Мазмұнға өту

Жаңа

Облыс аумағында «Учаске» жедел профилактикалық шарасы өткізілмек

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2016 жылдың 1 қыркүйегі мен 1 желтоқсан  аралығында облыс көлемінде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.  Іс-шараның басты мақсаты – әкімшілік аймақта қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін көтеру, халық арасындағы сенімін арттыру, тығыз қарым-қатынасты орнату, заңсыз қаруларды анықтау және көші-қондылыққа бақылау жасау мақсатында әрбір пәтер мен жеке үйлерді аралап, тұрғындар жайлы ақпарат жинақтау болып табылады.Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақ көлеміндегі пәтерлер мен үйлерді тексеріп, тұрғындар туралы ақпарат алу мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырады. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша облыс көлемінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылатын профилактикалық жұмыстар он нәтижесін береді деп есептейміз.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
534

Ульянов облысының мемлекеттік басқару тәжірибесі

А.ж. 24 тамызда  РФ Ульянов облысы делегатының сапары аясында  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – негізгі аспектілер», «Мемлекеттік қызметті жаңғырту», «Ульянов облысының мемлекеттік басқару тәжірибесі» тақырыптарында диалог алаңдарын өткізді.

Іс-шараға Оқыту орталығының тыңдаушылары (өңірлік департаменттер мен облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері) қатысты

Диалог алаңдарыныңмақсаты – мемлекеттік қызмет институтының  қоғамдағы рөлі мен миссиясын ашу. Мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісінің қалыптасу және даму кезеңі туралы баяндау және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды арттыруға бағытталған  қызметтік этика нормаларын түсіндіру. Азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды іске асыратын қызметшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіру, имиджін және оларға азаматтардың сенімін нығайту.

Еске сала кетейік, Ақмола және Ульянов облыстарының арасындағы өңіраралық ынтымақтастық «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» ЖҚБ белсенді қызметінің барысында қол жеткізіліп,  2012 жылы Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.

Іс-шараға 30-дан астам адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
425

Тұсау кесу (тусау кесу)

Почему обряд “тусау кесу” важен для ребенка?

Когда ребенок только-только начинает делать первые шаги или просто удерживает равновесие в вертикальном положении, принято проводить ритуал “тусау кесер” – разрезание пут на ногах, символизирующее начало нового этапа в жизни ребенка – умение ходить, познавать мир.
Обычно это происходит в возрасте около года, но некоторые дети начинают ходить раньше, поэтому “тусау кесу” проводят в возрасте от десяти месяцев до года с небольшим. Возможно, в этом обычае есть какой-то необъяснимый смысл, так как действительно ребенок, только начавший делать первые шаги, начинает ходить уверенно и даже бегать. У нашего народа этот обычай соблюдается обязательно и по сегодняшний день, хотя претерпел некоторые изменения и трактуется по-разному в разных регионах.

Наши предки были уверены, если не провести этот ритуал, то ребенок будет неуверенным, неуклюжим и часто спотыкаться.

Действительно, ведь ребенок, начиная ходить, начинает “новую жизнь”, меняется поведение, он требует особого внимания и терпения родителей, становится более любопытным, начинает проводить “ревизии” всех шкафчиков и комодов… Это значимое событие для родителей обязательно отмечают как веселый праздник, собирают родных и друзей, варится бешбармак, накрывается праздничный стол, придумываются многозначительные “тесты” для ребенка.

Для проведения “тусау кесу” готовят пестрый жгутик – “ала жiп”, переплетенный из нескольких шерстяных ниток разных ярких цветов, имеющий размер приблизительно 50-60 см. Этот жгутик называется “тусау” – путы. Цвет ниток состоит из трех цветов: белый – символ чистоты, зеленый – здоровье и долголетие и красный – символ достатка. В старину путы делали из зеленой травы или из очищенной тонкой кишки домашнего скота. Сами путы “ала жiп” имеют важное значение у казахов – есть притча “ала жiптi аттама” – “не переступай черту”, остерегающий человека от неправильных поступков. В старину “ала жiп” делали из нитей белого и черного цветов, символизирующих философию и реальности мира – добро и зло, свет и тьму, тепло и холод. Перевязывание такими путами символично означало запрет на неверный шаг в жизни – не кради, не обмани, не переступай за черту дозволенного.

Ритуал торжественно начинают обычно бабушки – малыша отвлекают, придерживая его в положении стоя и слегка перевязывают ноги в форме “восьмерки” так, чтобы малыш мог сделать несколько шагов. Иногда перевязывают просто концы жгута к каждой ноге и ненадолго оставляют на лодыжке малыша в виде “браслетиков”.

Старейшины рода дают “бата” – благословение на начало хорошей, достойной жизни у ребенка с первых шагов и начинается самое интересное.
Среди приглашенных гостей выбирается самый почетный – молодой, здоровый, красивый, энергичный и уважаемый человек, или молодая и быстрая мама семейства, которым доверяется перерезать путы острым ножом. Важно, чтобы поступь у этого человека была легкая, быстрая, поэтому обычно путы перерезают не старики, а молодые люди.

Малыш делает первые шаги и бабушки – әже или тетушки – апа осыпают его и гостей праздничным “шашу” из сладостей и монет.
Считается, что темперамент перерезавшего путы человека передается малышу, поэтому родители выбирают быстрого на подъем, живого и жизнерадостного человека. При проведении ритуала около ножек ребенка кладут какие-нибудь предметы – книгу, монету и др. Это своеобразный “тест” для малыша – что он возьмет в руки, с тем предметом будет связана его профессия. Этот процесс бывает особенно веселым, особенно веселые комментарии присутствующих и недоумение малыша, наблюдающего неожиданный смех взрослых. Веселое празднование новой вехи в жизни ребенка завершается вручением подарка перерезавшему путы гостю.

Надеемся, вам все понравилось и статья была полезна.

Не забывайте делиться с друзьями :)

 
0
0
4322

Биыл Жамбыл облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 53 әлеуметтік нысан жөнделеді

2016 жылы Жамбыл облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 2,4 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 53 инфрақұрылымдық нысанды іске асыру жоспарлануда, оның 53-де күрделі жөндеу, 1-де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жөнделетін ғимараттардың 31 – білім беру, 22 – денсаулық сақтау инфрақұрылым нысаны болып табылады.

Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 1004 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 509 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

Бүгінгі күні 45 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 801 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 424 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.

 
1
0
533

Конкурс ко Дню семьи «Ақ босаға» для влюбленных пар!

Ко Дню семьи проводится городской конкурс «Ақ босаға»!

Для участия в Конкурсе приглашаются семейные пары и пары, подавшие заявление на регистрацию заключения брака, проживающие на территории города Павлодара в возрасте до 29 лет.

Заявку, на участие в конкурсе  необходимо предоставить в офис                     МОО «Кенжекөл жастары» до 9сентября 2016 года по адресу: г. Павлодар, ул. Ломова, 38, каб. 1.06, эл. адрес: [email protected].

Городской Конкурс «Ақ босаға» проводится в II этапа:

I этап – Прием и оформление заявок по установленной форме (Приложение №1), которые необходимо предоставить в офис МОО «Кенжекөл жастары» до 9сентября 2016 года по адресу: г. Павлодар,ул. Ломова, 38, каб. 1.06, эл. адрес: [email protected].

12сентября 2016 года в 18-00 часов в офис МОО «Кенжекөл жастары» по адресу: г. Павлодар,ул. Ломова, 38, каб. 1.06,организаторы Конкурса проводят собеседование с парами, подавшими заявки на участие в конкурсе.По итогам собеседования формируется список участников конкурса (не менее 10 пар). С участниками конкурса, отобранными в результате собеседования, проводятся репетиционные занятия с 13 по 15 сентября 2016 года (по определенному графику репетиций).

II этап – Финал Конкурса, который состоится 16 сентября 2016 года (пятница) в 11-00 часов по адресу: г. Павлодар,ул. Ломова, 38,холл «Центра обслуживания молодежи». Справки по тел.: 8 (7182) 66-09-11,Бутерус Зоя Леонидовна - 87013553446.

Творческие задания семейным парам в рамках Конкурса

  • lovestory (видео-презентация с комментариями пары на сцене, об истории знакомства друг с другом, истории семьи;
  • творческий номер до 3 минут (показ на сцене);
  • домашние задание на тему «Чем богат наш семейный очаг».

Приложение №1

ЗАЯВКА

на участие в Конкурсе ко дню семьи«Ақ босаға» в 2016 году

1. Ф.И.О. (жениха/невесты; мужа/жены)

__________________________________________________________________

 

2. Возраст участников _______________________________________________

3.Род деятельности (место учебы/работы)

4. Дата создания семьи/пары__________________________________________

5.Интересные факты о Вашей паре____________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

6. Цель участия в конкурсе___________________________________________

7. Контактные сведения (телефон, адрес)_____________________________

__________________________________________________________________

8. Что является важным условием для создания счастливой семьи, по вашему мнению?___________________________ ________________________

__________________________________________________________________

9.Ваше пожелание другим семейным парам и участникам конкурса:

_______________________________________________Ф.И.О.                                                                                                          Подпись

0
0
519

Ақмола және Ульянов облыстарының өңірлік ынтымақтастығы

А.ж. 23 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыстық телеарнаның «Актуальная тема» («Өзекті мәселе») бағдарламасында «Ақмола және Ульянов облыстарының өңірлік ынтымақтастығы» тақырыбындағы телехабардың түсірілімін ұйымдастырды.

Телехабарға Департамент басшысының орынбасары Ерлаз Жайықбаев және Ульяновск облысының Губернаторы әкімшілігінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу  және мемлекеттік қызмет пен кадр мәселелері  жөніндегі заңнаманы сақтау департаментінің бас кеңесшісі, Ульяновск облысының 3 сыныпты мемлекеттік кеңесшісі – Павел Антонов қатысты.

Еске сала кетейік, Ақмола және Ульянов облыстарының арасындағы өңіраралық ынтымақтастық «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» ЖҚБ белсенді қызметінің барысында қол жеткізіліп,  2012 жылы Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.

«Актуальная тема»   телебағдарламасын келесі сілтемелер бойынша көруге болады: ( http://www.kyzmettoday.kz/2013-11-06-07-17-47/item/752-aktualnaya-tema;  https://twitter.com/anticorr03akmol; https://www.youtube.com/watch?v=oI8_puwDr5M).

 
0
0
280

«Ақ босаға» қалалық байқауы Отбасы күніне арнайы өткізіледі.

«Ақ босаға» Қалалық байқауы Отбасы күніне арнайы өткізіледі. Байқауға қатысу үшін Павлодар қаласының аумағында тұратын 29 жасқа дейінгі неке қиюды тіркеуге өтініш берген отбасылық жұп және жұптар шақырылады.

Байқауға қатысу үшін Өтінімді  «Кенжекөл жастары» ЖҚБ кеңсесіне 2016 жылдың 9  қыркүйегіне дейін мына мекен - жай бойынша тапсыру қажет:   Павлодар қаласы, Ломова көшесі, 38 үй, 1.06 кеңсе, эл. адрес: [email protected].


Байқаудың өткізілу уақыты мен орны, реті.

«Ақ босаға» Қалалық байқауы II кезеңнен тұрады:

I кезең– Қабылдау және өтінімдерді ресімдеу, белгіленген нысан бойынша (қосымша №1), "Кенжекөл жастары" ЖҚБ 9 қыркүйегіне дейін                  2016 жылғы мына мекен-жай бойынша тапсырылу қажет: Павлодар қ., Ломов көшесі 38,1.06 кеңсе, эл. адрес: [email protected].

12 қыркүйек 2016 жылы 18-00 де «Кенжекөл жастары» ЖҚБ кеңсесінде мына мекен- жай бойынша: Павлодар қ, Ломова көшесі, 38, 1.06 кеңседе, Байқаудың ұйымдастырушылары байқауға қатысуға өтінім берген  жұптармен сұхбат өткізіледі.Сұхбаттың қортындысы бойынша байқауға қатысушылардың тізімі құрылады (10 жұптан кем емес). Сұхбаттың нәтижесінде 2016 жылдың қыркүйегінде 13  мен 15  аралығында қатысушылармен бірге дайындық өткізіледі (дайындық белгіленген кесте бойынша).

II кезең– Байқаудың мәресі,  2016 жылдың 16 қыркүйегінде  (жұма) сағат11-00 де мына мекен-жай бойынша: Павлодар қ,Ломова көшесі, 38, «Жастарға қызмет көрсету орталығы» холлда өткізіледі. Анықтама телефоны: 8 (7182) 66-09-11, Бутерус Зоя Леонидовна - 87013553446.

Жұп-қатысушылар 2016 жылы облыстық байқауды ұйымдастыру бойынша отбасы Күніне орай іс-шараға қатысуға қызығушылық танытуы мүмкін.

ӨТІНІМ

1. Т.А.Ә. (күйеу жігіт/қалыңдық; күйеуі/әйелі)

________________________________________________________________

2. Қатысушылардың жасы _______________________________________________

3.Қызмет түрі (оқу орны/жұмысы)

4.Отбасы/жұп құрған күн__________________________________________

5. Сіздің жұбыңыздың қызықты оқиғасы____________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

6. Байқауға қатсу мақсаты___________________________________________

7.Байланыс мәліметтері(телефон, мекен-жай)_____________________________

________________________________________________________________

8.Сіздің ойыңызша бақытты отбасын құру  үшін қандай шарт маңызды болыптабылады?___________________________ ________________________

__________________________________________________________________

9. Басқа отбасылық жұптарға және қатысушыларға тілегіңіз:

 

_______________________________________________Т.А.Ә.                                                                                  Қолы

 
0
0
1168

«Азаматтарға арналған үкіметте» жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету оңтайландырылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруды жалғастыруда. Елді мекендерде «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және бекіту» композиттік қызметіне бірден екі қызмет: «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» және «Нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» қызметтері біріктірілді. Оңтайландыру нәтижесінде қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды және халыққа қызмет көрсету орталықтарына екі рет бару қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және бекіту композиттік қызметіне біріктіру жүзеге асырылды.

Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, бұл бағыттағы пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның құрамында ЖерҒӨО мен ЖМО-ның бірігуі арқасында мүмкін болды. Ол: «Жобаны енгізгенге дейін тек кадастрлық құнды анықтау жұмысын орындау мерзімі 10 күнді құраған, оған жергілікті атқарушы органның бекітуіне 3 жұмыс күні қосылады. Сондай-ақ азаматтарға ХҚКО-ға екі рет жүгінуге тура келетін: алдымен құнын анықтауға, одан кейін кадастрлық құнды бекітуге. Енді бұл қызмет жеңілдетілді – құнын анықтауға құжат тапсыра отырып, қызметті алушы бекітілген кадастрлық құн актісін алады. Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күніне дейін қысқартылған», - деп түсіндіре отырып, пилоттық жобаны іске қосқан сәттен бастап 1 454 қызмет көрсетілгендігін атап өтті.

Жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және оны жергілікті атқарушы органдарда бекіту композиттік қызметіне біріктірудің пилоттық жобасы мемлекеттік қызмет алуды айтарлықтай жеңілдетті. «Бұрын тұтынушыға жерге орналастыру жобасын әзірлеу үшін алдымен ЖерҒӨО-ға жүгіну және оны әзірлегеннен кейін ғана жергілікті атқарушы органда бекіту үшін ХҚКО-ға құжат тапсыру керек болатын. Енді мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгіну және жерге орналастыру жобасын әзірлеуге құжаттар тапсыру жеткілікті, бекітуге ол автоматты түрде жолданады. Бұл «Азаматтарға арналған үкіметтің» барлық фронт-офистерге қосылған «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің арқасында мүмкін болды. Пилоттық жобаның қолданылуынан бастап біз 4 мың жерге орналастыру жобаларын әзірледік және 2 мыңнан астамын бекітуге жолдадық», - деді мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары.

Пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның барлық фронт-офистерінде қолданылады және 20 тамызға дейін созылады. Пилот аяқталғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жолданады. Бірақ қазірдің өзінде пилот іс жүзінде уақытты, мерзімді, екі рет баруды қысқарту және «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының жақсарту мүмкіндігін көрсетті.

Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ директорлар кеңесінің отырысында осы жылдың 3 маусымында «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясын құру бекітілді. Жаңартылған дирекцияның алғашқы жобаларының бірі – алдымен Астана қаласы бойынша, әрі қарай өңірлерде қала құрылысы кадастрымен ықпалдастыра отырып, «Жер және жылжымайтын мүлік» бірыңғай мемлекеттік кадастрын кұру.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі

0
0
274

«Азаматтарға арналған үкіметте» бірыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгізілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында лауазымдардың бірыңғай тізілімі жасалып, еңбекақы төлеу жүйесі теңдестірілген. Бұл ұйымдастырушылық құрылымды біріздендіруге және оңтайландыруға мүмкіндік берді.

Бұған дейін, 2016 жылғы сәуірде құрылған мемлекеттік корпорацияның құрамына кірген «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК-де, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-де, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-де және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-де еңбекақы төлеудің бөлек-бөлек жүйесі және лауазымдар тізбесі болған.

«Азаматтарға арналған үкімет» Басқармасы төрағасының орынбасары Диханбай Әбеновтің айтуынша, құрылымды қайта ұйымдастыру қолданыстағы еңбекақы төлеу қоры шеңберінде жүргізілген. «Төрт мекеме біріктірілгеннен кейін біз құрылымдық бөлімшелер құрамына және әрбір бағыт аясындағы қызметтің бөлінуіне талдау жасадық. Жалақы деңгейінің тек кәсіпорындардың өзінде ғана емес, басқа өңірлерде де айырмасы болды», - деді Әбенов.

Сондай-ақ, біріздендіру аясында басшылық құрамның саны 53%-ға оңтайландырылды. Мұнда бірде бір қызметкер жұмыстан босатылған жоқ. Мемлекеттік корпорацияның барлық қызметкерлеріне олардың мамандықтарына, кәсібі мен біліктілігіне сәйкес жаңа лауазымдар ұсынылды.

Диханбай Әбенов: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін бірыңғай құрылымға біріктіріп қана қойған жоқ. Құрылымдық бөлімшелердің басшылық әкімшілік штатын оңтайландыру бізге мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықты құрайтын бюрократиялық кедергіден арылуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсетуде үлкен жүктемесі болатын қарапайым инспекторлардың жалақысын арттыруға оңтайландырылғаннан кейін босатылған қаржы бағытталады. Бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтпай ақ корпорацияның қарапайым қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді» - деп түсіндіре отырып, қатардағы қызметкерлердің айлықақысының көтерілуі  20%-ды құрайтындығын атап өтті.

Сондай-ақ еңбекақы төлеу жөніндегі жаңа ережеде қосымша еңбекақы төлеу қоры қарастырылған, мұнда жеке жұмыс нәтижесі, жүктемесі, сондай-ақ жұмыс өтілі ескеріле отырып, ынталандырушы қосымша ақылар мен әртүрлі үстемеақылар болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі

0
0
417

Қазақстандықтар үшін мүгедектігі бойынша төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді

Жаңа композиттік қызмет мүгедектікті белгілеу мен жәрдемақы тағайындау рәсімін айтарлықтай жеңілдетті. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірлесіп атқаратын жұмысы қазақстандықтар үшін мемлекеттік жәрдемақыларды алуды жеңілдетуге бағытталған.

«Бұған дейін мүгедектікті белгілеу үшін жүгінген адам алдымен медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне баратын. Осы рәсімнен кейін ғана әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін ЗТМО-ға жүгінетін еді,» - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серікқан Сабыржанов. «Енді медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне келу жеткілікті, мұнда мүгедектік белгіленгеннен кейін азамат үш мемлекеттік қызметке: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға (МӘЖ), республикалық бюджеттен төленетін мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға (АМЖ), сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-дан еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге бір өтініш бере алады. Өтініштегі банктік шоты көрсетіле отырып, ақпарат автоматты түрде зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа жіберіледі», - деп атап өтті Сабыржанов.

Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі және мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорын интеграциялау нәтижесінде өтінішті қабылдау кезінде қағаз құжат айналымы толықтай жойылды, ал жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, тұрғылықты жері бойынша тіркеуді электрондық үкімет шлюзі арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесінен алады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына ғана тиесілі екендігін естен шығармау керек.

Осылайша, жылдың басынан бері мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға  16 989 өтініш және республикалық бюджеттен төленетін мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға 17 590 өтініш қабылданған, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан еңбек ету қабілеттінен айрылу жағдайы бойынша 7 689 әлеуметтік төлем тағайындалды.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының Баспасөз қызметі

0
0
295