жер дауына» талқылауға таптырмас алаң болды. Өңірлердегілер жер мәселесін осы қоғамдық кеңестерге барып айтып,талқылады. Жерге қатысты ютубтағы «хитқа» айналған ақсақалдың жан-айқайы да осы қоғамдық кеңес отырысында айтылған. Әрине биыл ғана құрылған кеңестер кейбір органдар мен кейбір әкімдіктерде тиісті деңгейде жұмыс істемей жатқан шығар. Бірақ уақыт өте бұл дұрысталуы керек. Қоғамдық кеңестердің құзырын кеңейтіп, олардың отырыстарын тікелей эфирден көрсету керек. Мемлекеттік телеарналардан жаңа телемаусымда осындай тың дүниелер күтеміз. Бұрын Еуразия арнасында істеген, қазір қазақстан телеарнасында ж.ргізуші болып жүрген маралбек деген жігіт бар. Естуімше жаңа телемаусымда «қоғамдық кеңес» деп аталатын бағдарламаның тізгінін ұстамақшы –мыс. Танитындар, Маралбекке айта барсаңыздар, жаңа бағдарламада тың тақырыптар көтеріп, «қоғамдық кеңес» мүшелерінің отырысын тікелей эфирден көрсетсе. Олардың рейтингін түзіп, қай өңірде немесе қай мекемеде кеңес жұмысы белсенді екенін анықтаса. Рахмет.
