Қаншалықты рас?!
Қаншалықты рас?!
Тағы сол семей полигоны туралы арнайы шығарылымнан естігенім. Елдің қысымымен Семей полигонында 1989 жылға деп жоспарланып қойған 10 шақты жарылыс тоқтатылыпты. Яғни тұңғыш рет Кеңес билігі ядролық қаруды сынауға шектеу жасаған. Бұл Невада Семей қозғалысының жетістігі екен. «Невада-Семей» қозғалысы Жапония, Франция, Америка азаматтарын бір ұйымға жинай алды.Ал осы қозғалыс әлемдік маңызға ие болуы үшін оның вице-президенті Мұрат Әуезов Американың батысынан шығысына дейін аралап шыққан екен. Невададағы сынақ алаңдарын көріп, Бернард Лаун сынды үлкен адамдармен кездесіп ядролық сынақтарды тыюдың жолдарын талқылаған. Бұл қозғалыстың жұмысын бәсеңдетпей, одан әрі жандандыра беру керек екен деген ойға келдім.
