Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы сегіз айда (2016 жылғы тамыз 2015 жылғы желтоқсанға) 5,2%, азық-түлік емес тауарларына – 6,1%, ақылы қызметтерге – 4,9%-ға өсті, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитеті.
Ағымдағы жылдың басынан (2016 жылғы тамыз 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі жармаларға 31,3%, қантқа – 30,2%, шайға – 22,9%, картопқа – 19,8%, нанға – 15,9%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге – 12,1%, кондитерлік өнімдерге – 10,7%, салқындатылған сусындарға – 10,2%, макарон өнімдеріне – 9,8%, күнбағыс майына – 9,3%, жеміс және көкөніс шырындарына – 9,1%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 8,6%, құс етіне – 7,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 7,1%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге 20,6%, жұмыртқаға – 13%, шикі сүтке – 8,2%-ға тіркелді.
Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 13,9%, оқушылардың ранеці, рюкзагына – 13,3%, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына – 11,1%, жеке қолданатын тауарларға – 9%, тұрмыстық аспаптарға – 8,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 8,3%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 7,7%, автомобильдерге – 6,8%, тоқыма бұйымдарына – 6,6%, киім және аяқ киімге – 5,7%-ды құрады. Дизель отыны 15,9%, баллондағы сұйытылған газ – 13,4%-ға қымбаттады.
Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 7,8%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің – 7,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлердің – 4,7%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 4,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,5%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 30,6%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігіне – 15%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен – 8,4%-ға жоғарылады.
Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 25,3%, суық суға – 12,4%, қоқыс шығаруға – 11%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 9,2%, орталықтан жылытуға – 7,3%, электр энергиясына – 4,8%, ыстық суға – 4,4%-ға өсті.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz