Ульянов облысының мемлекеттік басқару тәжірибесі
А.ж. 24 тамызда РФ Ульянов облысы делегатының сапары аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – негізгі аспектілер», «Мемлекеттік қызметті жаңғырту», «Ульянов облысының мемлекеттік басқару тәжірибесі» тақырыптарында диалог алаңдарын өткізді.
Іс-шараға Оқыту орталығының тыңдаушылары (өңірлік департаменттер мен облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері) қатысты
Диалог алаңдарыныңмақсаты – мемлекеттік қызмет институтының қоғамдағы рөлі мен миссиясын ашу. Мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісінің қалыптасу және даму кезеңі туралы баяндау және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды арттыруға бағытталған қызметтік этика нормаларын түсіндіру. Азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды іске асыратын қызметшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіру, имиджін және оларға азаматтардың сенімін нығайту.
Еске сала кетейік, Ақмола және Ульянов облыстарының арасындағы өңіраралық ынтымақтастық «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» ЖҚБ белсенді қызметінің барысында қол жеткізіліп, 2012 жылы Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.
Іс-шараға 30-дан астам адам қатысты.

