Батыс Қазақстан облысында «Азаматтық бақылау» жобасы аясында Қоғамдық қабылдау жұмысы басталды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен 2016 жылдың 24 тамыз күні «Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасының «Қоғамдық қабылдау» таныстырылымы өткізілді.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының және мемлекеттік қызмет саласында, мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі талаптарының сақталуына байланысты сұрақтарға консультациялық көмек көрсету болып табылады.
Қоғамдық қабылдауға алғашқы келген азаматтарды ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С.Нұртазин қабылдап, кеңестер берді. Алдағы уақытта қоғамдық қабылдауды кестеге сәйкес барлық мемлекеттік мекемелердің басшыларының өткізетін болады.
Қоғамдық қабылдау, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының БҚО бойынша филиалы ғимаратында (Орал қаласы, Т.Масин көшесі, 67-үй, 2 қабат) жүргізіледі.

