Конституция — мемлекеттің дамуының негізі
Конституцияның негізгі ережелерін, оның арқасында заманауи, құқықтық мемлекет құруға, ата-бабаларымыздың көпғасырлық үміттерін, олардың тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылуын іске асырылғанын жан-жақты түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен 30 тамыз – ҚР Конституция күніне орай үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер, ғалымдардың қатысуымен «Ата Заң – құқықтық мемлекет қалыптастыру жолын белгілеген Қазақстан халқының тарихи таңдауы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Конференция жұмысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С.Нұртазин ашып, қатысушыларды келе жатырған мерекелерімен құттықтады.
Сондай-ақ, конференцияға үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер және бұқаралық ақпарат құралдары қатынасып, жұмыс барысында департаменттің әкімшілік басқармасы, Орал қалалық Әділет басқармасы, КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері тақырыптық баяндама жасады.
