Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Той әндері

Қазіргі тойда көп шырқалатын қазақ әндері қандай? Тойға көп шақырту алатын әншілер кімдер? Сайтымызда алдыңғы жарияланған мақалалардың бірінде осы тақырыпта асабалар сөз қозғап, өз пікірлерін білдірген. Сонымен қатар TOiBiZNES.kz порталымыздың әлеуметтік желілер парақшасында жарияланған сауалнама нәтижелеріне орай танымал той әндері төмендегідей:

  1. Абай Бегей – Аспанға қараймын
  2. Асхат Тарғын – Мария арман едің
  3. Төреғали Төреәлі  - Төрешің
  4. Ақылбек Жеменей – Қызыл өрік
  5. Серікбол Сайлаубек – Ой, жеңге

Бұл әндердің тойда көп сұранысқа ие болуының сыры неде? Көпшіліктің айтуынша тойға арналған әндердің әуені жеңіл келеді. Сөздерінің мағынасы тез жатталатындай жеңіл әрі ұғынықты болады. Астарлы терең мағынасы тойдағы қонақты қызықтырмайды. Санаулы нотадан құралса да құлаққа жағымды әуені санаға еркін орнығып, қарапайым адам да айта алатын болуы шарт. Ең бастысы – қонақтың көңіліне кең жайғасып, қанын қыздырып, биге тартып тұратын ерекше ритммен құрылуы тиіс. Бірақ, бұл жеңіл әуен мен мағынасыз ұйқасқа құрылған кез-келген талғамсыз ән тойда керемет шырқалады деген сөз емес. Көңіл көтеруге келген қонақты астарлы сөздермен, ауыр ойлармен, мұңлы музыкамен  шаршатпай, көңіл құсын қалықтататын, әуені мен сөзі астасып, тілге жеңіл, құлаққа жылы тиетін сапалы ән сыйлап, жанына жағымды сәт сыйлау деп түсінген абзал. Қалай десек те, талғампаз қонақ сапаға әрқашан мән беретінін ұмытпасақ болғаны.


Сіз біздің TOiBiZNES.kz порталында кез-келген тойдың шырайын кіргізіп, аталған әндерді өз орындаушыларының деңгейінде сапалы орындап бере алатын кәсіби әншілерге тапсырыс беріп,  тойыңыздың қонақтарына ғажайып күй, керемет би сыйлай аласыз!

 
0
0
1869

Осы тақырып бойынша

Той әндері - Yvision.kz