Мазмұнға өту

Жаңа

Бокс Лондондағы «О2» спорткешенінде өтеді.

Ең қызықты бокс жекпе жегі Геннади Голвокин мен Келл Брукпен кездесуін 10  қыркүйектен 11 қыркүйекке қараған түні Қазспорт пен Қазақстан телеарнасы көрсетеді екен. Сондай-ақ аталған арналардың интернет сайттарынан да бұл боксты тамашалауға болады. Ал бокстың өзі Лондондағы «О2» спорткешенінде өтеді. Ол жерге 20 мың адам жиналады деп күтілуде. Айта кету керек бұған дейін де қазспорт эфирінен Генна жерлесіміздің талай боксын тамашаладық. Мысалы сәуірдегі Доминик Уэйдпен Геннадий Головкиннің жекпе-жегі, оның алдындағы Давид Лемьемен болған жекпе-жекті айтсаңызшы. Айызымды қандырған жепе-жектер болды. Айтпақшы осы кездесуде сол кезде беймезгіл уақытқа қарамай 3,5 миллион адам, ал сайт арқылы 1 миллион адам  тамашалапты. Бұл жолы да осындай қызық күтеміз.

0
0
300

Жекпе-жек 8-9 раундқа дейін созылуы мүмкін

Орта салмақтағы 3 версия бойынша әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкин  Келл Брукпен кездесуі туралы әңгімелеп беріпті. Генна бауырымыз төрешілердің ысқырығы 12 раундты соқпай тұрып қарсыласын қирататынын айтыпты. Оның сөзінше жеке бапкері Абель Санчес жаңа техника жаңа әдіспен жаттықтырған. Бұл жолы жылдамдыққа епін бермек. Яғни Геннадий Голвкин еш қиналмай қарсыласын бастапқы раунда жеңіп қалуым әбден мүмкін депті. Дегемен Келл көп қозғалып белсенділік көрсетсе, жекпе-жек 8-9 раундқа дейін созылуы мүмкін депті. Бірақ оның аяқ алысыны анықтау үшін маған бір раунд жетеді дегендей сыңай танытыпты. Гена не айтатынын білетін жігіт, айтқаны келсін дейміз.

0
0
292

Гена Келл Бруктан кейін Билли Джо Сондерспен кездескісі келеді

Гена Келл Бруктан кейін  Билли Джо Сондерспен кездескісі келеді. Жерлесіміз өз сөзінде Келді жеңген соң Джо Сондерспен кездескісі келітінін айтқан. Ол да IBF  нұсқасындағы орта салмақтағы әлем чемпионы. Осал боксер емес. Біздің боксышының промоутері  Том Леффлер  бұл боксты ұйымдастыруға кірісіп кеткен сияқты. Алдын ала жоспар бойынша 2017 жылдың басында боалды. Яғни жаңа жылдан кейін немесе ерте көктемде Гена мен Билли Джо Сондерстің жекпе-жегін көріп қалуымыз мүмкін. Тек осы бокстарды көрсететін Қазспорт пен қазақстан телеарналары аман болсын. Қалған қызықты уақытын тауып көрерміз. Тек жұмыс күніне сәйкес келіп қалмаса болғаны.

0
0
344

Генамен шықуға Келл Бруктың дәті бармайды-ау!

Генамен шықуға Келл Бруктың дәті бармайды-ау!

Британдық Келл Брук пен Геннадий Головкин 10 қыркүйек күні шаршы алаңғы шығады. Санаулы күн қалды. Бірақ Келл бауырымыз Генамен қарсыласу үшін талай қиындықтан өтуіме тура келеді деп осы бастан мойындап қойыпты. Мен негізі өмірде өз өзіме сенімсіздеу адаммын деп ағынан жарылыпты. Сол үшін маған жақындарым мен отбасымның қолдауы қажет. Бірақ бір анығы тозақтан өткендей қиналуға тура келеді, бірақ мен оған дайынмын депті. Әлсіздеу екенін мойындағанына шүкір. Айтпақшы бұл бокс 10 қыркүйек күні түнгі 23 00 де Лондонда өтеді, оны Ұлттық арна мен қазспорт көрсетеді.

0
0
382

Қап Геннамен шыққанда тағы бір қызықты көрере едік.

Шынымен қарсы келетін ешкім жоқ па?!

WBA (Super), IBO, WBC және  IBF салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес суперортасалмақтағы американдық  Андре Уордты жекпе-жекке шақырғанын айтты. Алайда американдық сабаз бас тартыпты. Ресми себеп орта салмақтағы екінші категория бойынша салмақтары сәйкес келмейді. Есесіне Уорд жартылай ауырсалмақта өнер көрсетеді екен. 19 қарашада WBO, IBF және  WBA  чемпионы ресейлік Сергей Ковалевпен кездеседі екен. Қап Геннамен шыққанда казспорттан тағы бір қызықты көрере едік. Бірақ  Геннамен қарсылас болуға кім шыдас береді дейсің?

0
0
217

Қырғыз бауырларға!

1932-33 жылдардағы ашаршылықта қырғыз ағайындар ашыққан қазақ халқына өлшеусіз көмек көрсетті.
Қырғыз бауырлардың бөліскенінің талқан-шалабының арқасында аман қалған қазақтардың арасында сол кезде 5 жасар менің анам да болды. 
Аллаға мың да бір шүкір, сол аман қалған бүлдіршін қыздың ұрпақтары бүгінде үлкен әулетке айналды..
1986 ж. Желтоқсанда көтерілген қазақ жастарына көмекке алдымен ұмтылған қырғыз жастары еді.
Қазақ халқы қырғыз бауырлардың сол жақсылықтарын мәңгі ұмытпайды.
Сол әулеттің және еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет атқарып жүрген өз шәкірттерімнің атынан бүгін қара жамылып, қайғыға батып отырған бауырлас қырғыз халқына көңіл айтамын!
Қайғыларыңызға ортақпыз бауырлар!
Қырғыз елі дамып, өсіп-өркендеп, жастары күнкөріс көзін шеттен іздемеуіне шын жүректен тілектеспін!


2
0
1556

Мақтаралда Ата заңымыздың мерекесі аталып өтті

Ел тарихында елеулі орын алған, жарқын болашаққа бастау болған Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні Мақтаралда аталып өтті. 21 жасқа толған Ата заңымыздың мерекесі қарсаңында Мақтарал ауданында жаңадан салынған 6 мектеп пайдалануға берілмекші. Бұл туралы аудан әкімі Ғалым Исмаиловтың өзі хабарлады. «Биыл еліміздің негізгі заңы – Конституциямыздың қабылданғанына 21 жыл толып отыр. Осыған орай, ауданымызда мереке кең көлемде аталып өтілуде. Ата заң меркесі аясында Мақтаралда 6 мектеп пайдалануға берілгелі жатыр. Мектептеріміз 1-қыркүйек білім күні мерекесінде алғашқы ашық сабақтарды Ата Заңымызға арнауы тиіс. Шаруа диқандарымыз бақша өнімдерін өсіріп, өнімін еліміздің түкпір өңірлеріне жеткізіп, шет елдерге экспорттауда. Енді таяу күндері мақта жинау науқаны да басталады.…

0
0
481

Мақтаралда «Тамыз кеңесі – 2016» конференциясы болып өтті

Бүгін Мақтарал ауданында «Білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асырудағы көшбасшылық және басқару» тақырыбында «Тамыз кеңесі – 2016» конференциясы болып өтті. Іс-шараға аудан әкімі Ғалым Исмаилов, Білім бөлімінің басшысы Лесхан Қойлыбаев, аудан әкімінің орынбасары Марат Абуов, аудандық мәслихаттың хатшысы Мұхтар Жалмшиев, ОҚО Білім бөлімінің бас маманы Ғалия Жүсіпова және Мақтарал ауданының білім беру ошақтарының қызметкерлері қатысты. 1-қыркүйек білім күнімен барша ұстаздарды құттықтаған аудан әкімі Ғалым Исмаилов «ұстаз» деген мамандықтың өте қадірлі де киелі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Білім бөлімінің басшысы Лесхан Қойлыбаев кең көлемде баяндама жасап, дәлме дәл аналитика арқылы аудан білімінің жағдайын цифрлармен өрнектеп берді. Конференцияның соңында білім саласында толағай табыста…

0
0
972

Мақтарал ауданында математика, орыс тілі, ағылшын тілі, бастауыш сынып мұғалімдеріне сұраныс көп – Лесхан Қойлыбаев

«Мақтарал ауданында мектеп директоры лауазымына орналасу бойынша ашық конкурсы жаңа форматта ұйымдастырылып, бүкіл облысқа онлайн режимінде көрсетілді. Конкурстық комиссия құрамымен қатар сол мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы, конкурс болып жатқан мектеп ұжымынан 20 мұғалім, БАҚ, қоғамдық ұйым өкілдері жұмыс барысына бақылау жасады. Алдағы уақытта мектеп директорларын тағайындауда ашықтықты, тазалықты қамтамасыз етуді жетілдіре түсетін боламыз. Күні кеше аудан мектептеріндегі бос жұмыс орны педагогикалық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған шарада 109 бос жұмыс орны көпшілік қауымға ұсынылды. Оның ішінде математика, орыс тілі, ағылшын тілі, бастауыш сынып мұғалімі мамандықтарына сұраныстар көптеп келіп түсті. Қазірдің өзінде осы мамандықтар бойынша маман тапшылығы сезіліп отыр» - дейді…

0
0
474