Ақмола және Ульянов облыстарының өңірлік ынтымақтастығы
А.ж. 23 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыстық телеарнаның «Актуальная тема» («Өзекті мәселе») бағдарламасында «Ақмола және Ульянов облыстарының өңірлік ынтымақтастығы» тақырыбындағы телехабардың түсірілімін ұйымдастырды.
Телехабарға Департамент басшысының орынбасары Ерлаз Жайықбаев және Ульяновск облысының Губернаторы әкімшілігінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызмет пен кадр мәселелері жөніндегі заңнаманы сақтау департаментінің бас кеңесшісі, Ульяновск облысының 3 сыныпты мемлекеттік кеңесшісі – Павел Антонов қатысты.
Еске сала кетейік, Ақмола және Ульянов облыстарының арасындағы өңіраралық ынтымақтастық «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» ЖҚБ белсенді қызметінің барысында қол жеткізіліп, 2012 жылы Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.
«Актуальная тема» телебағдарламасын келесі сілтемелер бойынша көруге болады: ( http://www.kyzmettoday.kz/2013-11-06-07-17-47/item/752-aktualnaya-tema; https://twitter.com/anticorr03akmol; https://www.youtube.com/watch?v=oI8_puwDr5M).
