Күнделігімнің бір парасы
Сүйінші хабарға асыққан, іштей ұмтылған күн болды. 19 тамыздағы біздің спортшылардың жеңіске ұмтылысы, намыс-жігері осы күні, менің көңілімді көкке көтерді.
Бокстан бастадым.
БОКС: Иван Дычко және Дариға Шәкімова жартылай финалда ұтылып, қола медальды қанағат тұттық. Бірақ, бұдан биіктеу, жоғарылау сатыны күткеніміз рас еді.
ТАЕКВОНДО: Жансель Денис 1/8 жартылай финалында ұтылып, жарыстан шығып кеткені, расында, қынжылтты.
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА: 20 шақырым жаяу жүруде Диана Айдосова 74 қатысушылар арасында 62 орынға ие болды, ал Полина Репин ережелерін бұзғаны үшін жарыстан шығып кетті. ((
ЕРКІН КҮРЕС: Ғалымжан Өсербаев қола медаль үшін күресте жеңіліп қалды, ал Нұрислам Санаев соңғы матчта ұтылып қалды.
КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА: Сабина Аширбаева жеке жарыста финалға өте алмады.
ЕСКЕКПЕН ЖҮЗУ: 200 м қашықтықта ескекпен жалғыз жүзу бойынша Алекс Дергунов жартылай финалға шыға алмады. 500 м қашықтықта 4 адамдық ескекпен жүзуде Ирина Подойникова, Зоя Ананченко, Инна Климова және Наталья Сергеева жұбаныш финалына өтті. Александр Емельянов, Андрей Ергучев, Сергей Токарницкий және Илья Голендов 1000 м қашықтықта жұбаныш финалына өтті.
